1С: Бухгалтерия программасының негізгі түсініктері және оның атқаратын қызметі


С:Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру



бет12/19
Дата18.12.2021
өлшемі26,72 Kb.
#102555
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
1С-қорытынды-сұрақтар

1С:Бухгалтерия программасында талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру

Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын қарау үшін Кәсіпорын – Шоттар жоспары – Типтік шоттар жоспары мәзірін басу керек. Шоттар жоспары жазбалар тізімінен тұрады, оның әр қайсысы сипаттамалармен сипатталады:

- Бағыт белгісі;

- Код;


- Атау;

- Бағыныш;

- шот түрі ;

- шот түрі;

- Проводкада қолданылуы;

- Валюталық және сандық есеп белгілері;

- аналитикалық есепті жүргізу.

Шоттар жоспарының шоттары «Конфигуратор» немесе «1С:Кәсіпорын» бағытында енгізіледі. Бухгалтерлік есептің бірінші және екінші деңгейлі шоттары Шоттар жоспарында біркелкі көрсетіледі.

Шоттар жоспарының әрбір шоты мен аналитикалық шотының нөмірі бар.

Синтетикалық шоттың «Атауы» деректемелерде шоттың немесе синтетикалық шоттың толық атауы болады.

«Шотқа бағынышты» деректемені шот пен оған ашылған синтетикалық шот арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. «Шотқа бағынышты» жолында осы синтетикалық шот жататын шоттың сілтемесі көрсетіледі. Мысалы, синтетикалық шот ¬«1020» - «жолдағы ақша қаржылары» «1030» - «ақшалай қаржылар» шотына бағынышты.

Әрбір шотқа, синтетикалық шотқа оның балансқа қатынасы бойынша оның түрі беріледі. Шот активті, пассивті, активті – пассивті болып бөлінеді. Тізім формасында шот түрі «Акт» графасында көрсетіледі:

А - активті;

П - пассивті;

А/П - активті-пассивті.

Шот немесе синтетикалық шот келесі мінездемеде болуы мүмкін:

Баланстан тыс – конфигурация корреспонденциялық шоттың барын бақыламайды, баланстан тыс шоттар бойынша екіжақты жазу қағидасын ұстану бақыланбайды.

Валюталық – валюталық есеп жүргізу белгісі.

Сандық – сандық есепті жүргізу белгісі

Проводкаларда қолдануға шек қою – бұл жалауды орнатқанда, бағдарлама жалпы шот бойынша проводка құруға мүмкіндік бермейді.

Конфигурацияда шоттар мен синтетикалық шоттарда синтетикалықтан басқа аналитикалық шотты жүргізуге болады. Мысалы, 1300 «қорлар» шотында аналитикалық шотты сақтау орнымен номенклатура бойынша жүргізу керек.

Аналитикалық шот өңдемесі – шот белгісі ретінде көрсетілетін субконто түрі. Әрбір шот бойынша параллельді түрде субконтоның үш түрін қолданып аналитикалық жүргізіле алады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет