Мұражай тану Заңның жалпы ережелері. Мұражайлардың рөлі. Жоспар: «Мәдениет туралы»



Дата13.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#100354
түріЛекция
Байланысты:
Оңалбай Дина.xit-20-02.Мұражайтану-14 апта


Мұражай ісіне байланысты заңнамалар

Мұражай

тану

Заңның жалпы ережелері.

Мұражайлардың рөлі.

Жоспар:

«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 6 тармағы қабылданды. Кейін 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданып,"Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі туралы" жарлық заңға енгізілді.



Мұражай жайлы зыңның жалпы ережелері

Заң туралы жалпы ережелер:

 1. «Музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) музейдің сақтау қоймасындағы музей заттары мен музей коллекцияларына (бұдан әрі – музей заттары) қол жеткізу тәртібін белгілейді.

2. Музейдің сақтау қоймасына қол жеткізу музей заттарының сақталуына жауапты музей қызметкерімен қамтамасыз етіледі (бұдан әрі – сақтаушы).

3. Сақтау қоймасына әрбір кіру сақтаушымен жүргізілетін сақтау қоймасына келу журналында белгіленеді. Сақтау қоймасына келу журналында сақтау қоймасына келушілердің мерзімі, уақыты және келу мақсаты, тегі және аты мен әкесінің атының бірінші әріптері жөнінде жазба енгізіліп, сақтаушының және келушінің қолдары қойылады.

Сақтау қоймасына келу журналы байланады, нөмірленеді және соңғы жазба енгізілгеннен кейін сақтаушының қолы қойылып, музейдің мөрімен басылады.

4. Музей қызметкерлері сақтау қоймасына тек өндірістік қажеттілікпен кіреді.

5. Музей заттарын музей аумағының шегінде сақтау қоймасынан уақытша пайдалануға тапсыру сақтаушы мен музей қызметкерлері арасында осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тапсыру актісімен ресімделеді. Музей заттарын сақтау қоймасына қабылдау осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісімен ресімделеді.

6. Жеке тұлғалар сақтау қоймасына музей сақтаушысымен берілген бір реттік рұқсат қағазымен кіре алады. Рұқсат қағазы келушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) сақтау қоймасында болған уақыты, келу мақсаты туралы мәліметті қамтыйды.

Мұражайдың рөлі

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Мұражай еліміздің көркі десекте болады. Себебі қазақ елінің тарихын айқындайтын мекеме ол мұражай. Мұражайда байырғы ата-бабаларымыздың қолданған заттарын,бағынған рухтарын,тұрмысы туралы түсінік қалыптастыратын баға жетпес қазына сақталған орын. Мұражай егемен еліміздің асыл мұрасы десем өтірік емес!

1)Әділет заңнамасы.

2)zhanija.com

3)Википедия порталы.



Әдебиет көздері:

Рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет