1 МӘдени қҰндылықтарды зерттеудің Әдіснамалық ҚАҒидаттары мәдени құндылықтар : ұғымталдау және әдіснама



Дата19.05.2023
өлшемі39,46 Kb.
#177185
Байланысты:
1 МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ
ОСОБЕННОСТИ ИДИОМАТИЧЕСКИХ ВЫРАЖЕНИЙ ХАНДЖА СОН

1 МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ

    1. Мәдени құндылықтар : ұғымталдау және әдіснама

Құндылық бұл заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым - қатынасының орнауы нәтижесі. Жалпы құндылықтар арнайы философиялық мәселе ретінде қарастырылып , сан алуан бағыттар арнасында әртүрлі әдістер арқылы әртүрлі шешімдерге келіп тоғысып жатты . «Құндылық» ұғымы үш мағынада қарастырылады. Алдымен, құндылық қатынасының нысанасы ретіндегі заттардың сыртқы сипаттамасы болса, екінші қатынастардың субъектісі болып табылатын адамның психологиялық сапасы ал үшінші адамдар арасындағы қатынаста құндылықтың жалпы мәнге ие болуы деп айта аламыз. Философияда құндылық құбылыс пен қоршаған ақиқат объектілердің адамзаттық, субъективтік, мәдени маңызымен үйлестіріліп қарастырылған. Құндылықтар мәдениет әлемі болып табылады. Адамның рухани іс - әрекет саласы мен тұлғаның адамгершілік санасы рухани байланысқан байлығының бағасы мен өлшемі. Яғни, ол тұлғаның еркін ойлауына мүмкіндік бере отырып, оның сана сезімін қалыптастыруға, жүйелеуге мүмкіндік береді . Құндылықтарды зерттейтін саланы аксиология деп атаймыз. Сондықтан құндылықтар мәселесіне философия тарихында да көптеген пікірлер білдіріліп, антика заманында өмір сүрген Сократтың өзі: " Игілік дегеніміз не ? " деген сұрақты қойған болатын. Ол кезеңде философтар құндылықтарды болмысқа барынша жақындатып, аксиология онтологиялық формаға ие болды. Сол себептен, Антика заманында өзіндік құрылымы бар болғанымен, құндылықтар туралы ілім аксиология дұрыс жолға қойылып қалыптаса қоймады. Алайда, құндылықтардың абсолютті және салыстырмалы қасиеттері туралы түсініктер ерте заманнан - ақ пікірталастар туғыза бастады. Мәселенки, Платон үшін ең жоғарғы құндылықтар абсолютті түрде өмір сүреді, ал софистер үшін өздерінің атақты "Адам барлық нәрсенің өлшемі " деген тезис арқылы барлық құндылықтардың адамдар бағалап, басты назар аударған. Аристотель құндылықтар әлемін жіктеуде адамның даналығының өлшемі - оның қандай кұнды нәрсені таба білуінде деген пікірді келтірген. Антикалык дәстүрге тән құбылыс кұндылыктарға өзіндік жіктеме берген. Мәселен, әсемдік пен сұлулық руханилықтың эстетикалық типінде көрініс берсе, жақсылық - этикалық мағынада қарастырылады. Платон өзінің ұстазы Сократ сияқты адами құндылықтарды игілік категориясынан туындатады. Этика мен эстетиканың ара жігін анықтаған, кейде бір - біріне қарсы қойған Аристотель болып табылады . Ол табиғат пен мәдениеттің кұндылықтар мен олардың мәдени формалардағы көріністерінің айырмасын айтады . Құндылыктар субъективті сипатта айшықталады деген пікірді білдіреді [ 3 ] . Жаңа платоншылдар заманында құндылықтар сипаттамасы адамдық мағыналардың үнемі өзгеріп отыруымен байланыстырылады . Бұл кезеңнің ерекшелігі мәдени формалардың әлемдік , жалпыадамзаттық мағынаға ие бола бастауында . Өйткені , бір мағыналар екінші мағыналармен қақтығысуы , бәсекелесуі арқылы жаңа мағынаның туындайтыны жаңа платоншылдарға түсінікті бола бастайды . Міне , сондықтан тарихи кезеңде мәдениеттердің ішкі мәндік құрылымдарынан жалпыадамзаттық құндылықтардың ұшқындары біліне түседі . Сонымен , мәдениеттер мен құндылықтар полифониясы алғашқы рет үйлесімді дамудың баспалдағы екендігі мойындала бастаған болатын . Сондықтан , құндылықтар бәсекелесуі құндылықтардың ымыраласуымен , бір біріне ықпал етумен қатар жүріп отыратын тарихи кезең адамның әлемді аксиологиялық тұрғыдан пайымдауына іргетас бола бастайды . Адам құндылықтар үлгісінің сан қырлы екеніне және олар қоғамды жетілдірудің қайнар көзі екеніне мән беретін кезең басталады [ 2 , 6б . ] . Немістің классикалық философиясында құндылықтар әлемі жаңа ұғымның кең таралуымен сипатталады . Бұл " еркіндік " категориясы . Еркіндік - адамның ең құдіретті құндылығы деген ұғым қалыптаса бастайды . И.Кант және Г.Гегель немістің ұлы философтардың танымдары бойынша құндылықтар ұғымына зейін қойып , талдаулар жүргізген . Мысалы , И.Кант аксиологиялық түсініктерді қалыптастыру үшін қоршаған әлемді ойша нақты және идеалды деп екіге бөлген . Адам алдына қойған мақсатына жету үшін ол факторлардың ықпалына , мәнділігіне қатысты деген ойларда болған [ 4 , 19 б ] . Канттың пайымдауынша : " Зерденің нағыз міндеті - оның ерікке ықпалында , оның кез келген адами қызығушылықтан еркін адамгершілік заңына бағындыру қабілетінде . Зерде өзінде сыртқы табиғи байланыстылыққа тәуелді емес адами дамудың жоғарғы мақсатын ұстайды . Бұндай мақсат болып индивидтің моральді тіршілігі танылады . Адамзат тарихы , ұғымдар еркіндік тарихы ретінде барлық адам баласының қозғалысының осы биік мақсатты көздеу тұрғысынан қарастырылуы тиіс " [ 5 ] . Жалпы кұндылықтардың мәнін түсініп алу қажеттілігі , мәдени құндылықтарды сараптау барысында алдымен құндылықтардың болмысын ашып алуды сұранып тұрған жеке мен жалпының катынасы болып құрылған логикалық импликациялардан бастауды қажет етеді . Құндылықтар теориясының алуан түрлі бейнелерінен біртұтас құрылым туындап , өзіне философиялық келбет қалыптасады . Сондыктан Ғылыми қолданыстағы тұжырымдардың кеңістігінен құндылык мәніне берілген негізгі түсініктемелерді саралап , оның ішінен басшылыққа алынатын бағдарымызды таңдап алуымыз керек және өзіміздің түсініктемені тиянакты ұсынуымыз кажет . Енді кұндылықтар теориясының әртүрлі типтерін кұрайтын философиялық және социологиялык концепцияларға тоқтала кетелік , Біздің зерттеу обьектіміз тұтасымен кұндылыктар мәселесіне арналмағандықтан , ғылыми ізденістер аймагында кұндылыктар теориясының әртүрлі типтерін құрайтын философиялық және социологиялык концепцияларға тоқтала кетеміз . Осы орайда , типологиялық әдісті немесе сол тәрізді типологиялық бағытты қолдануымызға болады . А.П. Огурцов бойынша көптеген 12 типология дегеніміз : « 1 ) ғылыми таным әдісі , оның негізінде объект жүйелерін бөлшектеу және типтің , яғни жинақталған , идеалды модельдердің көмегімен оларды жинақтау жатыр . 2 ) типологиялық сипаттың және салыстырудың қорытындысы » [ 6 ] . Бұл тұрғыда М. Вебер идеалды типтер әдісі деген атауға ие болған нұсқаны қолданады . Кейіннен бұл әдісті В. Дильтей және адам рухының типологиясын әзірлеген Г. Зиммель де пайдаланған болатын . « Мұндай әдіс » -деп жазады М. Вебер , « эвристикалық » болуы мүмкін , ал құбылыстардың құндылығын анықтау үшін , тіпті қажет . Идеалды тип - бұл « болжам » емес , ол болжамның қалыптасуы қай бағытта болуы тиіс екендігін ғана көрсетеді » [ 7 , с . 345-415 ] . Құндылықты болмыстан бөлу және оны зерттеу әртүрлі философиялық бағыттар ( натуралистік психологизм , трансцендентализм , персоналистік онтологизм , мәдени - тарихи релятивизм мен социологизм ) арқылы жүзеге асырылып , классикалық еуропалық философиядан тыс дамыды . Соның ішінде , неокантианттық философияда трансцендентализм бағыты үлкен қызығушылық туғызады . Құндылықты зерттеу мәдениет мәселесімен бірдей контексте қарастырылды . Табиғаттың және адамзат мәдениеті мен құндылығының маңызын саналы түсіну неокантианттық философияда айқындалды . Мұнда құндылықты зерттеу дүниетанымдық және логикалық - әдіснамалық бағытта іске асырылады . Сонымен , құндылық негізінен эмпирикалық феномен ретінде қарастырылады . Келесі бағытқа құндылык тек адамзат шындығына тиесілі феномен деген түсінікке келіп саятын концепцияларды , яғни аксиологиялық трансцендентализмді жатқызамыз . Оның негізгі өкілдері - Г.Риккерт [ 8 , c 62 ] , В.Виндельбанд , [ 9 , с 100-125 ] және т.б. Бұлар натуралистік көзқарастарға өзіндік оппозициялық танымға негізделген , жаңакантшылдардың Баден мектебінің өкілдері болып табылады . Құндылықтарды философиялық тұрғыда жан - жақты зерттеуде жаңакантшылдардың еңбегі зор , яғни олар бұл ұғымды философиялык талдаудың объектісі ретінде қарастырудың арқасында біршама философиялық пәндерге тән бытыраңқылықты тұтастыра білді . Бұл Бадендік неокантшылдар мектебінің негізгі ережесі мен ерекшелігі құндылықтарды идеалды , трансцендентті әлеммен тығыз байланысты нормалардан іздеуінде , субъектіден де , объектіден де тұратын әлем бүкіл әлем емес , оның бір бөлігі ғана деп түсінуінде . Бұл нормалардың қалыптасуы өте күрделі процесс және ол бір сәттілік кұбылыс деп есептелмейді , оның құрылымы әртүрлі рухани қатынастардың өзіндік қордалануы деп қарастырылады . Бұл құндылықтардың катарына Ақиқат , Сұлулык , Игілік , Еркiндiк сиякты рухани әлемнің құбылыстары жатады . Сонымен құндылық қоршаған ортаның нақты нәрселері емес , сананын катпарларында қалыптасатын трансцендентальді нормалардың әрқилы формасы . Г.Рикерттің пайымдауынша , күндылыктар әлеуметтік шындыкта физикалық немесе психикалык түрде болмайды , олардың мәні деректілігінде емес , маңыздылығында . Бұл жерде Г.Риккерттін көзкарасын жай ғана субъективті идеализм деп үстірт айта салуға болмайды . Себебі ол кұндылыктардын маңыздылығын жеке адамның субъективті бағалауымен шектемейді , осы деңгейде қалып қоймайды . Маңыздылықты Риккерт жалпылық ұғымдармен анықтап , оны объективті өмір сүру деңгейіне дейін көтереді . Яғни объективтілік абстарктілі түсінік емес , әрбір даралықтың өмір сүру кеңістігінде болуға тиістілік , оның мәнімен байланысты шама қалып , құбылыс деп түсініледі . Бұл құндылықтарды негізінен рухани құндылықтар деңгейінде қарастыру деген сөз . Генрих Риккерт тарихта мәнді таңдауды анықтағандықтан құндылықтарды жалпы ортақ мәдени құндылықтар ( Kulturwerte ) деп атауға да болады дейді . Оның өзінің мәдени мұраттары оның материалдарды өңдеуінде шешуші мәнге ие болмауы керек , оған құндылыққа таза теориялық қатыстың көмегімен мәндіні мәнсізден айыру үшін , өзінің бейнелеп отырған адамдар мен халықтардың жалпы ортақ мәдени құндылықтарын түсіну ғана керек [ 10 , 53 6 ] . Жаңакантшыл Э.Кассирердің пікірінше , әркімнің жеке арманы , тілек талабы , фантазиясы дараланған күйде өмір кешкен жағдайда мәдениеттің пәрменді дамуына елеулі үлес қосылмайды . Ғылым , өнер , тіл және мәдениет , жалпы алғанда рухани дүние " тұтастанған ғаламды " құрамай , социумда өзіндік ортақ мақсат қойылмай адами рухани тұрғыда тек ойнаумен , өзін - өзі алдарқатумен айналысады [ 11 ] . Құбылыстардың мәнін дөп басып , олардың көп қырлы қасиеттерін әлемдік қатынастардан екшелеп шығарып , айрықша сипаттамалар беру оңай шаруа емес . Барлық ғылымдар рациональдық тұрғыдан құбылыстардың әртүрлі қасиеттерін ашуға тырысады . Ал философия рухани дүниенің ерекше саласы ретінде , осы бағыттың өкілдерінің пайымдауынша , құндылықтардың сипатын ашуға жақынырақ тұрады [ 12 , 55 б ] . Құндылықты трансцендентті феномен ретінде пайымдасақ бұл бағытта персоналистiк онтологизмдi үшінші типке жатқызуға болады . Бұл бағыттың өкілі М.Шелер [ 13 ] . Басты ерекшелігі - құндылықтар дүниесінде өзіндік иерархия бар деп есептеуінде . М. Шелер әрі қарай құндылықтар мен құндылықтар көрініс табатын құндылық иелерін бөліп көрсетеді . Ол әртүрлі заттар , игілік және т.б. бола алады , оның ішінде тұлғалар ерекше орынды иеленеді . Шелер құндылықтарды бөледі , оның пікірінше , классификация қатаң иерархияға бөлінген : жоғарғы және төменгі кұндылықтар бар : « Қандай да бір құндылықтың баскасына қарағанда анағұрлым жоғары болуы құндылықтарды танудың ерекше актiсiнде жүзеге асады , бұл « қалау » деп аталады » [ 14 , 305 б ] . Шелердің пікірінше , қалауға карама - қарсы акт немқұрайлылык . құндылықтар иерархиясы логикалык тұрғыдан дедукцияланбайды , адамның қалауы - немқұрайлылық актілерінде қандай да бір құндылықтың мәртебесін кайтадан анықтауы тиіс . Бұдан біздің байқағанымыз , М. Шелер кұндылыктар болмысын айқындауда , өзі атап көрсетпесе де , тек этикалық тұрғыны негізге ала отырып , эстетикалық талғам мен танымды басты парадигма ретінде тандап алғандығын , демек , баскаша құндылықтарды тыс қалдырғандығын және оларды баскаша бағалау жүйесін карастырмағандығын бағамдай аламыз . Мәдени - тарихи релятивизм концепциясы бағыттың өкілдері - Дильтей [ 15 ] . Шпенглер [ 16 ) , Тойнби [ 17 ] және т.б. Олар аксиологиялык плюрализм идеясын ұсынады , яғни әр кұбылыстың көпжакты кұндылығы болу мүмкіндігіне токталады . Бұл концепцияның ерекшелігі ол бір ғана « шынайы » кұндылыктык жүйесінің шеңберінде шектеліп қалмауында , әрбір мәдени - тарихи кезеңде басымдық танытатын құндылықтар жүйесі мен құндылықтар бағдары болатындығын мойындауда . Тағы бір айта кететін жағдай Дильтейден кейін мәдениеттің құндылықтық мағынасын интуитивтік тұрғыдан талдау жасау кең тарай бастады . Сөйтіп , бұл бағыт әлеуметтік философия мен әлеуметтік психологияның түйіскен жерінен өз тұжырымдарын қалыптастыра түсті . Құндылықтар концепциясының негізін әлеуметтану ғылымында жасаған М.Вебер болып табылады. Ол жаңакантшылдармен келісе отырып, олардың құндылықтық нормаларын әлеуметтік іс - қимыл мен әлеуметтік білімді тұжырымдауға қолданады. Сөйтіп, социологияда алғашқы рет құндылықтар мәселесі күн тәртібіне қойылады . Құндылық әлеуметтік субъектіге қажеттілігі бар , маңыздылығы айқындалған норма деп алынады . Ол әлеуметтік әрекеттер мен әлеуметтік білімді норма ретіндегі құндылықтар деп қарады . Аксиологиялық теорияларға сүйене отырып , адамдардың құндылық қатынастарының қайталанып отыратын кластарын қарастырады ( 18 , 223 6 ] . Ғалымдар арасында құндылықтар әлемінің өзгеріп отыруы мәселесі кең көлемде зерттеліп , ағылшын ғалымы Р.Уильямс құндылықтың өзгеру типологиясын қалыптастырды : - Құндылықтардың жасалынуы - тәжірибені кең ауқымда жүргізілуіне байланысты бағалаудың жаңа түрлерін , критерийлерін жасау және оны іс - қимылды , мінез құлықты реттеп отыру үшін қолдану . - Құндылықтар деструкциясы - әлеуметтік өзгерістерге байланысты белгілі бір құндылықтардың жойылып , жоғалып кетуі . - Құндылықтардың күшеюі - керісінше , құндылықтардың әлеуметтік ортада жаңа беделдерге ие болып , ауқымын кеңейтіп , жаңа обьектілерді қамтуы . - Құндылықтарды қолдану - қоғамда бұл құбылысты рационалды түрде қолдану , оның рәміздік деңгейін реттеп отыру . - Құндылықтық қатынастарды нақтылау яғни құндылықтардың әрекет ету ауқымын анықтау . - Құндылықтарды шектеу - басқа бір маңыздылығы бар құндылықтарды қолдану арқылы әр кұбылыстың мөлшерші әсер ету ауқымын қалыптастыру . Құндылықтар экспалификациясы , бұл кұндылықтардың жасырын күйге жарыққа шығып , белгілі бір формаларға , пішімдерге ие болуы . - Құндылықтар келісімі , яғни құндылықтар аралык шиелiнiстерді максатында әрбір құндылықтың басымдылығын анықтап , жүйедегі орнын белгілеу аркылы үйлесімділікке қол жеткізу . және абсолюттеу - белгілі бір - Құндылықтарды интенсификациялау құндылықтардың адамдардың өмірлік бағдарларында шешуші рол аткарушы күшке айналуы , көп адамдар үшін маңыздылығының артуы [ 19 ] . Құндылықтарға адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру кұралдары ретінде қарау көзқарасы міндетті түрде қажеттіліктер теориясына көз жүгіртуді талап етеді . Қазіргі заманғы кажеттіліктер теориясының аса перспективті бағыты Э. Фромм мен А.Маслоу сынды әйгілі өкілдердің еңбектеріне негізделген гуманисттік психология болып табылады , А. Маслоудың пікірінше , адам кажеттіліктерінің бәрін атап өту және жүйелендіру мүмкін емес . Тек айқындалған және дербес сипаттағы шешу ең қажеттіліктерді ғана атап өту мүмкін болады . Осындай әдіспен анықталған қажеттіліктердің ішінен тұлға құрылымының негізін қалаушы қажеттілікті ерекше атап өту керек . Ол адам өмірінің мәнділікке және тұлғалық құндылықтарға қарай бағытталу қажеттілігі . Бұл адам тұлғасының бойында бар қажеттіліктердің жүйесін құрайтын негіз . Сондай - ақ , Э. Фромм адамға туа салысымен тән объективті қажеттіліктер мен ықыластар , эмоциялар , ұмтылыстар , сезімдер сынды субъективті қажеттіліктер арасында айтарлықтай айырмашылықтың бар екендігін айтады . Бұл қажеттіліктер бір жағынан әлеуметтік үрдіс нәтижесінде , екінші жағынан адам тұлғасының қалыптасу барысында туындайды . Қажеттіліктерді қанағаттандыруға деген осындай қатынасты А.Маслоу индивид пен қоғамның жетілмегендігі деп біледі . Сөйтіп , қажеттілікті қанағаттандыру құралының өзі алғашында индивидтың санасында құндылықпен теңестірілмейді . Теңестірілу тәжірибе негізіндегі пайымдаудың нәтижесі болып табылады . Адамның санасында маңыздылық объективті тұрғыдан өткінші , тұрақты құбылыс ретінде пайымдалған кезде теңестірілу туындайды . А. Маслоу : « адам өз дамуының арғы межелеріне қол жеткізіп , өмірінің жақсы кезеңі орын алған тұста өзінің қандай екендігін аңғарып , пайымдау арқылы өз әлеуетін жақсартқан кезде ғана бақытқа , рухани жан тыныштығы мен үйлесімділікке қол жеткізілетіндігін мойындайды , сонда ғана ненің жақсы және ненің жаман , ненің дұрыс , ненің бұрыс , ненің пайдалы , ненің зиянды екендігін түсіне алады » [ 20 , 79 б ] . Қазақстандық философтар құндылықтар мәселесіне еліміздің тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап терең мән бере бастады . Көптеген еңбектерде құндылық мәселесі қарастырыла бастады . Посткеңестік қазақстандық философияда К.А. Абишев пен А.К. Абишева кұндылықтар мәселесіне айтарлықтай назар аударған . Олардың ұстанымдары көп жағынан ұксас . К.А. Абишев Ф. Ницшенің құндылықтар мәселесін зерттеуге қосқан үлесін жоғары бағалайды : « оның құндылықтар деп атаған негізгі маңызды көрсеткіштерін толығымен сенімді деп санауға болады , жалпы ол әділ айтқан » [ 21 , с 207 ] , К.А. Абишевтің өзі құндылықтың арнайы анықтамасын тікелей ұсынбаса да , мынадай жанама анықтамалар береді : « құндылық деп әлемдегі адам болмысының белгілі бір тәсілін немесе адамның әлемге деген қатынасының белгілі бір тәсілін атауға болады » [ 21 , с . 208 ] . А.К. Абишева да осыған ұқсас пайымдама жасайды : « Құндылықтарды идеямен көрсетуге , логикалық тұрғыдан негіздеуге , оның мазмұнынан туындайтын барлық салдарын дамытуға болады , бірақ олардың өздері идеяның мәні емес , ал оны өмірдің , өмір салтының немесе адам болмысының әлемдегі белгілі бір тәсілі ретінде сипаттауға болатындығы - бұл әлемге қатысты тәсіл » [ 22 , с 141 ] . Бірақ ол да кұндылықтарға арнайы анықтама бермегенмен , оның қолданылу аясын анықтайды : « Дәуірдің идеясы , қандай да бір мәдениеттің рухы , халықтың рухы деген атауларға немесе тағы да баскаша атауларға « құндылық » терминін қолдану анағұрлым үйлесімді » . Бірақ бұл аныктама емес , небәрі жанама сипаттама . Екі автордың да кұндылык туралы пікірлері адамның ішкі рухани әлемінің өзегін » құрайды және мәдениеттің « мәндік орталығы » , адамдардын тандаған накты кұндылыктары адамдардың барлык карым катынастарын , әрекеттерін « тізіп көрсетеді » . уәждеме үрдісіне және мақсатты болжауға ұласады дегенге келіп саяды . Бұл авторлардың құндылық мәнін талқылау нәтижесінің ең құнды тұжырымы біздіңше , құндылықты адамның әлемге деген қатынасының ерекше тәсілі ретінде анықтауы болып табылады . Ал , енді " Құндылық " ұғымының аксиологияда негізгі объект бола отырып әр түрлі мағынада түсініктеме алуының түптамыры құндылықтық жүйеге байланысты философиялық көзқарастардың алуандығында . Әсіресе , төмендегі жіктемелер позициялар айырмашылығына әсер етеді : 1 ) субъектінің бағалау іс - әрекетін байланысты сипаттама деп түсінудің орнына құндылықтарды мәдени кеңістіктегі объективті өмір сүретін феномендермен сәйкестендіру ; 2 ) субъектіге маңызды және қажеттігін қанағаттандыратын нәрселерді байыптаудың орнына құндылықтар ретінде абстрактілі мәндерді мойындау; 3 ) құндылықтардың жеке нақтылықтан жоғары түрде өмір сүретіндігіне қарсы болып, оны субъектінің жеке нақтылығына маңыздылығына ғана жатқызу [ 23 ] . Жалпы Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бастап өмірде орын алған алуан өзгерістер қоғам алдына түрлі күрделі мәселелерді қойды . Мәдени құндылықтарының маңызы қазіргі таңда ерекше сипат алып , ұлтты мүлдем жойылып кетуден сақтайтын құбылысқа айналды . Қазіргі жаһандану жағдайында ақпараттық күрес ашық түрде күш алуда . Бұл жағдайда мәдени құндылықтарын жоғалтпаған мемлекет кана , әлемде өзінің мәдени құндылықтары арқылы ұлттық болмысын , ұлттық мемлекеттілігін сипаттайтын нақыштарды сақтап қала алады . Бұл тұрғыда қазіргі мәдени құндылықтарды жинақтау , оларды жаңғырту , сақтау , насихаттау үлкен өзектілікке ие болып отырған күрделі мәселе . Бұл мәселе арнаулы мәдениеттанулық талдауды қажет етеді . Демек , еліміздің мәдени - өркениеттік даму аясындағы жетістіктерін , осы жетістіктерге негізделген мәдени құндылықтарды семиотикалық сараптау арқылы тақырыбымыздың өзектілігін аша түсеміз . Бiрак , мәдени құндылықтардың қазіргі кезеңдегі табиғатына , мәніне , қызметіне арналған тұтастанған еңбектер әзір жарыққа шықпаса да , қазіргі таңда мәдени құндылық туралы ғылыми көзқарастар мен қызығушылык басылған емес , қайта мәдени құндылық мәселелерін ғылыми ізденістің объектісі ретінде зерттеу дәстүрлері қарқындауда . Дегенмен қоғамның ең негізгі субъектісі - адам болғандықтан , оның мәдени өміріндегі қалыптасу процестері маңызды мәселе болып қала бермек және оған әлеуметтік философиялық тұрғыдан сұрыптаулар . тұжырымдар жасау өмір қажеттілігі Шын мәнінде , құндылык саласындағы барлык идеялар адамдардың іс әрекеттерінің нысандары мен құралдары бола отырып , олардың қандай да бір катынастарын , соның ішінде мәдени катынастарды реттейтін қызметтерді орындайды . Осы тұста үйлестіруші ретіндегі кұндылык болып табылатын мәдениеттің ерекшелігі бар . Мәдениет адамның өз қажеттіліктерін канағаттандыруға бағытталған еңбегі нәтижесінде пайда болған материалдык . әлеуметтік , саяси және рухани құндылықтарды біріктіреді . Мәдениет пайда болған кұндылыктардын тек жиынтығы гана емес , сонымен қатар құндылықтарды қалыптастыру және игеру тәсілі , яғни адамның рухани және материалдық салада өз шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру тәсілі . Мәдени құндылық ұғымы құндылық түсінігін мүлде төмендетпейді , ол субьектінің мәдени іс - әрекетінің әртүрлі формаларында оның семантикалық мазмұнын объективтендіруді және осы арқылы тиісті мәдени формаға құндылық беруді , оны артефактке , игілікке айналуды қамтиды . Мәдени құндылықты мәдениеттің дамуымен қалыптасқан , адами маңызды және гуманистік тұрғыдан адекватты мағына ретінде анықтауға болады , ол конструктивті , ал экстремалды мағынада - субъектінің тұлғасын шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру саласындағы тиісті перспективаны құрайды . Мәдени құндылық оның идеалды нақты тұтастығымен сипатталады , яғни оның компоненттерінің идеалды мағынасы және нақты артефактілердің әлеуметтік - мәдени объективті тұтастығы . Мәдени құндылықтың шынайы табиғаты белгілі бір мағынаны немесе семантеманы , мәдениетке тән белгiлiк - рәміздік жүйеде көрсетілген және артефакт ретінде әрекет ететін және адам мен қоғамның қажеттіліктеріне байланысты объективті игілікті қамтиды . Сонымен , мәдениет дегеніміз адамнан айырылмайтын құндылықтар әлемінің шындығы [ 24 , с 18 ] . Әр мәдениет өзіне тән құндылықтар жүйесінен тұрады . Құндылық адами мәдениет көрсеткіші , мәдениеттің адам болмысындағы әртүрлі формаларына көзқарасын танытушы . Кең мағынада , құндылық - мәдениеттің құрамдас бөлігі . Ол адамның рухани қызмет аясы , оның санасының дұрыстығын айғақтаушы , адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті . Құндылық адамдандырылған дүниенің бастаулары : нәрселердің , заттардың , құбылыстардың тұлғалық - әлеуметтік өлшемдері , бағалану деңгейлері . Мәдениет аркылы құндылық адамдық болмыстың бір тірегіне айналады . Өзімен - өзі бейтарап нәрселер мәдениет өрісіне енгеннен кейін , пайдалы бола бастайды . Әр заманның , адами болмыстың осындай өлшемдері құндылық пен дүниетанымға деген көзқарасты қалыптастырды , өмір мен өнерге деген түсініктерді іріктеуге ұйыткылык етті . Жалпы ғалымдардың ойлары осындай тұжырымға тіреледі . Мәдениеттануда құндылықтар адам баласы жасаған барлық құндылықтардың жиынтығы деген түсінік қалыптасқан . Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады . Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары , яғни белгілі кұрметтелетін қасиеттер , құбылыстар жүйесі болды . Осы рухани абсолюттер ауысқан уакытта баска дәуір басталады . Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі . Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды . Құндылыктар шындықты реттейді , оған маңыз береді . Адам өмірінің мәні кұндылыктар жүйесінің тұлғалық интеграциясы . Құндылык дегеніміз адам кажеттілігінің бейнесі . Ол зат немесе идея болуы мүмкін . Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдык деп екіге бөлінеді . Материалдык кұндылыктар - еңбек құралдары мен діни . тікелей тұтынатын заттар . Рухани құндылыктар - философиялык , эстетикалык , моральдык , кұкыктык . саяси , идеялар . Барлык кұндылыктар қоғамдық өндірістің нәтижелері . Кез келген кұндылыктын екі сипаты функциональды маңызы және тұлғалық мәні бар . Материалдық мәдениеттің шындык өмірдегі күнделікті тұрмыстағы заттармен тығыз байланысты каралатыны белгілі . Заттын бірдей семиотикалык 18 жататын бағалы еместігін түсінудің жағдайларының бірі болып осы уақытқа дейін этнографияда « материалды » және « рухани мәдениет деген салалар арасында бөліну саналады . Бір заттардың материалдық мәдени аумағына енуі , ал басқа рухани мәдениет саласына қосылу дерегі , оларға түрлі семиотикалық мәртебе берілетінін көрсетеді . « Материалдық мәдениет саласына жататын заттар семиотикалық мәртебесі төмендегенімен бағаланса , ал рухани мәдениетке жататын заттарда семиотикалық мәртебесі жоғары өнімдердің рухани мәдениеттің көрінісі екендігін , рухани , материалдық мәдениет деп бөлу шартты екендігін білдіреді , олардың бір - бірімен тығыз байланыстылығын айқындайды [ 25 , с 2 ] . Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады . Саяси , құқықтық , этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін , бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды . Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді . Барлық идеялардың материалдық болмысы бар . Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды , олар адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды реттейді . Осы орайда өмір сүруді қамтамасыз ететін , мәдениетке дүниелердің мәдениетке қатысы адамдардың тек өмір сүруі үшін қажет мұқтаждықтарын ғана қанағаттандырып қоймай , сонымен бірге олардан жоғары тұратын социогендік символикалық және эстетикалық қажеттіліктерінде өтейді деген қазақ тілдерінің заттық мәдениетін зерттеген ғалым Ж.А.Манкеева пікірін қуаттай түскіміз келеді [ 26 , 30 б ] . Қуанышбаева Жазираның айтуынша , мәдениетте үш түрлі құндылықтар қалыптасқан : құндылықтар - идеалдар , құндылықтар идеалдармен өзара әрекет ету барысында айқындалған құндылықтар - заттардың қасиеттері , құндылықты қасиеттерге ие құндылықтар - заттар . Ал мәдени құндылықты ұстанушы тұрғысынан қарастырар болсақ , оларды жеке дара , топтық немесе ұжымдық , жалпыхалықтық және жалпыадамзаттық деп бөлуге болады . Тұлғалық немесе жеке - дара құндылықтар - жеке адам үшін заттың , құбылыстың , идеяның маңызының кұнды болуы . [ 27. 16 б ] . Белгілі ғалым Серік Нұрмұратовтың айтуынша мәдениет пен руханият саласындағы маңызды құбылыстардың қатарына құндылықтар мәселесі жатады . Құндылықтардың табиғатын зерттей отырып оның тарихи субъектіге қатысты мәндік сипатын анықтау арқылы қоғамның даму бағытын , оның болашағын бағамдауға болады . Кез келген қоғам өзінің тарихи болмысында , тарихи даму эволюциясында ерекше құндылықтар жүйесін қалыптастырады және оны барынша дамытып отырады . Мағыналық мазмұны бойынша гуманистік емес , әлеуметтегі үйлесімділікті бұзатын агрессиялық мағынадағы құндылықтарға басымдық берген қоғам түбінде өзінің саяси - әлеуметтік дүниесін , мәдениеті мен экономикасын белгілі бір қайшылықтарға , қиындыктарга алып барады , өзінің болашағына балта шабады , деградацияға жол береді . Құндылыктык үйлесімсіздіктен жалпы коғамның ішкі дамуында тежелулер басталып , әр түрлі салада дағдарыстар белең алатыны анық . Сөйтіп , кауымдастықтың өркениеттілік жолына түсуіне мүмкіндіктер шектеледі . Демек , кұндылыктар - әлеуметтік кеңістіктегі кейбір объектінін , кұбылыстын . үдерістің яғни 19көрінісі ретінде адам , топ және қоғам үшін стратегиялық маңыздылығы бар әлем . Құндылықтар өзінің шынайы мағынасында адамдардың түбегейлі мүддесіне сәйкес келіп , оның рухани кемелденуі үшін идеал , эталон , іргетас , бағдар қызметін атқарады . Сондықтан іргелі құндылықтар өздерінің қоғамдық саяси , рухани - адамгершілік жағымды қызметін ұлттың дамуында атқарады [ 28 , 87 6 ] . Б.А.Тұрғынбаеваның көзқарасы бойынша , құндылықтар әлемі - мәдениет әлемі , адамның әрекетінің , тұлғаның рухани байлығының өлшемін білдіретін , оның адамгершілік санасының басымдылықтарының саласы . Құндылықтар дүниетаным ықпалымен қалыптасады , өйткені адам әрқашан әлеуметтік тәжірибе барысында әр алуан көзқарастарды біріктіруге ұмтылады делінген [ 29 ] . Біз мәдени құндылықтық бағдарлардың қайта бағаланып жатқан өзгерістер дәуірінде өмір сүріп отырмыз . Мәдени құндылықтар адамға қоршаған шындықты тануға мүмкіндік беретін мағыналар жүйесін толығымен қайта құрастырып отырады . Заттар мен құбылыстар сипаттамаларды табиғаттағы , қоғамдағы , адамдағы үрдістер бүтіндігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет . Адамның өз өмірлік әлеміне деген қатынасын өзіне - өзі тиесілігі мен өзіндік мәртебесін құндылықтық құрылым анықтайды . Құндылықтық өлшемдер тұлғалық , топтық , этностық , әлеуметтік ауқымда шектелініп , оқшауланатын болса , онда руханилық құбылыстардың белең алмағаны , әлеуметтік субъектілердің зерделiк табиғи деңгейде шыға алмағаны болып табылады . Ал субъектінің руханилық деңгейде көтерілуі оның тек жеке басына әсер етіп қана қоймайды , ол рухани құндылықтардың қоғамда басым болуына ықпал етеді . Мәдени құндылықтар концептінің қалыптасуына құндылықтар жүйесі , салт - дәстүрлер , халық шығармашылығы , өнері , сезімдік және өмірлік тәжірибесі сияқты қарапайым философияның бірқатар факторлары әсер етеді . Сонымен қатар концептілер « адам мен ғаламның аралығын жалғайтын өз алдына бір мәдени қабат » құрады . Мән ретінде құндылык конструктивті объективтендіруді болжайтын семантикалық әлеуетке ие , өйткені адам « құндылык » мәніне ие емес , ол үшін мәдени құндылық бар , яғни оның әлемде өмір сүруінің әлеуметтік - мәдени ортасын құру мен дамытудың негізі мен бастауы ретінде қызмет ететін құндылык , сонымен қатар адамның мәдени дамудың объективті мәні ретінде субьект ретінде өзін - өзі дамытуы . Маңызды мәдени құндылық мәдени кодка сәйкес келетін тиісті әлеуметтік - мәдени ортада орналасқан құндылықтардың үш негізгі семантикалық кабатын қамтиды : 1 ) жалпыланған дүниетанымдар мен магыналык - өмірлік идеялар кабаты ; 2 ) семантикалык координаталардың бірыңғай жүйесін анықтайтын доминантты мәнмен ұсынылатын мәдени кодтың контекстінде куәландырылған жарамды нақты мәндер кабаты : 3 ) объективті катынастарға сәйкес келетін және әлеуметтік байланыстардың нормативтік қағидаттары ретінде әрекет ететін әлеуметтік кұндылықтардың кабаты . Мәдениеттің кеңістігінде кұндылыктар формада және сапада пайда болады : рухани объективтілік , материалдык объективтілік объективті катынастардың әлеуметтік объективтілігі . Шындығында , мәдени кеңістік және және әлемдегі адам өмірінің кеңейтілген анықталған және ұйымдасқан әлеуметтік мәдени ортасы ретінде мәдени кодпен рұқсат етілген оның құндылықтары жүйесінің обьектісі болып табылады . Мәдени құндылықтар семантемалар - бұл мәдениеттің хронотопымен байланысты адам өмірінің әлеуметтік - мәдени ортасына қатысы бар объектілер мен шындық объектілері мен мәдени кодтармен жаңартылатын , олардың құндылықтарын « асырып салу » арқылы қалыптасатын дүниетанымның тұрақты психикалық бейнелері . Мәдениеттің хронотопында құндылықтар - бұл мағыналық , тиісті бағдар мен белсенділікке ықпал ететін семантикалық диспозициялар . Дүниені игеру кезінде адам пәні мәдени кодқа тән құндылықтарға ( семантикалық ) « мағыналар торына » тән объектілер мен шындықты қамтиды , олар мәдениетке енеді және оның бөлінбес бөлігі болады . Осылайша , мәдени құндылықтар олардың сақталуына және адам өмірінің тәжірибесінде , мәдени кеңістікте адамның әлеуметтік - мәдени ортасында үнемі өсіп - өнуіне бағытталған . Адамның іс - әрекеті процесінде құндылықтың объективтілігі мәдени құбылыстың өнімі - артефакт болып табылады , бұл мәдениетті құру , дамыту және молықтыру , артефактілер - құндылықтар [ 30 , с 19 ] . Әр ұлт тілдің , әрі белгілі бір мәдениеттің ұстанушы ретінде танылады . Ол үшін мәдениет пен айналадағы ақиқатты тану құралы ғана емес , осы мәдени құндылықтарды ұстанатын адамның ойлау жүйесі , өзгеше бет бейнесі болады . Яғни мәдени құндылықтар осы халықтың мәдени ұлттық ділін байқатады . Құндылық бірлестіктерінің арасында ұлттық мәдениет ерекше орын алады . Құндылық деңгейінде ұлт пен этносты теңестіре қарастырып отырғанымыз , осы бірлестіктердің мәдени және табиғи негіздерінің жақындығын да байқауға болады . Этномәдениет туралы Л.Гумилевтің концепциясына назар аударсақ : этнос - жер биосферасының бір бөлігі ; этнос - таза әлеуметтік құрылым емес , ол бірнеше формацияларда өмір сүре алады ; этнос - бұл Homo sapiens - тің өзін және өзіне жақындарды топтастырып , басқаларға қарсы қоятын бірлестігі ; этнос - тек адамға тән ұжымшылдық түрі ; этнос бір - біріне ұқсас адамдардың тобыры емес , керісінше ол әртүрлі қабілетті және мүдделі топтарды , олардың дәстүрін , мәдениетін , географиялық және басқа этностармен қарым - қатынасын қамтитын жүйеге жатады [ 31 , с 30 ] . Ғалымдарымыздың еңбектерін саралай отырып , қазақ этномәдениетінің әлеуметтік құндылықтарын атап өтуге болады : табиғатпен үйлесімді өмір сүру , ата - бабаларымызды кұрметтеу , шаңырақты кадірлеу , отбасылық кісілік жоғарылығы , құндылықтардың касиеттерді даралау , айрықша тұлғаларды : аксакалдарды , батырларды , билерді , ру басыларын , ауыл және ел ағаларын құрметтеу , тектілікті сыйлау ; әйелдің әлеуметтік өмірдегі құндылығы ; қатал далада калыптаскан төзімділік , қайсарлық және ашыктык [ 32 , 24 6 ] . Заманауи мәдени кеңістіктегі кұндылык түсінігінің мәні саналуандылыкка айналды және метафизикалык біржактылыктан прагматикалык икемділікке бет бұрды . Тіпті ұлттық бірегейлену мен этномәдениеттің айшыкталмауының және айқындалуының мүмкін емес себебі көпвекторлы күндылыктардың қалыптасып отырғанынан да , тілдік шұбарлыктан да емес , Ұлттық мәдениет пен кұндылыктардын жаңғыруы заманауи дәуірдің маңызды шарттарының бірі және шектелу мен тұйықталудың алдын алудағы ұстындарды айкындап , тиімді бағдарлауында жатыр . Заманауи дәуір сипатынын саналуандығы мен оган бага және берушіліктің жан - жақтылығы қазіргі мәдени құндылықтар тұтастығының көпқырлы болмысында . Оның жедел масс - медиа құралдарымен коммуникациялануында адамзаттың құндылықтарды өндіруі мен тұтынуында . Қазіргі әлеуметтік - гуманитарлы ғылымдардың алдында тұрған мәселелердің бірі - заманауи демократиялық - либералдық , әлеуметтік жаңаруды оңтайлы жүзеге асыру болса , ол қоғам және оның құрамдас бөлігі болып табылатын адамға мәдени - құндылықтық аспектілерді таңдау еркіндігін ұсынып отыр [ 33 , 195 6 ] . Мәдениет дамуының қозғаушы күші қажеттілік . Қажеттілік адамның жан дүниесінің өте маңызды , негізделген себепті нәрсемен қамтамасыз етілуі , соны қанағаттандыру сезімі . Адам баласы үшін аса маңызды саналып , оның ерекше қызығушылығын оятатын , осы қызығушылық мәні арта түскендіктен , ынта назары ауған белгілі нысан құндылық болып табылады . В.И.Полищуктің ойынша , құндылықтар әлемі және оның өндірісі мәдениет көрсеткіші болып табылады , оның қалыптасу жолын төмендегідей тізбекте көрсетеді : сезім , қажеттілік , қызығушылық , құндылық , мәдениет . Бұл тізбектегі әр ұғым алдыңғы мазмұнды қамтып отырады , ал бұлардың арасындағы тұрақтылық пен берік байланысты мәдениеттің өмір сүру формасы болып табылатын дәстүр қамтамасыз етеді . Дәстүр мәдениет мазмұнындағы қажеттілік . Мәдениет тарихы адам әрекетінің сезім мен қажеттіліктен құндылыққа бағытталуы [ 34 , 34 б ] . Мәдениет табиғи факторлармен қоса ерекше руханилық тұтастыққа негізделеді . Сондықтан да мәдени құндылықтар өзінің өміршеңдігімен көзге түседі . Адам қанша жеке субъект болғанмен , өзіне арқа сүйейтін тірек іздейді . Отбасы осындай тірек қызметін өте жақсы атқарады . Отбасылық , рулық , әлеуметтік топтық деңгейде қалыптаса алмайтын маңызды құндылыққа ана тілі Тіл арқылы ұлттық мәдениеттің құндылықтары қалыптасады , таратылады және өзгеріп отырады . Тіл ұлттық мәдениеттің коммуникациялық кұралы , оған сөзбен қатар өнер түрлерінің тілі , миф - аңыздардың рәміздік астары , салт - дәстүрлері , қысқаша айтқанда бүкіл халықтың тілі жатады . Адамзат үшінші мыңжылдыққа аяқ басқандағы басты үрдістердің бірі елдер арасындағы экономикалық және саяси жағынан жақындау сияқты ғаламдық процестер . Бұл үрдістен мәдени құндылықтар да тыс кала алмайтыны түсінікті . Әр халықтың мәдениеті жеке дара кұбылыс боып табылғанымен , адамзаттың жалпы ' планетарлық өркениетінен де бөлектене алмайды . Сонымен қатар , мәдениет ұлттық бастауларынсыз өз ерекшеліктерінен айырылып , өміршеңдігін жоғалтады . Кез - келген халықтың ерекше қасиеттерімен қатар өзіндік , қайталанбас жеке халықтардың іс - әрекетінен құралады . Ал , мәдениет болса , жалпы айтсак , осы іс - әрекеттердің жиынтығы [ 35 ] . Нарықтық құндылықтардың нағыз адами құндылыққа айналуы « руханилылықтың негізгі келбеті - адамның өз бойындағы барлык жаксылык аси әлемге паш ету дайындығы . Олардың рухани дүниені дамытуына , қоғамда игілік үшін кызмет етуінде болып отыр » [ 36 , 15 б ] . Жаһанданудың адам құндылықтарына әсері өзінің салдары жағынан одан анағұрлым комакты . Адамның кұндылыктары мәдениетпен салыстырғанда оның тұлғалық өзегіне көбірек жакын . Мәдениет адамның кұндылыктарынын , әсіресе , жатады . 22 асатын адам адам болмысының мәнімен байланысты құндылықтардың , оның мәнін ашатын құндылықтардың сыртқы қабаты [ 37 , 89 б ] . Қазіргі заманның жаһандық үдерістерінде адам құндылықтарының екі жүйесі қақтығысады деген тезис кеңінен таралған . Бұл екі жүйе : дәстүрлі мәдениеттен бастау алатын құндылықтар жүйесі мен либералды және демократиялық бағдарлардың төңірегіне топтасқан құндылықтар жүйесі . Құндылықтардың бұл екі жүйесін екі әлемнің дәстүрлі әлем мен қазіргі заманғы демократиялық әлемнің қақтығысы ретінде түсіндіру дұрыс болмайды . Егер бұл солай болғанда , онда екі құндылықтық жүйелердің қарама - қарсы тұруы орын алмас еді , оның барысында бұрынғы дәстүрлі құндылықтар жаңа әлемдік нақтылықтарға сәйкес келетін , яғни бұл либералды - демократиялық деп аталатын бүгінгі құндылықтарға трансформациялануы жүзеге құндылықтарының тарихи сабақтастығы туралы ғана сөз қозғауға болар еді [ 38 , 389 б ] . Мәдени құндылықтар әлемдік материалдық және рухани мәдениеттің ең жоғары көрінісі болып табылатын адамзаттың ғасырлық тәжірибесін жинақтап , оларды тұтастай алғанда адам мен қоғамға қатысты трансформациялық функциясын орындайды . Мәдени құндылықтардың өзара алмасуы түрлі мәдени дәстүрлерге жататын мемлекеттер мен халықтар арасындағы ынтымақтастыққа жағдай жасауға ықпал ететін халықаралық мәдени саясат құралы болып табылады . Дегенмен бұл мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықты талап етеді . Бұл міндет қазіргі таңдағы заманауи әлемде ерекше мәнге ие болып , көптеген өнер туындылары бір елден екіншісіне ауысып , түрлі мәдени дәстүрлерге жататын мемлекеттер мен халықтардың арасындағы бейбіт диалогы мен ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді . Өйткені мәдени құндылықтар адамзаттың шекараларынан тыс және ұлттық кедергілерге қарамайтын баға жетпес мұрасы болып табылады . Мәдени құндылықтардың теориясы ретінде шындық ұғымымен бірге яғни игілік ұғымын да жатқызамыз . Яғни игілік құндылықтың маңызын айқындайтынын білеміз . Осыдан келіп , мәдени құндылықтар теориясы үшін маңыздылықты білдіретін кұндылыктар ғана қызығушылық туғызады , ал тек мәдениет саласында құндылыкпен байланысты ақиқатты тікелей қарастыруға болады . Себебі мәдениет игіліктердің жиынтығы болып табылады және тек осынымен ғана түсінікті . Мәдениет игіліктерінде көптеген мәдени құндылықтар жетілдіріледі . Сондықтан мәдениет тек игіліктерден басталуы тиіс , сонда ондағы көптеген мәдени құндылықтарды ашуға болады . Мәдениет объектілерінде демек құндылық бар . Шын мәнінде , мәдениет құбылыстары тек құндылыққа қатысты ғана карастырылмауы тиіс , сонымен қатар ол олардың психикалық мәніне қатысты бағалауды да камтуы тиіс , сондыктан кұндылыктар тек психикалық нәрсе деп бағаланады , соған байланысты жалпы алғанда денелікке караганда психикалық жай - күй неғұрлым бағалы ретінде қарастырылады [ 39 , 636 ] . Мәдени құндылықтар ғылым , өнер , акыл - парасаттын категорияларына сәйкес шексіз болмыстың ол үшін іріктелгенін білдіреді : бұл орайда олар әркайсысы жасаған акыл - парасатты сана үшін айырыкша тандау және өндеу аркылы өзінше " кұбылысты " білдіреді . Бұл жекелеген нысандарда біздің 23 мәдени қолымыз жететін білімнің , қауымдастықтың , шығармашылықтың ақыл - парасат әлемдерін білдіретін тек қана біртұтастық болып табылады . Тек бұл біртұтастық қана жекелеген дүниелердің қарапайым жиынтығына қарағанда өлшеусіз артық ; онда біздің алдымызға дара және кездейсоқ бір - бірімен түйісетін бөліктер толықтай және біртұтас бірлікте болады . Бірақ біздің өзіміз рәміздік тұрғыда әрқайсысы шын мәнінде мәдени құндылықтардағы біртұтастықтың бөлігі деп есептейміз және де ол нақты байланысқа енгізілген . Егер Сыр өңірі халқының мәдениеті туралы қарастырсақ ең алдымен мәдени құндылықтар мәселесінде объектілердің мәдени құндылықтарға қандай қатысы бар және мәдени құндылықтар арасында қандай байланыстар бар деп сұрайтын боламыз . Сонымен бірге мәдени құндылықтарды жүзеге асыру мәселесі туындайды және бұл арада ерік пен қызмет қайтадан пайдалы болып көрінеді . Бірақ дүниенің субъективтендіруші ұғымында қажеттілік арта түседі және мұндай жағдайда мәдени құндылықтардың одан бұрынғы мәселелерін бізге көрсетуге тура келеді . Сыр өңірі халқының мәдени түсінігі туралы сұрасак , мәдени құндылықтардың маңызы туралы қарастыру керек . Мәдениетті түсінгісі келетіндер үшін субъектіні жай ғана түсіну аздық етеді , ол құндылықтарды түсінуден бастау алуы шарт . Мәдени құндылықтардың мәселелерін реттеу арқылы ғана субъектінің мәселесіне , басқаша мәдени құндылықтарға жататындарға келуге болады . Мәдени түсініктердің мәнін жоятын объективизмге қарсы күресте субъектіні объектілердің байланысынан жай ғана бөліп шығару жеткіліксіз . Біз , егер өзімізге мәдени түсініктердің мәнін ұғындырғымыз келсе , бұл субъектінің беріктігіне байланысты . Бұл беріктілілік мәдени құндылықтар үшін болуы мүмкін , бірақ ешқашанда субъективизмнің шындығы бола алмайды . Жалпы объектілер мәдени құндылықты иеленеді немесе барлық объектілерден мәдени құндылықтар кездеседі . Кейде объектінің өзін де мәдени құндылықтар деп атаймыз . Мысалы Сыр өңіріндегі Қорқыт Ата кешені мәдени шындық объектісі болып табылады . Бірақ осындай шындықта кездесетін құндылық олардың өзіндік шындығына тіптен сәйкес келеді деп те , келмейді де қарастыру қиын емес . Мәдени кешеннің шындығын құрайтынның бәрі яғни оны жасаған құрылыс заттары құндылыққа , онымен байланысты болатындарға жатпайды . Сондықтан біз мәдени құндылыкпен байланысты шындыққа негізделген объектілерді игіліктер " деп атайтын боламыз , сонда осылайша оларды оларда кездесетін кұндылықтардан айыруға мүмкіндік туады . Мұндай жағдайда кешеннің кұндылықтарын игілік деп карастырамыз . Бірак құндылык объектіні бағалайтын субъектімен накты байланысты болады . Міне содан мәдени кешенге мәдени құндылық ретінде қараған жағдайда акикат игілікке айналады . Сондыктан Қорқыт Ата мәдени кешенін құндылықтардың өзімен бағалауын сәйкестендіруіміз керек . Егер кұндылыкты бағалаудан бөліп қарасак . тек сезіну мағынасында болады . Мәдени құндылыктар мұндай жағдайда өзі шындыктын бөлігіне , накты айтканда , адамның жан - дүниесінің болмыстык бөлігіне айналады , ал мұндай жағдайда Коркыт Ата мәдени кешені мәдени кұндылық ретінде руханияттын бөлігі болып шығады , ғана Болмыстың мәдениет объектісіне айналатын бөлігінің және оларды осы арқылы табиғаттан бөлетін құндылық түріне келетін болсақ , онда біз мына төмендегілерді айтуымыз керек . Құндылықтар туралы олар болады немесе болмайды деп айту жөн емес , ал олардың мағынасы бар немесе мағынасы жоқ па , әңгіме сонда . Мәдени құндылықтың іс жүзінде ортақ маңызы танылады , немесе оның маңызы , объектілердің таза индивидуальды мәніне қарағанда , ол өзі онымен байланысты болғанда , ең кем дегенде бір мәдениетті адамға таңылады . Бұл орайда , егер мәдениет деген сөзді ең жоғарғы мағынасында алып қарасақ , әңгіме бұл арада жай ғана тілектің объектілері туралы емес ( Begehren ) , мәселе игіліктерге қатысты , оларды бағалауда немесе олармен жұмыста біз өзімізді біз өмір сүретін қоғамның мүдделеріне аз немесе көп дәрежеде , немесе басқа бір негіз бойынша , өнегелілік міндетті санаймыз . Осы арқылы біз мәдениет объектілерін инстинктивті бағалау және қалау арқылы , игілік құндылығы барын , бөліп аламыз , бұл егер тек жалғыз инстинкт негізінде ғана болмаған кезде , көңіл - күй ауанымен жүзеге асады [ 39 , 60 б ] . Бұл үшін ол мәдениетті шындық ретінде зерттейтін ғылымға жүгініп , объективтендіре отырып , оның сан алуандығын жеке даралау көмегімен анықтау да қажет . Субъект емес , объектілер құндылықтардың теориясы ретінде философияның бастапқы нүктесінің мәні . Ол оларда орныққан құндылықтардың тұрғысынан алғанда оларды талдауға тартуы тиіс . Ол құндылықтарды мәдениет объектілерінен бөлуі қажет және бұл орайда , қандай құндылықтар мәдениет объектілерінен мәдениет игіліктерін жасайтындығын анықтау керек . Сонда ол құндылықтарды дербес зерттейді және оларды құндылықтар ретінде оларды таза күйінде түсінеді . Сонымен , мәдениет ұғымын жалпыға ортақ тілмен толық сәйкес келетін қолдаймыз , яғни ортақ мәнді кұндылықтармен және осы құндылықтарды игерумен байланысты объектілердің жиынтығы мәдениет дегенді білдіреді . Осы кезге дейінгі Сыр өңірінің мәдени құндылықтар жүйесін зерттеудің әртүрлі ғылыми парадигмалары теориялық тұрғыда жалпылама сипаттама жасаумен айналысып келді . Сыр өңірінің мәдени құндылықтар жүйесін семиотикалық тұрғыдан талдау қалың қазақ тұтаскан аймақтағы тұтастанған мағынадағы мәселелерін анықтау үшін маңызды . Осы тұжырымдарға орай , өңірдегі өзіндік рәміздік санадағы кейбір қатпарлы күрделі құрылымдарды тереңдей пайымдауға тырысу мәселенің ғылыми объективтілікпен анықталуына жол ашады және өңірдің мәдени ерекшеліктерін нақты түсінуге көмек береді . Сыр өңірінің мәдени құндылықтарының семиотикалык тұрғыдан зерделенуі дүниетанымдық жағынан алғанда маңызды болып табылады . Бұл мәселелер тек теориялык кана емес , практикалық жағынан да маңызға ие , яғни Сыр өңірі казактарының ұлттық мәдени болмысын пайымдауы жатады . Сыр өңірі калың қазақ мәдениетінің бөлшегі ретінде әдетте өзінің мәдениетін , өзіндік санасын , дүниетанымын басымдык танытатын мәдени кеңістіктің зандарына сәйкес қалыптастырады . Себебі Сыр өңірінің мәдениеті накты заттар дүниесі мен миф шығармашылығына байланысты салт - дәстүрлермен және синкретті сана - сезімге негізделген нормалармен берілген . Сыр өңірінде дәстүрлі қоғамға негіздеріген өздерінің рәміздік әлемі кұрылған . Олар адамдардын аргыжактан ежелгі заманнан қалған тотемдердің бейнесін , бейсаналық ақпарат , космостық ұғымдарға байланысты ойларды да бейнелейді . Осындай әлеуметтік - менталды ақпарат ұрпақтарға көне заманнан семиотикалық тәсіл арқылы жеткізіледі . Қандай да бір ұлттың рухани байлығының көрінісі материалдық және рухани мәдениеттің туындылары екені даусыз . Сонда рәміз тілі мәдени әлеуметтік әрекеттердің объективті және субъективті факторлары мен қоса ұлттық сана - сезімді анықтайтын үрдіс болып саналады . Әрбір мәдениет - рәміздік жүйелердің жиынтығы болып табылады . Мәдени - әлеуметтік рәміздер жалпы семиотикалық тұрғыда адам мен әлем арасындағы қарым - қатынас жүйесі ретінде түсіндіріледі . Сыр өңіріндегі архетиптік сипаттағы мәдени рәміздердің өз бойларына құпиялықты жасырған , оны астарында кодтық - мағыналық негізге сүйенген мәдени - этикалық дәстүр сақталған . Себебі мәдени құндылықтардың рәміздік санаттарында табиғат пен әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын анықтайтын , дәстүрлі түсініктер негізіндегі Сыр өңірі халқының өмірлік салтынан байқалатын тәжірибесі мен дүниетанымы жатыр . Содан барып дәстүрлі түсінік пен либералды құндылықтар қоғамдық тұрғыда іс - әрекетіне айналып , ойлау әдісі мен стиліне , жалпы мәдени құндылықтарына әсер етіп , дүниетанымдық түсінуді қалыптастырады . Бұл өзіндік тұрғыда табиғат пен адам арасында өзіндік байланыс орнатып , Сыр өңірінің мәдени құндылықтар бағытын арттырады . 26 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет