2. №2 зертханалық жұмыс. Шексіз қуат көзінен қоректенетін оқшауланған бейтарапты электр желісінде қос жерге тұйықталу кезіндегі өтпелі процесс



бет2/4
Дата07.10.2023
өлшемі496,85 Kb.
#183999
1   2   3   4
Байланысты:
2 зертханалық жұмыс Өтпелі процесстер
Қауіпсіздік ережелері (1), 3РЕФЕРАТ ыыыы
2.2 Зертханалық стенд сипаттамасы

№1 зертханалық жұмысты орындау үшін зертханалық стендтің келесі модульдері қолданылады:


1) Үш фазалы қуат көзі;
2) Бір фазалы қуат көзі;
3) Мультиметрлер блогы;
4) Активті жүктеме;
5) 2 Электр тарату желісінің 2 блогы;
6) Индуктивті жүктеме;
7) Коннектор;
8) Орамдары жұлдызша-жұлдызша қосылған үш фазалы трансформаторлар тобы;
9) Орамдары жұлдызша-үшбұрыш қосылған үш фазалы трансформаторлар тобы;
10) Өлшеу ток және кернеу трансформаторларының блогы;
11) Компьютер.
2.3 суретте №2 зертханалық жұмыстың электрлік қосылу сұлбасы көрсетілген.
2 кестеде №2 зертханалық жұмыста қолданылатын зертханалық стенд модульдерінің техникалық параметрлері мен белгіленуі көрсетілген.

Сурет 2.2 – Электр желісінің қосылу сұлбасы
Кесте 2 - Жабдықтар тізімі.

Белгіленуі

Атауы

Типі

Параметрлері

A1

Орамдары жұлдызша-жұлдызша қосылған үш фазалы трансформаторлар тобы

347.3

3 х 80 ВА (жұлдызша) 220, 225, 230 В / 133, 220, 225, 230, 235, 240, 245 В

А2, А3

Электр тарату желісі

313.2

400 В / 0,5 А ~

А4

Орамдары жұлдызша-үшбұрыш қосылған үш фазалы трансформаторлар тобы

347.4

3 х 80 ВА / 133, 220, 225, 230, 235, 240, 245 В / (жұлдызша) 230 В

А5

Активті жүктеме

306.5

3 х 0…30 Вт / ~ 220 В

А6

Индуктивті жүктеме

324.2

3 х 0…40 ВАр

А7

Өлшеу ток және кернеу трансформаторларының блогы

401.2

600 В ~ / 3 В ~
(кернеу тр-р)
0,3 А ~ / 3 В ~
(ток тр-р)

А8

Коннектор

330.2

8 аналог. диф. кірістер;
2 аналог. шығыстар;
8 цифр. кірістер /
шығыстар

А9

Компьютер

1431

IBM үйлесімді,
Windows XP/7/8,

монитор, тышқан, пернетақта

G1

Үш фазалы қуат көзі

201.4.1

~ 400 В; 16 А

G2

Бір фазалы қуат көзі

218.9

~ 220 В; 16 А

Р1

Мультиметрлер блогы

508.2.1

3 цифрлық
мультиметрлер




    1. Жұмыстың орындалу реті

2.3.1 Экспериментте қолданылатын құрылғылардың қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.


2.3.2 G1 қуат көзінің «TK» түйіндерін тұйықтаңыз.
2.3.3 Тәжірибеде қолданылатын құрылғылардың қорғаныс жерге тұйықтау түйіндерін " " G1 үш фазалы қуат көзінің «PE» түйініне қосыңыз.
2.3.4 Стендт модульдерін қосу сұлбасына сәйкес жинаңыз.
2.3.5 Тәжірибеде қолданылатын 220 В жүктемелік құрылғыларды арнайы кабелдер арықылы G2 қуат көзінің розеткаларына қосыңыз.
2.3.6 G1 модулін 380 В қуат көзіне қосыңыз.
2.3.7 G2 модулін 220 В қуат көзіне қосыңыз.
2.3.8 Электр желісінің келесі жұмыс режимдерін модельдңіз:
- бір фазалы жерге тұйықталу режимі үшін K1 және N нүктелерін тұйықтаңыз;
- қос жерге тұйықталу режимі үшін K1 және N, K2 және N нүктелерін тұйықтаңыз;
- желі қалыпты жұмысы режимі үшін қосымша қосылулар қажет емес.
2.3.9 A1 үш фазалы трансформатор тобының бірінші реттік және екінші реттік номиналды фазалық кернеулерін сәйкесінше 230 В және 133 В орнатыңыз. Үш фазалы A4 трансформатор тобының номиналды екінші реттік фазалық кернеуін 133 В орнатыңыз
2.3.10 A6 индуктивті жүктеменің барлық фазаларында қуатты 40 Вар-дың 100%-ын таңдаңыз.
2.3.11 A5 активті жүктеме қуатын барлық фазаларда 30 Вт-тың 20%-ын таңдаңыз.
2.3.12 А2 және А3 электр желілерінің параметрлерін келесідей орнатыңыз: R = 0 Ом, L/R = 1,2/32 Гн/Ом, C = 0,18 мкФ.
2.3.13 A9 компьютерін жұмыс жағдайына келтіріп, “Многоканальный осциллограф” бағдарламасын іске қосыңыз.
2.3.14 Қолданылатын арналарды таңдап сканерлеуге дайындаңыз. Виртуалды батырманы басу арқылы цифрлық индикатор панельін ашыңыз. Панельді сигналдардың әсерлік мәндерді жазуға дайындаңыз. Сәйкес көбейткіштерді таңдаңыз (тоқтар үшін 0,1 және кернеулер үшін 200). Тізбектің токтары мен кернеулерін өлшеу үшін P1 мультиметр блогын да пайдалануға болады.
2.3.15 Виртуалды осциллографтың қажетті арналарын сканерлеуді қосу үшін «ВКЛ» батырмасын басыңыз
2.3.16 G1 ажыратқышын қосыңыз.
2.3.17 G1 қуат көзін іске қосыңыз. Шығысында кернеу болуын жарық диодты шамдар арқылы білуге болады.
2.3.18 G2 бір фазалы қуат көзін іске қосыңыз. Шығысында кернеу болуын жарық диодты шамдар арқылы білуге болады.
2.3.19 Р1 мультиметрлер блогының «СЕТЬ» қосқышын іске қосыңыз.
2.3.20 Цифрлық индикатор арқылы токтар мен кернеулердің қалыпты мәндерін анықтаңыз. Желі режимін өзгертіңіз. Токтар мен кернеулердің қалыпты мәндерін қайта анықтаңыз.
2.3.21 Қысқа тұйықталу нүктесінің қуат көзінен орналасқан қашықтыққа тәуелділігін талдау үшін қысқа тұйықталу нүктесінің орнын және элементтер параметрлерін өзгертуге болады.
2.3.22 Тәжірибе аяқталғаннан кейін тәжірибеде қолданылатын блоктардың «СЕТЬ» ажыратқыштарын өшіріңіз, содан кейін G1 және G2 қуат көздерін өшіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет