2-апта. 2-дәріс: Философия – дүниетаным негізі, ғылымдар әдіснамасы



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі80,01 Kb.
#83668
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 2 Философия дүниетаным негізі.1 (1)

Материализм және идеализм. Философия пайда болғаннан бері бірімен тайталасып, қатар өмір сүріп келе жатқан негізгі екі парадигма бар. Дүние жүзі ойшылдары осы екі сара бағыттың бірін немесе екеуінің аралық межесін ұстанады. Ол сара бағыттар адамзаттың дүниені тануындағы әдіснамасын қарамақарсы екі жаққа бөліп түсіріп отыр. Олар – материализм және идеализм деп аталады.
Материализм дүниенің пайда болу үдерісіндегі материяның біріншілігін жақтайды. Материалистер алдымен материя пайда болған, сана оның жемісі ретінде кейін, пайда болды деп есептейді.
Идеализм, керісінше, ол баста аса құдіретті күштің идеясы пайда болды, материя, сол идеяның жемісі ретінде, кейін жаратылды деп есептейді.
Аталған екі бағыттың бірін тұрақты ұстануды монизм (гр. monos – бір) дейді. Сонда, материалистік бағытты ұстану – материалистік монизм, идеалистік бағытты ұстану – идеалистік монизм болып шығады. Материалдық және рухани субстанцияларды өзара теңқұқықты бастаулар деп есептейтін немесе шығармаларында екі жаққа тең қатынастағы тұрғы яки орталық меже ұстануды дуализм (лат. duo – екі) дейміз. Дуализм монизмге қарама-қарсы бағыт деп есептелінеді.
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет