Шоттар Жоспары. Субконто анықтамалығының Шоттар Жоспарымен байланысы
Шоттар жоспары басты менюдің «Амалдар (Операции)» пунктінен «Шоттар жоспары (План счетов)» бөлімін тандау арқылы іске қосылады.Шоттар жоспарының әр жолы бухгалтерлік есептің нақты немесе қосалқы шоттың көрсететін кестесінен тұрады:
Код – шоттың толық коды (нөмірі);
Атауы (Наименование) – шоттың қосалқы шоттың атауы;
Вал. – валюталық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда «Вал.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;
Кол. – сандық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда «Кол.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;
Заб. – баланстан тыс шоттар белгісі;
Акт. – активтік шоттар белгісі.Нақты мәндері мынадай мәндерді қабылдайды: А – активтік, П – пассивтік, АП – активті-пассивтік;
Субконто 1,...,Субконто 10 – Субконто түрінің мәні, бағанада көртелген, берілген шоттың талдамалы есебін анықтайды.Мысалы, кестеде көрсетілгендей Субконто 1 бағанасындағы Негізгі құралдар бірінші деңгейдегі субконто түрі – «Негізгі құрал», ал Субконто 2 бағанасындағы екінші деңгейдегі субконто түрі – «Бөлімшелер» екенін, яғни осы шот бойынша талдамалы есеп жүргізілетінін білдіреді.
Егер жүйеде бірнеше шоттар қолданылатын болса, онда терезенін жоғарғы жағында шоттар жоспарының атауы көрсетілген кескін (закладка) шығады.Кесте шоттар жоспарын таңдау үшін сол кестенің бірін тандаған жеткілікті немесе басты менюдегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Шоттар жоспарын тандау (Выбрать план счетов)» командасын таңдау керек.
Шоттар жоспарымен жұмыс істеуге арналған пернелер:
Ctrl+Shift+F және Ctrl+Shift+B – шоттар жоспарына өту;
Ctrl+төменгі сызық – нақты шоттың қосалқы шотын қарап шығу немесе менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Келесі деңгей (Следуйщии уровень)» командасын танда;
Ctrl+жоғарғы сызық – кері қайту үшін немесе менюдің«Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Алдыңғы деңгей (Предыдущии уровень)» командасын таңдау.Нақты шотты іздеу үшін пернелер тақтасынан сол шоттың нөмерін таңдау жеткілікті.
Жаңа шот немесе қосалқы шот еңгізу үшін келесі амалдар орандалады:
Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
Ins пернесін басыңыз немесе
Программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жаңа (Новый)» командасын таңдаңыз.Шоттарды өзгерту үшін басты менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Өзгерту (Изменить)» командасын таңдаңыз немесе
--- шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасын --- кнопкасын немесе Shift+Enter пернелерін басыңыз.Жеке терезелерге түзету еңгізу барысында түзетуді аяқтағаннан кейін Ок кнопкасын немесе терезені басу керек.Құралдар тақтасындағы --- кнопкасы немесе Enter пенесі еңгізілген жазуды сақтайды.
Шоттар диалогта қарау үшін келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
Программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Қарау (Просмотр)» командасын таңдаңыз.
|
|