Типтік операцияның шаблоны дегеніміз - белгілі бір шаруашылық әрекетті рәсімдеу үшін бухгалтерлік жазуларды қалыптастыру сценарийі. Шаблон келесілерді қамтиды:
• операцияның реквизиттерін толтыру ережелері: мерзімін, номерін, сомасын және мазмұнын;
• операцияның формасында қарастырылған қосымша реквизиттерін толтыру ережелері;
• операцияға берілетін бухгалтерлік жазулардың тізімі;
• бухгалтерлік жазулардың реквизиттерін толтыру ережелері: корреспонделінетін шот, сома, субконто, саны, валюталар және валюталардың сомасы;
• бухгалтерлік жазулардың сомасын есептеу формулалары.