2. 1Банкетке қызмет көрсету еркшелігі,қолданылатын қызмет көрсету түрі


Фуршет түсінігі.Ерекшеліктері.Үстелдер



бет8/10
Дата03.05.2020
өлшемі0,7 Mb.
#65635
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ

2.6 Фуршет түсінігі.Ерекшеліктері.Үстелдер.

Фурше́т (фр. fourchette — шанышқы) - бұл бірігіп тамақтану, яғни шақырылған қонақтар тамақтарды тұрған күйінда қабылдап, сусындар мен тамақтарды таңдап, өздеріне өздері қызмет көрсетіп және құралдар ретінде шанышқыны пайдалануды айтуға болады. Үстелдер мен орындықтар бұл іс-шарада қарастырылмайды.

Түсінігі

А-ля фуршет келесідей жағдайларда ұсынылады:

қонақтар көп, ал оларды қабылдау орны кішігірім болса;

қонақтар мен мереке иелерінің уақыттары тығыз болған жағдайда;

жиналу мақсаты - тамақ ішу емес, жай әңгімелесу болса.

Іскерлік а-ля фуршет-коктейль - әдетте конгресстер мен конференциялардағы үзілістер барысында ұйымдастырылатын, уақыты 1 сағ. белгіленген іс -шара болып табылады. Демалу мақсатындағы а-ля фуршет - 2сағ. уақытты қамтиды және әдетте конференциялардан кейін таза ауада, аулада болады.

Ерекшеліктері

1 қонаққа 18-20 қонақ ( егер фуршет даяршылармен бірге болса);

кішігірім шайнамалардың үлкен мөлшерде болуы;

ұзақтылығы 1,5-2сағ. қамтуы мүмкін;

фуршетте 4-5 рет қызмет көрсетуге болады;

залдардың бірдей аудандарында, банкетке қарағанда көп адамды қамтиды;

жиһаздарды қою барысында, үстелдердің жай (90-100 см) үстелдерден әлдеқайда биік болуы керектігін ескеру қажет. Үстел мен қабырға арасындағы арақашықтық 1,5 м. яғни, олардың арасымен оңай өтуге болатындай етіп қойылуы тиіс.

Үстелдер


Той фуршеті

Балаларға арналған фуршет

дөңгелек;

шаршы;


крест пішінді;

2 қабатты (келесі қабат 50см. аспауы керек);

3 қабатты болуы мүмкін.

Үстелдерге мальтон-асжаулықтарды жаяды. Әрине асжаулық түрі болатын іс-шараға байланысты. Үстелге "белдемше" де кигіздіруі мүмкін.

Асжаулық пен еден арасында 5 см. қалуы керек. Жабдықтау барысында, гүлдерден жасалған композиция қойылады. Бөтелкелердегі салқын сусындарды үстелдің шетіне заттаңбасын көрсетпей етіп қояды. Сусындар, минералды суларды кұмыраларға құйып қояды. Шайнамаларға арналған тәрелкелерді 6-10 талдан қояды. Дөңгелек және шаршы тәрелкелерді 45 градус шамасында қояды. Шайнамаларды қою барысында, ең алдымен өздерінің сапасын тез жоғалтпайтын және температураның ықпалынан тез бүлінбейтін тағамдарды қояды. Ең соңғы кезекте майонезбен құйылған тамақтарды, май және уылдырық қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет