53.Микены – «Арыстандар қақпасы» табылған қала.
54.Миф - тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.
55.Миф – көне аңыз, әңгіме;
56.Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт.
57.Мумия – ішкі құрылысы алынған мәйіт, ұзақ сақталған адам денесі.
58.Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.