Ақтөбе өнірдік универ
Бухгалтерлік есептің әдістері
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үдерістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға тиіс.Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
•Құжаттау;
•Түгендеу;
•Шоттар;
•Екі жақты жазу;
•Бағалау;
•Калькуляциялау;
•Бухгалтерлік баланс;
•Есеп беру.
Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:
•қаржылық есеп берудің мақсаттары;
•бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі принциптері;
•қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу.
Бухгалтерлік есептің негізін қалаушы принциптері: есептеу принципі, үздіксіз қызмет ету принципі.Кез келген ғылымның , соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципі-нің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағы-насы жағынан -бастамасы,негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттардық мәлімет-тердің қажеттілігін анықтайды.Субъектілердің қаржылық есептерінің мақсаты пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттық қажеттілігінің ерекшелігін көрсететін қаржылық есептерді талап етуге мүмкіндігі жоқ олар үшін пайдалы субъектілердің ақша қаражатының қаржылық жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қаржылық есептер субъектінің басшылығына сеніп берілген ресурстарды басқарудың нәтижелерін де көрсетеді.ҚР бухгалтрлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңының 5-бабында көрсетілген. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары:
1.Есептеу мен үздіксіздік бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері болып табылады.
Есептеу принципі.Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер,шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі.Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
2.Бухгалтерлік ақпараттың сапалық сипаттамасы.(түсініктілік,бейтараптық, тұрақтылық, толықтылық,сәйкестілік, барлап-байқаушылық және т.б.)
Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамасы
— есептеу;үздіксіздік;түсініктілікорындылық;маңыздылық;сенімділік; шынайы ұсыну; маңыздылықтың басым болуы;бейтараптылығы;мұқияттылық, ұқыптылық;толықтылығы;салыстырмалылығы; мерзімділігі.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары. Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды: кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (ақшалай қаражат пен олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент) қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналған - қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен шығару; субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға; басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Достарыңызбен бөлісу: |