6.Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым
7.Антикалық мәдениет (лат. antiquus ежелгі) Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.
8.Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы.
9.Антропология (грекше antropos - адам) – адам туралы ғылым.
10.Артха — адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі іс-әрекеттердің нормалары болып табылады(үндә-будда мәдениеті).