2.3-тапсырма.
«Қазақ тілі» немесе «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасынан бірнеше оқу мақсаттарын таңдаңыз. Оқу мақсаттарына бағалау критерийін құрастырыңыз. Бағалау критерийлерін ойлау дағдысының деңгейлерімен сәйкестендіріңіз.
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар: оқу мақсаттарын таңдау үшін кез келген сыныптың «Қазақ тілі» немесе «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасынан ұзақ мерзімді жоспарлармен танысыңыз. Оқу бағдарламалары http://smk.edu.kz/, http://nao.kz сайттарында орналасқан. «Қазақ тілі» немесе «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларын жоғарыда берілген сілтеме бойынша жүктей аласыздар.
Оқу мақсаттарына сәйкес Блум таксономиясының ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша бағалау критерийлерін құрастыруда 2.1-«Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу» тақырыбына арналған өзіндік жұмыс материалдарын пайдалануға болады.
Тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындамау үшін кез келген сыныптың «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында» ұсынылған үлгілермен таныса аласыздар. Олар http://smk.edu.kz/ сайтында орналасқан. Сонымен бірге, жинақтарды жоғарыда берілген сілтеме бойынша жүктей аласыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |