2-апта. 2-дәріс: Философия – дүниетаным негізі, ғылымдар әдіснамасы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі80,01 Kb.
#83668
1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 2 Философия дүниетаным негізі.1 (1)

Философия – ғылымдар әдіснамасы. Әдіс және әдіснама. Әдіс – (методос – бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үшін таңдап алынған тәсіл. Әдіснама - әдіс туралы ілім.
Философиялық әдіснаманың сипаттамасы: нағыздықты игерудің теориялық және практикалық жалпылама әдістерінің жүйесі, философиялық білімдердің жүйе құру әдісі.
Философиялық әдіснама ғылыми зерттеулер жүргізуде аса маңызды рөл атқарады. Әдіснамасыз ешқандай дәйекті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Адамдар күнделікті қызметінде үдерісінде толып жатқан әдістерді қолданады.

Крит аралын мекендеген бір патшалық болыпты. Оның Минос деген патшасы болған екен. Бір кездері Минотавр деген құбыжық пайда болыпты. Ол патшаны қорқытып, оны тамаққа күніне бір қыз беріп отыруға мәжбүр етеді. Патша құбыжықтан қалай құтыларын білмей дал болыпты.


Патшаның Ариадна деген қызы болыпты. Ол Тесей деген батырға ғашық екен. Бір күні Ариадна Тесейге құбыжық Минотавр туралы айтады. Тесей Ариаднаға ұзын жіп дайындауды сұрайды. Тесей қаруланып, жіпті беліне байлап, Минотавр орналасқан лабринтқа кіреді. Сыртта жіптің екінші ұшын Ариадна ұстап отырады. Осылай Тесей құбыжықты өлтіріп, жіпті жағалап отырып, сыртқа шығады.

Бұл аңыздан әдіс қолдану арқылы қандай күрделі мәселе болса да, шешуге болатыны көрінеді. Ғылымның әр саласының өзіне ыңғайлы зерттеу жүргізу әдістері бар. Философияның арнайы әдістері бар. Олар – жалпылама әдістер, ғылымның барлық салаларында қолдануға болады.


* * *
Диалектика және метафизика. Диалектика – заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін дамуын, себебін, салдарын, қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресін бақылайтын әдістер жиынтығы. Диалектикалық әдістің негізгі нышандары:
- өзгермейтін, мәңгілік нәрсе болмайды;
- даму жалпылама заңдылықтарға байланысты алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде зерттеледі.
Метафизикада нәрсе бөліп алып қарастырылады, бірмәнді зерттеледі, абослютты ақиқат ізделеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді. Бір ұстанымда: бар не жоқ,..
* * *
Танымның эмпиристік әдістері: бақылау, эксперимент, өлшеу;
Теориялық әдістер: идеалдау, формалау
Логикалық әдістер: анализ – құрамдас бөліктерге жіктеп қарау, синтез – құрастыру, байланысты көру. Индукция – ойдың жалқыдан жалпыға бағытталуы. Дедукция – жалпыдан жалқыға бағытталу (Менделеев кестесі). Аналогия – модельдеу,
Жеке ғылымдар әдістемесі
Әдістердің жеке, жалпығылыми және жалпылама түрлері.
химияда – валенттілікті табу;
социологияда – анкеталық сауалдама жүргізу;
астрономияда – бақылау;
тарихта – адамға еркіндік берілуі критериі; объект және зерттеу арасындағы тәуелділік: идеологияға бағыныштылық, көсемге тәуелділік.
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет