1. Есептеу принципі - өндірілген өнімді сатудан түскен табыстар, бұл өнімдерді өндіріп, дайындаған кезде емес, осы өнімдерді сатып алушыларға жеткізген кезде, есептеу принципіне сай табыс төлемі соммасына жазылады.
2. Үздіксіз принципі – бухгалтерлік есеп концепциясы бойынша кәсіпорындар өз жұмысын жылдан-жылға жалғастырып отыру мүмкіндігінен айырылып қалмауы керек. Мұндай қалыпты жағдайда үздіксіздік принципі деп аталады. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде кәсіпорын өз жұмысын жылдан – жылға тиімді атқаратындығы жөнінде түсініктеме жазуы керек.
3. Түсінікітілік принципі – қаржы есебінде көрсетілетін ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Шаруашылық қызметі жөнінде тіркелген барлық фактілер түсініктілік принципіне сай, пайдаланушыларға түсінікті және қарапайым жолдармен орындалуы керек. Бухгалтерлік есеп ақпараттары тек пайдаланушылар үшін емес, жоғары деңгейде тұратын кәсіби пайдаланушылар үшін, қаржыгерилер, банкирлер, кәсіби аудиторлар үшін де қажет.
3. Түсінікітілік принципі – қаржы есебінде көрсетілетін ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуы үшін жасалынады. Шаруашылық қызметі жөнінде тіркелген барлық фактілер түсініктілік принципіне сай, пайдаланушыларға түсінікті және қарапайым жолдармен орындалуы керек. Бухгалтерлік есеп ақпараттары тек пайдаланушылар үшін емес, жоғары деңгейде тұратын кәсіби пайдаланушылар үшін, қаржыгерилер, банкирлер, кәсіби аудиторлар үшін де қажет.
4. Маңыздылық принпципі – қаржылық есеп көрсеткіштері міндетті түрде талдынып, мұның негізінде шешім қабылданып, іске асырылатын резерв қорларының көздері белгіленіп, мұндай шаралар есеп саясатында көрсетілгені жөн
Бухгалтерлік есептің 12 принципі
Бухгалтерлік есептің 12 принципі
5. Мәнділік принципі – есеп саясаты қаржылық есептегі ақпараттар маңызын ашып көрсету үшін, мәнді жасалынуы қажет. Егер мәнділік тұрғыдан қарағанда қаржылық есеп ақпараттары дұрыс жасалынбаған немесе кейбір мәліметтер қаржылық есепке түспей қалған жағдайда, кәсіпорынның қаржылық қорытындысы мен экономикалық көрсеткіштері толыққанды талданбайды.
6. Айқындылық принципі – ақпараттар айқынды болады, егер мұнда қателер жіберілмеген жағдайда, қаржылық қорытынды есеп сапалы және аса бір дәлдікпен жасалып, жалпы қабылданған принциптерден ауытқымауы керек.
Бухгалтерлік есептің 12 принципі
7. Бейтараптық принципі – қаржылық қорытынды есеп жүйесіндегі ақпараттар сенімді жасалып, күні бұрын ойланған қателерді болдырмауды қамтамасыз етуі керек.
8. Сақтық принципі – белгілі бір нақтылы бағыт анықталмай тұрған жағдайда сақтық сақтап, басқарушылық шешім қабылдау мен бағалауды айтады. Активтер мен табыстар алды – ала артық бағаланбауы, ал міндеттер мен шығындар кем және жеткіліксіз бағаланбауы керек.
Бухгалтерлік есептің 12 принципі
9. Аяқтау принципі – айқын ақпараттар жүйесін қамтамасыз ету үшін қаржылық қорытынды есеп толығымен жасалып аяқталуы керек.
10. Салыстырмалы принципі – қаржы жөніндегі ақпараттар пайдалы және маңызды болуы үшін есепті жылдың көрсеткіштері басқада өткен жылдардың көрсеткіштерімен салыстыруы керек.
Бухгалтерлік есептің 12 принципі
11. Сабақтастық принципі – кәсіпорындарда қарастырылып, таңдап алынған есеп саясаты сабақтастық принциппен бір жылдан басқа жылдар үшін де пайдаланылады.
12. Шындық және әділдік принципі – пайдаланушылар үшін қаржы қорытындының есебі шындық және әділеттілік жолдармен жасалып, кәсіпорынның қаржы жағдайы, шаруашылық және қаржы қызметі сондай – ақ ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі мәліметтері толығымен дайындалуы керек.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП, ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Назарларыңызға рахмет!