2. Күрделі үстеу (сложные) – кемінде екі түбірден тұрады. (состоит из двух и более корней) Мысалы: бүгін, биыл, бірталай, бірте-бірте, алдын-ала, құлан таза, жазы-қысы т.б. Тұлғасына қарай (по способу образования) 1. Негізгі үстеу – түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер. Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ-рек-ырақ-ірек және-лау-леу-дау-деу-тау-теу жұрнақтары жалғана алады. (Непроизводные наречия не делятся на корни и аффиксы. К большинству непроизводных наречий могут присоединяться вышеперечисленные суффиксы степеней сравнений прилагательных) Мысалы: әрең, сәл, ертең, бұрын, тез, жылдам-жылдамырақ т.б. 2. Туынды үстеу – түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер. (Производные наречия образуются путем присоединения к корню суффиксов или устаревших окончаний некоторых падежей - Мағынасына қарай (по значению)
- 1. Мезгіл үстеуі (наречия времени) қашан? – когда? қашаннан бері? – с каких пор? бүгін, былтыр, биыл, ертең, күндіз, әуелі, күні-түні, кешке, қысы-жазы, әлсін-әлі, анда-санда, ежелден т.б 2. Мекен үстеуі (наречия места) қайда? – куда? қайдан? – откуда? қалай қарай? ілгері, кейін, әрмен, қарай, мұнда, осында, әрі, жоғары, төмен, тысқары, артта, тұс-тұсында, одан-бұдан т.б. 3. Мөлшер үстеуі (наречия количества и меры) қанша? қаншама? қаншалықты? нешелеп? қаншалық? қаншадан? – сколько? по сколько? онша, сонша, соншама, мұншама, едәуір, анағұрлым, біраз, бірталай, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті, солғұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, сондайлық т.б.
- 4.Қимыл-сын үстеуі (наречия образа действия и времени)
- қалай? – как? қалайша? –каким образом? қайтіп? – как? әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, келе-сала, емін-еркін, лезде, қаннен-қаперсіз, дереу, жедел, шапшаң, тез т.б. 5.Күшейткіш үстеуі (усилительные наречия) қалай? – как? қандай? –какой? қайтіп? – как? әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, қанағат, өте т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |