Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері
Студенттер оқу практикасында (психологиялық қамтамасыз ету) келесі құқықтарға ие:
оқу практикасының барысында туындаған барлық мәселелер бойынша әдіскер-психологтан кеңес алуға;
оқу практикасының ұйымдастырылуын толық жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
бағыт беретін және қорытынды конференция жұмысына қатысуға.
психология пәндерінен ғылыми реферат, баяндама дайындау мақсатында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындауға;
оқу практикасының барысында жұмыстың барлық кезеңдерін көрсететін күнделіктің болуына;
оқу практикасы бойынша есеп беру құжаттарды психолог-әдіскерге уақытылы ұсынуға;
Белгілі себептермен оқу практикасының бағдарламасын орындамаған студенттер үшін институт Кеңесінің шешімі бойынша ұзартылуы немесе екінші рет практиканы өткізуіне мүмкіндік берілуі мүмкін. Студент бос уақытында екінші рет оқу практикасына жіберіледі.
Жоғары оқу орнынан жарғысында көзделген тәртіпке байланысты оқу практикасына себепсіз қатыспаған, тапсырманы дұрыс орындамаған студент немесе академиялық қарызы болған жағдайда оқу орнынан шығарылуы мүмкін.
ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
Психологиядан әдіскер бағыт беру конференциясын өткізеді. Оның негізгі мақсаты – оқу практикасы барысында жүргізілетін жұмысты өткізудің тәртібін, мазмұнын, міндеттерін анықтау.
Оқу практикасы бойынша бағыт беру конференциясы онлайн форматында жүргізіледі.
Оқу практикасының өту кестесі:
1-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 23.01. – 28.01.2023ж.
Оқу практикасының мақсаты, міндеттері, ережелері мен қойылатын талаптары туралы сипаттаңыз.
Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері.
Студент-практиканттың сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесіп жұмыс жүргізуінің сипаттамасы.
Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беру.
Достарыңызбен бөлісу: |