Пресс конференция. Әр топ мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Топтар бір мәтіннің әртүрлі бөліктерімен жұмыс жасайды. Құрастырылған сұрақтар мұғаліммен пайдаланылады:
1. сұрақтардың өзі бағаланады;
2. сұрақтар бақылау материалы ретінде қолданылады;
3. баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.
1 топ. Вирустар-тіршіліктің ең қарапайым формасы. Олар қоректенбейді, өспейді, бірақ көбейе алады, оның үстіне басқа организмдердің жасушаларында ғана. Жасушада ол тірі организм секілді әрекет етеді, көбейеді, ал оның ұрпақтары ата-анасының белгілерін алып жүреді. Жасушаның сыртында ол «минералды тіршілік» етеді, кристалға айнала алады, тіпті асыл тас та бола алады!
2 топ. Вирус неден тұрады? Әдетте ол тек екі компоненттен тұрады — ақуыз және нуклеин қышқылы. Орталық позицияны алатын нуклеин қышқылы - бұл вирустың миы, онда жаңа вирустық бөлшектерді өндіруге қажетті барлық ақпарат бар; ұрпақтарға берілетін ақпарат. Сөзбе-сөз айтқанда, ол «идеяларға толы». Ал ақуыз вирустың «терісі» және «денесі» рөлін атқарады.
3-топ.Жасушадан айырмашылығы, вирустың құрылыс материалы да, ақуыздарын синтездейтін құрал-жабдықтары да жоқ. Вирустың көбеюінің бірден-бір жолы – жасушаға шабуыл жасау, оның ішіне ену, жасушаның командалық пунктін, ядросын бақылауға алу және оған оның бағдарламасын тасымалдау. Осыдан кейін жасушаның қалыпты тіршілік әрекеті бұзылады.
4 топ. Вирустардың мөлшері 20-300 миллимикрон аралығында ауытқиды. Келесі мысалдар осы өлшемдерді визуализациялауға көмектеседі. Ұзындығы 1 сантиметрлік тізбекті құрастыру үшін 400 000 полиомиелит вирусын қатар қою керек . Диаметрі 3 сантиметрлік шарды толтыру үшін шамамен 250 000 000 миллиард тұмау вирусы қажет болады.
5 топ. Адам енді вирустардың қандай үлкен зиян келтіретінін біледі. Кейбіреулерге қарсы күресуді үйренді, басқаларға қарсы тиімді құралдарды іздейді. Ол вирустардың арасынан одақтастарды да тапты. Олар бактериофагтар – бактерия жегіштер болып шықты. Медицинада олар патогенді микробтарға қарсы тірі дәрі ретінде ғана емес, сонымен қатар тыңшы ретінде де қолданылады.
№15 тапсырма