Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. 6 сынып Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі196,92 Kb.
#30993
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер. 6 сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға аңыз әңгімелер туралы мағлұмат беру. Аңыз әңгімелердің ертегілерге ұқсастығын, айырмашылығын айтып түсіндіру. Аңыз әңгімелерді нақышымен оқып, рольдерге бөліп, оқу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: достыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу. Оқушылардың халық мұрасына , тіліне аяулы көзқарас қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізуге үйрету, қиялын ұштастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс.

Қолданылатын әдіс тәсілдер: жеке, топтық жұмыстар, шығармашылық жұмыс. («Қожанасырдың тойға баруы») көрінісін көрсету.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, орыс тілі.

Көрнекілер: аңыз кейіпкерлері бойынша жасалған карточкалар, Венн диаграммасы сызылған плакат, ертегілер, аңыздар бойынша дайындаған қима қағаздар.



І. Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Жаңа сабақ.

4.Бекіту.

5.Үйге тапсырма беру.

6.Бағалау.

ІІ. Кіріспе сұрақтары:

1.Үйге қандай тапсырма берілді?

2.Біз қазір ауыз әдебиетінің қай түрін өтіп жатырмыз?

3.Қане, ертегіні еске түсірейік.

4.Өтілген ертегілерді түрлеріне қарай ажырату. (Ертегі атаулары тақтада тұрады.)

5.Оқушылар ертегілердің кейіпкерлерін тақтадағы атаулардың тұсына іліп қояды.

А). Мысалы: Түлкі мен Арыстан-хайуанаттар туралы ертегі.

Ә).Қаңбақ шал-қиял-ғажайып ертегі.

Б).Берілген тапсырмаларды қима қағаздармен тақтада орындау.

Бір оқушыға «Мақта қыз бен мысық» ертегісін айтып беруін ұсынамын.

Ал келесі оқушыға «Қожанасырдың тойға баруы» тұралы аңызын айтып беруін сұраймын.

6.Енді аңызбен ертегінің айырмашылығын айтып өтемін. Оқушылар ассоцациясы.

ІІІ. Жаңа сабақ.



Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасаймын.

Өткен сабақты және жаңа сабақты байланыстыра отырып, Венн диаграммасы арқылы түсіндіремін. Аңыз-әңгімелер туралы диолог жасау. «Қожанасырдың тойға баруы»аңызын оқып, көрініс ұйымдастыру.

Бекіту Сұрақтары;

Қожанасыр кім болған?

Аңыз-әңгімелер мен ертегілердің айырмашылығы неде?

ІV. Бағалау.



V. Үйге тапсырма: Аңызды оқу, сұрақтарға жауап дайындау.

Асанова Гульнара Абдыман-қызы-І санат

ОҚО, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылы,



Ю.Гагарин атындағы ЖОМ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет