Дәріс№4. Үрыста бақылау және арақашықтықты анықтау
Белгіленген секторда атыс 1000 м тереңдікте жүргізіледі.
Бақылау кезінде әсіресе кіре берістің (маңының) елеусіз жерлеріне аса назар аудару керек. Бақыланатын жерді оңнан солға, жақын жатқан заттан бастап алыстағыға қарай тексеру қажет. Тексеру мұқият жүргенде ғана қарсыластың көрініп қалу белгілерін табуға болады. Бұл белгілер: жалтырау, шу, ағаш бүтақтары мен шөптердің қозғалуы, жаңа заттардың пайда болуы, жергілікті заттардың пайда болуы, жергілікті заттардың орналасуы мен формаларындағы өзгерістер жөне т.б. Дүрбі — бөлек заттар мен жер учаске-лерін мұқият тексеріп білу үшін қажет, сонымен бірге дүрбі шынысының жылтырап, өзінің орналасқан жерін көрсетіп алу қаупінен сақтану керек.
Түнде қарсыластың орналасқан жері мен әрекеттерін дыбыстары мен жарықтан байқауға болады. Керек бағыттағы жергілікті жер ракетамен неме-се басқа да жарық көздермен жарық больш тұрса, жарық түскен учаскелерді тез қарап шығу қажет.
Ұрыс алаңында байқалған нысаналарды дереу командирге баяндап, оның орналасқан жерін дұрыс көрсету керек. Нысана ауызша баяндалады немесе жарқырағыш оқтар арқылы көрсетіледі.
Баяндау өте қысқа, түсінікті және дәл болу керек, мысалы, "тура-қалың бұта, сол жақта-пулемет", "Бағдар-екінші, екі елідей солға, бұта астында, бақылаушы". Нысананы көрсеткенде жарқырағаш оқтар арқылы нысана бағытына қарай бір-екі қысқа белгі беру керек.
Нысанаға дейінгі арақашықтық көз мөлшерімен анықталады. Осымен бір-ге нысанаға және жергілікті аттарға дейінгі арақашықтық есте жақсы қала-тын жер бөліктері арқылы, көріну дәрежесіне, нысана (заттың) көлеміне, сондай-ак осы атанған екі тәсілді бірдей қолдану арқылы анықталады.
Жердің көріну дәрежесі мен заттың (нысананың) ауқымы сиякты көрінген өлшем бойынша арақашықтығын анықтағанда көз қапері арқылы есте жаксы қалған әйтеуір бір әдеттегі арақашықтық керек, мысалы, кесіндінің (бөлім-нің) ені 100,200 немесе 300 м өзіңнен затқа (нысанаға) дейін ойша есептеу қажет. Көріну дәрежесі мен заттың көрінген көлемі бойынша арақашық-тықты анықтағанда, нысананың көлемін белгілі бір кашықтықта сол нысананың есте қалаған көлемімен салыстыру қажет.
Егер нысана арақашықтықтағы белгілі бағдар немесе жергілікті затқа жақын орналасса, онда нысанаға дейінгі арақашықтықты анықтағанда, көзбен оның бағдардан қашықтауын есепке алу ке-рек. Түнде жарық түсірілген нысанаға дейінгі қашықтық күндізгі-дей анықталады.
Егер жергілікті заттардың көлемі белгілі болса (биіктігі ені немесе ұзындығы), оған дейінгі арақашыктыкты бұрын шамасымен анықтауға болады (мыңдықтың көмегімен). Бұл үшін көрінген зат-тың бұрышын (мыңдықпен) есептеу керек. Содан соң алдын ала метріне белгіленген зат көлемін мыңға көбейту керек (тұрақты сан) және нәтижесіне мыңмен есептелген санға бөлу керек. Бұл әрекет мына формула арқылы беріледі:
D = B*1000⁄Y
В-заттың белгілі биіктігі (ұзындығы, ені), метрмен;
Y -өлшенген бұрыш шамасы мыңдықпен;
D-анықталған арақашықтык (алыстық), метрмен.
Заттың бұрыш шамасын мыңдықпен дала дүрбісі немесе басқа да бақылау құралдары арқылы анықтауға болады. Дүрбінің көзге шалынатын жерінде екі өзара қиылысқан бұрыш өлшегіш шкаласы, бұрыш өлшегіш тор сызығы болады. Шкаланың бір үлкен бөлігінің көлемі 10 мыңдыққа, ал кішісі 5 мыңдыққа сәйкес.
Дүрбінің бүрыш өлшегіш шкаласын төмендегідей пайдалануға болады. Мысалы, 50 м тең кершілес телеграф бағаналардың аракашықтығы көлденең бұрыш өлшегіш шкалалардың 4 үлкен бөлігімен жабылады (0-40 немесе 40 мыңдық). Онда оған дейінгі қашықтық мына формула арқылы анықталады:
D = B*1000⁄Y = 50*100/40 = 1250 м
Бақылау құралдары болмаса, бұрыш көлемдерін қолда бар зат-тармен өлшеуге болады (сызғыш, қарындаш, шырпы қорабы, сон-дай-ақ қол саусақтары мен алақан арқылы). Бұл үшін мыңдықтағы оньщ мәнін есте сақтау керек. Бұл заттардың бүрыш шамасы (көлемдері)көзден таса болғанда, алға созған қолмен есептегенде (50 см) мынаған тең болады:
1 мм сызғыш - 0-0,2;
дөңгелек қарындаш - 0-12;
сіріңке қорабы:
биіктігі бойынша - 0-30;
ұзындығы бойынша – 0-90;
ені бойынша – 0-60;
бас бармақ – 0-40;
сұқ саусақ – 0-30;
шынашақ - 0-20;
Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден және әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Жаяу тәртіпте орыннан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін түрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды (жергілікті жер жағдайы мен карсылас атысына байланысты). Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.
Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жаб-дықталады. Жағдайға байланысты ату үшін орын ретінде ор, оқпана, жыра, сондай-ак тас, ағаш арты не өз бетінше таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалуы да мүмкін. Атыс орнын көзге көрнекті жергілікті заттардан, сон-дай-ақ тау жоталарына таяу жерден таңдамау керек.
Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек. Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет, Егер пулемет сирағы жоғары не төмен қойылса, көздеу кезінде дүмді алға не артқа жылжытып, көтеруге не түсіруге болмайды, бұл мүмкін болмаған жағдайда шынтақ астына тіреу не шұңқыр дайындау керек.
Дәріс№5.Атыс қаруынан атудың негіздері
Алғашқы әскери дайындықты өті жатқан жастар үшін атыс дайындығы мынадй бөлімдерді қамтиды: атыс негіздері; қарудың материалдық бөлігі; атыстың тәсілдері мен ережелері; қол гранаттарын лақтыру; ұрыстағы бақылау және ара қашықтықты анықтау.
Аты негіздерінде атыс құбылыстары, сондай-ақ оқтың ауада ұщу заңдылығы зерделеніледі. Мұнда ату ережелерін меңгеру және қарсыласты ұрыста жеңіліске ұшырату мақсатында қаруды сауатты қолдана білу қажет.
Қарудың материалдық бөлігінде қарудың құрылысы мен тағайындалуы, ұрыстың қасиеті оқытылып үйретіледі. Қаруды қолдану, түрлі жағдайларда-ғы атыс негізінде қарудың кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тараудың маңызы зор.
Атыстың ережелері мен тәсілдерін оқып үйрену жергілікті жерде, ауа райы, жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген жағдайында жылжып келе жатқан, я болмаса көз алдында пайда болған немесе қозғалмайтын нысаналарды дәл ата алуға дағдыланып үйрену үшін қажет.
Қол гранаттарын лақтыруға үйрету ұрыс барысында туындаған кез келген жағдайда жақын қашықтықтағы қарулы қақтығыс кезінде түрлі мақсатына арналған.
Ұрыстағы бақылау мен ара қашықтықты анықтауда үйрету қарсыласты бақылау, нысаналарды табу, оларға дейінгі қашықтықта дәл анықтай алу, көздеу мен көздеу нүктелерін дұрыс таңдау, сондай-ақ қысқа уақыт ішінде атыс тапсырмаларын орындай білу дағдыларын
Атыс дайындығының міндеттері жеке құрамға ұрыста әр түрлі нысаналарды жою үшін штаттық, қару мен оқ-дәрілерді дайындаумен қолдану ережелерін үйрену болып табылады. Ол қарудың материалдық бөлі-гін, атудың негіздерін, әдістері мен ережелерін, қол гранаттарын лақтыру әдістері мен ережелерін, нысаналарды барлау және оларғап дейінгі қашық-ықтарды анықтау, сондай-ақ атыс жүргізу әдістерін оқып үйренуді көздейді.
Атыс дайындығы тактикалық дайындықпен ажырағыссыз байланыста жүргзіледі және тактикалық сабақтармен ұрыстың атыс жаттығуларында жетілдіріледі. Жауынгерлердің жоғарғы атыс машығының өлшемі ұрыста қарсыласты бірінші атудан жою болып табылады.
Ішкі баллистика – бұл ғылым, ату кезінде пайда болатын құбылыстарды талдаумен, ұңғы каналындағы оқтың қозғалысымен ерекше айналысады.
Ату деп оқ-дәрі заряды жонған кезде пайда болатын газдардың энергиясымен оқтың қару ұңғысының каналынан лақтырылуы айтылады. Атылу (0,001 – 0,06 с) өте қысқа уақытта өтеді. Атыс барысында төрт атыс реттілігі ажыратылады: алдын ала, бірінші, екінші, үшінші. Алдын алу кезеңі оқ дәрі зарядының жануынан, оқ қабының ұңғы жолына түсуіне дейін созылады.
Сыртқы баллистика - бұл ғылым оқ дәрілік газдардың әсері тоқталған-нан кейінгі оқтың қозғалысын талдайды.
Оқ дәрілік газдардың әсерімен канал ұңғысымен ұшқан оқ инерциямен қозғалады.
Ауада ұшу кезінде оқтың салмақ орталығы сызатын қисық сызық траектория деп аталады. Ауада ұшу кезінде оққа екі күш: салмақ күш және ауа кедергісінің күші әсер етеді.
Салмақ күші оқты лақтыру сызығынан барған сайын көбірек төмен ауытқытады, ал ауа кедергісінің күші оқтың ауадағы қозғалысын баяулатып, оны бас бөлігімен төңкеруге тырысады. Осы екі күштің әсерінен оқ лақтыру сызығымен төмен орналасқан қисық бойымен ұшады.
Оқтың тура ату сызығынан бір жағына қарай ауытқуы оның айналысы деривация деп аталады. Деривациялық себептерге, оқтың ұшу барысында айналуы (АКМ ату кезінде ұңғы каналынан шыққан оқтың айналуы секунды-на 3000 айналыс жасайды) ауа кедергісі және траектория қатысты ауырлық күшінің әсерімен төмендеуі жатады.
Оқтың траекториясын талдау үшін мынадай келесі анықтамалар қабылданған:
ұңғының қарауыл бөлігінің ортасы ұшу нүктесі деп аталады. Ұшу нүктесі траекторияның басы болып есептеледі;
ұшу нүктесі арқылы өтетін горизонтоль тегістік қарудың горизонті деп аталады;
Бағытталған қарудың ұңғы каналының осі болып саналатын тура сызық, жоғарылау сызығы деп аталады;
Жоғарылау сызығы арқылы өтетін тік жазықтық атыс жазығы деп аталады;
Жоғарылаумен және қару горизонтының арасындағы бұрыш көтерілу бұрышы деп аталады;
Қарудың бір түрі мен және сол тектес қарумен дәлдікті мұқият сақтап ату кезінде және біртектес атуларды жасағанда әрбір оқ бірқатар кездейсоқ себептерге байланысты, өзінің траекториясын жасайды, басқалармен сәйкес келмейтін өзінің траекториясын жасайды, басқалармен сәйкес келмейтін өзінің құлау нүктесіне (кездесу нүктесі) ие болып осының нәтижесінде оқтың таралуы пайда болады.
Қарудың бір түрінен және сол тектес қарумен ату барысындағы оқтың таралу құбылысы тәжірибеде бірыңғай жағдайда траекторияның таралуы немесе кәдімгі жағдайдағы оқтың таралуы деп айтылады.
Кәдімгі таралудың салдарынан пайда болған, оқтың траекториялық өзіндік жиынтығы траекторияның бауы деп аталады.
Траекториясын баудың ортасынан өтетін траектория, орта траектория деп аталады. Орта траекториянгың нысананың үстімен қиылысу нүктесі таралу ортасы, немесе орташа тию нүктесі (О.Т.Н) деп аталады.
Оқтың кездесу нүктесі орналасқан, траектория бауының қандай да бір жазықтықтан қиылысу нәтижесінде пайда болған алаң, таралу алаңы деп аталады.
Өзара перпендикуляр сызықтар, таралу орталығы арқылы өткізілген, (тию нүктесінің ортасы) оның біреуі атыс бағытымен сәйкес келетіндей болса таралу осі деп аталады.
Кездесу нүктесінен (бұзып өту) таралу осіне дейінгі қысқа аралық ауытқу деп аталады.
Оқтың таралуы туғызатын себептер:
Оқтың алғашқы жылдамдықтарының әр түрлілігі;
Лақтыру бұрыштарының әр түрлілігі және ату бағыты;
Оқтың ұшу жағдайының әртүрлілігі;
Аздаған сандағы бұзып өтуде ( 5 дейін) тигізудің орта нүктесі үзіктерді ретінен болу тәсілімен анықталады. Атыс қаруынан ату кезінде таралу биік-тік бойынша және қырына қарайғы бағытта ату қашықтығының артуымен артады.
Атыс дәлдігі тигізудің орта нүктесін нысанадағы белгіленген нүктемен және таралу аумағымен дәл сәйкестендірумен анықталады. Атыс дәлдігі қалыпты ұрысқа қаруын дәл қолданумен, қаруын және оқ-дәрісін тиянақты сақтаумен атушының өте жақсы дағдысымен қамтамасыз етіледі.
Атыс қаруынан ату барысында нысана мәніне байланысты оған дейінгі аралықта, атыс жүргізу тәсілдері, оқ-дәрі түрлері және басқа факторлармен әртүрлі нәтижелерге жетуге болады.
Қалыптасқан жағдайда атыс тапсырмасын орындаудың ең тиімді тәсілін таңдау, атыс бағасын шығарып, оның нақтылығын анықтау қажет.
Атыс нәтижесі дәрежесінен атыс та қойылған тапсырмаға сәйкестігі атыстың нақтылығы деп аталады. Берілген атыс жағдайынында нысанаға тигізу мүмкіндігінің дәрежесін көрсетуде, нақты тигізу, тигізе алмаған саны аталады. Жеке нысананы жою және алмауы – бұл берілген атыстардың барысында нысанаға бір рет тигізу мүмкіндігіне ие болу. Атыстың тығыздығы деп белгіленген шептің әр қадамына уақыт бірлігінде бөлімшелердің барлық қару түрінен атқан оғының санын айтады.
Ұрыс қаруының жылдамдығы деп, белгілі уақыт бірлігіндегі атыс санына, атыс ережесін, тәсілдерін дәл орындаған жағдайда қайта ақтауды есепке алып, корректировка жасап және атысты бір нысанадан екінші нысанаға аударуды айтады.
Автоматты қарудың техникалық жылдам атылуы деп белгілі уақыт бірлігінде қолданған қарудың үлгісі бере алатын үздіксіз оқ атудағы атыс санын айтады.
Атыс қаруынан қарсыласты жою дәрежесіне қарай қолданылуы мүмкін шаралар: атыспен жойып жіберу және атыспен нысананы бастырып тастау.
Атыспен нысананы жойып жіберу мәні зақым келтіруде ол өзінің ұрыс жүргізу қабілетін толығынан жояды. Нысананы жою нысананың зақымдалу мүмкіндігі кемінде 80% болғанда жүзеге асады.
Атыстан нысананы бастырып тастау мәні зақым келтіруде оның уақытта ұрыс жүргізу қабілетін айырады, маневр жасауын шектенді немесе тиым салады және басқаруға зиянын тигізеді. Нысананы бастырып тастау нысан-аның зақымдалу мүмкіндігі 50% болғанда жүзеге асады. Атыс бағытына байланысты атыс қаруынан атыс түрлері ажыратылады:
маңдай шепті, маңдай шептегі нысанаға бағытталған, терең нысаналарды анағұрлым нақтырақ болады;
Қапталдық, қапталдағы нысанаға бағытталған, атыстың анағұрлым нақты түрі;
Қиылысқан, көрінген кем дегенде екі бағытта жүргізіледі, егер атыс күтпеген жерден басталса анағұрлым нақтырақ болады;
Бір жерге шоғырландыру – бірнеше пулеметтердің гранотамет-тердің, автоматтардың т.б. сол сияқты бірнеше бөлімшелердің бір нысанаға бағыттап оқ атуы, атыстың мұндай түрінде қарсыласты жылдам жойып және бастырып тастауға мүмкіндік болады.
Дәріс№6. Атыс қаруы (автоматтық) құрылысы
оны пайдалану күту және сақтау
Автомат АКМ (АК-74) автоматтың атыс қаруының негізгі түрі, қарсыластың тірі күшін жоюға арналған жеке қару. Қоян-қолтық шайқаста автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Автоматтан автоматты және дара атыс жүргізіледі.
Автомат мынадай бөлшектерден және механизмдерден тұрады:
ұңғы, ұңғы қорабымен, көздеу құрылғысымен, дүмбімен;
ұңғы қорабының қақпағы;
көз поршені мен бекітпе жақтауы;
бекітпе;
қайтарма механизм;
ұңғы тапсырмасы мен газ түтігі;
соққыш-ағытқыш механизм;
шетмойын;
магазин (оқ жатар)
сүңгі-пышақ
Калашников автоматының жалпы түрі: а – ағаш дүмімен (АКМ); б – жинамалы дүмімен (АКМС)
Автомат комплектісіне жататын:
керекжарақтар;
аспабау;
оқжатарға (магазинге) арналған қалта;
автоматқа арналған орама, оқжатарға арналған қалтасымен;
Автоматтың автоматтық әрекеті канал ұңғысынан газдың поршеннің бекітпе жақтауына өтетін бытыра газының энергиясын пайдалануға негіздел-ген.
2 Атыс және кіші калибрлі қарудың негізгі сипаттамалары.
Сипаттама
|
АКМ
|
РПК
|
ПК
|
ПМ
|
ТОЗ-8
|
Ұңғы калибрі
|
7,62
|
7,62
|
7,62
|
9мм
|
5,6
|
Атудың көздеулі қашықтығы
|
400 м
|
800 м
|
|
|
|
Нақты атыс қашықтығы:
|
1000 м
|
1000 м
|
1500 м
|
50 м
|
250 м
|
Тура атыс қашықтығы:
кеуделік фигураға
|
350
|
365
|
420
|
|
|
Жүгіруші фигураға
|
525
|
540
|
640
|
|
|
Атыс қарқыны
Ату/мин
|
600
|
600
|
600
|
|
|
Шоғырланған атыс қашықтығы, м жер үстіндегі нысаналар бойынша
|
800 м
|
800 м
|
|
|
|
Ұшақтар бойынша
|
500 м
|
500 м
|
|
|
|
Оқтың қиратқыш әрекеті
үзбей атқанда
|
100 м
|
150 м
|
250м
|
|
|
Жекелей атыспен атқанда
ату/мин
|
40 м
|
50 м
|
|
30
|
1012
|
Жарақталған магазинмен қос-қандағы массасы, кг
|
3,6
|
5,6
(6,8)
|
9
|
0,810
|
3,12
|
Сүңгі пышақтың массасы, г
|
0,45
|
|
|
|
|
Магазиннің сиымдылығы,
Патрондар
|
30
|
40
(75)
|
250
|
8
|
|
Оқтың шекті ұшу алыстығы
|
3000
|
3000
|
3800
|
350
|
1600
|
Оқтың қиратқыш әрекеті
сақталатын қашықтық
|
1500
|
1500
|
1800
|
250
|
800
|
Оқтың бастапқы жылдамдығы, м,с
|
715
|
745
|
825
|
315
|
310
|
Автоматты бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін.
Толық емес – тазалау, майлау, автоматты тексеру.
Автоматтың толық бөлшектенуі, автомат қатты ластанғанда, жауында қалғанда, қарда немесе құмда жатқан жерінен алғанда, майлағанда және жөндеу кезінде жүргізіледі.
Автоамтты толық емес бөлшектеу тәртібі:
1. Магазинді алу; 2. керек – жарақпен қоса пеналды шығарып алу; 3. Сүмбіні алу. 4. Ұңғы қорабының қақпағын босатып алу; 5. Қайтарма механизмді бөліп алу; 6. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу; 7. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу; 8. Ұңғының бастырмасын газ түтігін босатып алу;
Толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастырудың тәртібі:
1.Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін қосу. 2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу;3. Бекітпесімен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосады; 4 Қайтарма механизмді қосу ; 5 Ұңғы қорабының қақпағын қосу; 6 Шүріппені ұрыстың қайтармасынан босатып сақтандырғышқа қояды; 7 Сүмбіні қосу. 8 Пеналды дүмбі ұясына салу. 9 магазинді автоматқа қасу.
Автоматты толық бөлшектеу тәртібі:
1) Автоматты толық емесе бөлшектеу; 2) Магазинді бөлшектеу; 3) Қайтарма механизмді бөлшектеу; 4) Бекітпені бөлшектеу; 5) Соққыш-ағытқыш механизмді бөлшектеу:
- жекелей ату септегішін, шүріппе баяулатқышын, ағытқыш ілмекті бөліп тастау; ажырату.
- шүріппені ажырату;
- автоағытқышты ажырату;
- ауыстырғышты ажырату;
6) құндақты ажырату;
Автоматты толық емесе бөлшектеуден кейін жинау реті.
1) құндақты қосу;
2) соққыш-ағытқыш механизмді жинау;
- ауыстырғыштіы қосу;
- автоағытқышты қосу;
- шүріппені қосу;
- ағытқыш ілмекке жекелей ату септегішін және шүріппе баяулатқышын қосу;
- ағытқыш ілмекті қосу;
3) Бекітпені жинау; 4) Қайтару механизмін жинау; 5) Магазинді жинау; 6) Одан әрі автоматты жинау толық емес бөлшектеуден кейін сияқты.
Автоматтың керек-жарағы оны бөлшектеу, жинау, тазалау және майлау үшін қызмет етеді.
Керек-жараққа жататындар: сүмбі, тазалағыш, кірпішен, бұрауыш, қаққыш, бұрама сұқпа, пенал және майсауыт.
Автоматты тазалау мынадай жағдайда жүргізіледі:
Атысқа дайындық барысында;
Ұрыстың немесе оқсыз патрондармен атқаннан кейін – бірден атыс аяқталғаннан кейін атыс алаңында; ұңғы қорабшасы, ұңғы каналы,газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтауы және бекітпесі тазаланып және майланады; автоматты түпкілікті тазалау атыстан қайтысымен келесі 3-4 күннің барысында күнде жүзеге асырылады;
Нарядтан немесе сабақтан қайтқан бойда – нарядпен атыс болмайтын сабақтардан кейін;
Ұрыстық жағдайда және ұзақ жаттығулар кезінде – ұрыс тыншыған кезде және жаттығудағы үзілістер кезінде күн сайын жүргізіледі;
Егер автомат қолданылмаса, онда ол сирек дегенде аптасына бір рет тазаланады.
Автоматты тазалағаннан кейін оны сұйық мылтық майымен майлау керек.
Дәріс№7 Қарудың материалдық бөлігі
Винтовканың ұрыстық қасиеті: калибрі — 5,6 мм; салмағы: ТОЗ-8—3,12 кг, ТОЗ-12 - 3,5 кг; оқтың бастапқы жылдамдығы - 310 м/с-ге жуық; ату жылдамдығы -минутына 10-12 рет; көздеу қашықтығы - 250 м; оқтың алысқа ұшу қашықтығы — 1200-ден 1600-ге дейін; оқтың қиратқыш күші 800 м-ге дейін.
Шағын калибрлі винтовканың негізгі бөлшектері мен механизмдері: ұңғы, темір сынасы бар ұңғы қорапшасы, ағытқыш механизм, қақпақ-тың сырт жағы (калпақша), көздеуіш (ТОЗ-8 - ашық, ТОЗ-12 – диоптри-алық)
7.1-сурет. ТОЗ-8 шағын калибрлі винтовкасы: 1 - ұңғы; 2 - қарауыл
қалқаны; 3 - көздеуіш; 4 - ұңғы қорапшасы; 5 - қалпақша; 6 -
бекітпе; 7 - бекітпенің сабы; 8 - құндақ; 9 - дүмі; 10 - құндақтың
мойны; 11 - кұндақ сағағы; 12 - жоғары қазықша (ілгегі); 13 -төменгі қазықша (ілгегі); 14 - ағытқыш доға; 15 - ағытқыш ілмек
қарауыл (ТОЗ-12 - ауысымды), бекітпе, құндақ.
ТОЗ-12 шағын калибрлі винтовкасы ТОЗ-8 винтовкасының жақсар-тылған спорттық үлгісі болып табылады.
Винтовканы бөлшектеу және жинастыру
Винтовканы бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін. Винтовканы толық бөлшектеу жөндеу немесе реттеу қажет болған жағдайда жүргізіледі. Басқа кездердің барлығында толық емес бөлшектеу жүргізіледі.
Винтовканы атысқа даярлау оның атыс кезінде тоқтаусыз әреке-тін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Оған винтовканы бөлшек-тенген күйде қарау, тазалау және оны майлау жатады.
Винтовканы жиналған түрде қарау кезінде бекітпе нөмірі ұңғы қор-апшасының нөмірімен сәйкес келуіне, қарауылдың майыспауына, қарауыл, негізіне карауыл тысының мықтап ұсталынып тұруына, камыттың кадамаға жылжымалы орналасуына және берілген тәртіпте ілмекпен нық үсталуына, көздеуіш ойығында шалыстар мен қабыршақ-тардың жоқтығына және т.б. басты назарды аудару қажет. Винтовкадан табылған ақаулар дереу жөнделуі тиіс. Ату алдында оқтық пен үңғы арасын құрғатып тазалау қажет.
Калашников автоматы мен пулеметі.
Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті
5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы (40-сурет) дербес кару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі аткыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Олар қарсыластың адам күшін жою мен атыс құралдарын құртуға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайкаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүнгі-пышақ бекітіледі. Түнгі табиғи жарық жағдайларында ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74Н автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі.
Автоматтан атыс жүргізу үшін жай (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бүзғыш-өртегіш оқтары колданылады.
Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізі-леді. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) жөне ұзақ атумен (10 атысқа дейін, пулемет-терден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын қорпаты оқжатардан жүргізіледі. Автомат пен пуле-меттің окжатарларын өзара алмастыруға болады. Атудың көздеу кашықтығы — 1000 метр. Жер үсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы: автоматта - 500 метрге дейін, пулеметте - 600 метрге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютистерге автоматтан және пулеметтен ату қашықтығы - 500 м-ге дейін.
Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғыр-ланған атыс 1000 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға - 625 м; пулеметте кеуделік фигураға - 460 м, жүгірмелі фигураға - 640 м. Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамды-ғы: автоматтан минутына кезекпен ату 100-ге дейін, пулеметтен 150-ге дейін, жекелей атқанда автоматтан 40-қа, пулеметтен 50-ге дейін.
Автоматтың сүңгі-пышақсыз жарақталған оқжатарымен қосқанда-ы салмағы: АК74-3,6 кг; АК74-5,9 кг-АКС74-3,5 кг; АКС74Н-5,8 кг. Сүңгі-пышақтың қынабымен қоса алғандағы салмағы -490г.
Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы салмағы: РПК 74-5,46 кг; РПК74Н-7,76 кг; РПКС74-5 61 кг; РПКС74Н-7,91 кг.
Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік.
Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады.
- үңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапанша сабы;
- үңғы корабының қақпағы;
- газ поршені мен бекітпе жактауы;
- бекітпе;
- қайтармалы механизм;
- ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;
- соқкы-ағытқыш механизм;
- құндақ;
- оқжатар.
Сонымен қатар, автоматта ұңғы аузындағы тежеуіш компенсаторы мен сүңгі-пышақ, ал пулеметте — жалын сөндіргіш пен сирағы болады. Автомат толымына керек-жарақ, бау жөне оқжатарды салуға арналған сөмке (окжатарда екі сөмке) кіреді.
Жиналмалы дүмі бар автомат (пулемет) толымына, сонымен қа-тар оқжатар салынатын калтасы бар автоматқа (пулеметке) арналған қапшық, ал түнгі көздеуіші бар автомат толымына түнде атуға арнал-ған көп салалы көздеуіш кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |