2 апта ожсөЖ мазмұны: Педагогика әдіснамасының мәні неде?


Тапсырма.№2 Тәрбие факторлары



бет2/2
Дата09.12.2021
өлшемі16,44 Kb.
#78592
1   2
Байланысты:
Пед.2апта

Тапсырма.№2 Тәрбие факторлары

Әдістемелік нұсқау. Әрбір факторларға мысал келтіру және анықтама беру.
Тапсырма №3 Әртүрлі авторлардың жұмысында ұсынылған «әдіснама», «педагогикалық үдеріс» ұғымдарының мазмұнын салыстыру.

Әдістемелік нұсқау. Ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
ОЖСӨЖ тапсыру уақытының аяқталу мерзімі: 14.09.2020 сағат 22:00
1.Әдіснама (методология; грек. мethodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ,,,, логия) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.

Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.

Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.

Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді.

Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған.

Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады:

1) Фиолсофиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған.

2) Жалпы ғылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық тұжырымдамалар.

3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген;

4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы.

Әдіснаманың барлық деңгейлері күрделі жүйені құрайды. Мұнда философиялық деңгей әдіснамалық білімнің мазмұнды негізі ретінде танылады.


2.Педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты бейнелейтін педагогика теориясы мен құрылымы жөніндегі білімдер жүйесі, принциптері және білімдерді алудың тәсілдері, осы білімдерді алудағы және бағдарламаларды, логикасы мен әдістерін негіздеудегі, арнай педагогикалық зерттеулер сапасын бағалаудағы іс-әрекет жүйесі.

Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық талаптары, педагогикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен қозғаушы күштері бірқатар ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген: Ю.К.Бабанский, С.А.Баранов, М.А.Данилов, В.И.Журавлев, Н.В.Кузьмина, М.Н.Скаткин, И.Т.Огородников, т.б.

Әдіснаманың деңгейлері:

Бірінші деңгей – философиялық ілімдер.

Екінші деңгей – жалпы ғылымдық әдіснама (жүйелік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарау, ғылыми зерттеулердің түрлі типтерінің сипаттамасы: зерттеудің болжамы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, т.б.).

Үшінші деңгей – нақты ғылымдық әдіснама, яғни белгілі бір арнайы ғылыми пәнде қолданылатын әдістердің, принциптердің жиынтығы. Мысалы, педагогиканың өзінің әдіснамасы бар, т.б.

Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері:

- конспект;

- реферат;

- курстық жұмыс;

- дипломдық жұмыс;

- ғылыми баяндама, т.б.

Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі: педагогикалық бақылау, эксперименттік бағалау әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама, анкета, әлеуметтік әдістер.

Зерттеу әдістері – объективті дүние құбылыстарының заңдылықты байланыстарын ашуға, ақиқатты танып-білуге көмектесетін зерттеу міндеттерін шешу амалдары, тәсілдері.

Зерттеу әдістері:

- эмпирикалық әдістер: бақылау, эксперименттік бағалау, сауалнама, сұхбат (интервью), анкета, іс-тәжірибелерді зерттеу, құжаттарды зерделеу;

- теориялық әдістер: модельдеу әдісі, әдебиет көздерін зерттеу, статистикалық әдістер.

Педагогика ғылымында педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесінің көлемі кең. Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.

3.Педагогика ғылымының әдіснамасы – қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.

Әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім. Бұл нақты философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.

Кез-келген әдіснама реттеуші, нормалаушы қызметін атқарады. Әдіснамалық білім дескриптивті (бейелеуші) және прескриптивті (нормалаушы) формаларда көрінеді.

Дескриптивті әдіснама – ғылыми білімнің құрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайындағы ілім. Ол зерттеу үрдісінде бағыттаушы ретінде қолданылады. Прескриптивті әдіснама іс-әрекетті реттеуге бағытталған.

Әдіснамалық білім құрылымы 4 деңгейден тұрады:

1) Фиолсофиялық деңгейде ғылым танымның жалпы принциптері мен ғылымның ұғымдық аппараты жинақталған.

2) Жалпы ғылымилық деңгей – бірнеше ғылыми пәндерде қолданылатын теориялық тұжырымдамалар.

3) Нақты-ғылымилық деңгейінде арнайы ғылымда қолданылатын зерттеу әдістерінің принциптері мен іс-шаралардың жиынтығы көрсетілген;

4)Технологиялық – зерттеу әдістемесі мен техникасы.

4.Тәрбие процесінің принциптері – тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне және оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері.Бұнда жалпы және нақты тәрбие принциптері деген ұғымдар бар.Міндеттілік. Тәрбие принциптері бұл кеңес нұсқау емес, керісінше олардың толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуы талап етіледі. Негізінен тәрбие принциптерін бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбие принциптерінің тиімділігін кемітеді, түп негізін мүлдем өзгертеді.

Тәрбие мемлекеттік құрылыстың, ондағы үкімет билігі мен мекеменің қуатына арқа сүйеп, сонымен бірге мемлекетте қабылданған және жүргізіліп жатқан саясатпен ұштасып жатады. Бұл принцип педагог тәрбиелеп жатқан өскелең ұрпақты мемлекеттік тәрбие стратегиясына сәйкес тәрбиелеу міндеттеріне бағындыруды көздейді. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағандықтан тәрбиеші тәрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды.Өмір мектебі ең күшті тәрбие мектебі. Сондықтан тәрбиенің өмірмен байланысты болу принципі көптеген тәрбие жүйелерінің негізгі принципі болып табылады. Ол тәрбиенің мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді:

1.Әртүрлі өзгерістері мол қоғамдық және еңбектік өмірмен тәрбиеленушілерді кең және нақтылай таныстыру.

2.Тәрбиеленушілерді өмірлік қатынастарға әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.


5.Тәрбие мақсаты туралы түсінік. Тәрбие мақсаты — ол педагогикалық процесс пен қоғамның қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындауын бастайды.


Тәрбие мақсаты — бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қол жеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты -педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсатылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде керінеді. Мақсат пен міндет бүтін және

бөлшек ретінде ара қатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда, тәрбиенің нақты тербие міндеттерінің жүйесі. »

Тербие мақсаты жалпы жене жекеленіп келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын кездейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін керсетеді. Мақсаттылықа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.

Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі зандылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының коғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз.

Негізгі мақсатқа ұмтылу, ұстазға айқын мақсаттар белгілеп, кәсіптік іс-әрекеттерінің нәтижелерін оқушьшардың тәрбиеге бой ұсынуынан, құлшынысынан байқауға болады. Нақты мақсаттар туралы сөз қозғағанда, олардың анықтамасының негізгілерін беліп алу қажет. Ең алғашқы әлеуметтік негізі әрбір индивидтің дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген әлеует мүмкіншілігін дамытумен қатар, оның даралығын қальштастырумен байланысты. Баланың дараланып дамуында белсенділік, күш-қуат артуымен қатар, еркі мен ақын-сезімінің қалыптасуы, оның болашақ кәсібінің бейімін, қабілетін интегралдап, іс-әрекетке қолданудың амалы күні-бұрын қарастырылады. Жеке бастың дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты.

6.“Әдіснама”-термині грек сөзінен алынған. Ол оқу немесе теория әдісі ұғымды білдіреді. Әдіснама теориялық проблемалардың жолдарымен,ғылыми және творчестволық әдістерімен айналысады.

Осымен қатар әдіснама жаңа ғылыми қызмет әрекеттері шындайды.Әдіснама әр қашанда бір ұғымды білдірмей өзгертіп отырады.

Бұл жағдайда әдіс философиялықғылыми түсінік бойынша жалпы тәрбиеленеді.

Әдіснама ұғымы қысқаша оймен сөзбен түсіндіргенде теория бойынша танып нақты ғылым бойынша тәрбиеленеді.В.А. Штоффтың пікірі бойынша былай анықтайды:”Әдіснама кең философиялық ұғым,әдіснама Назар анализде әдіснамалық ролінде және эвристикалықмағынасы негізгі антологикалық принйиптері,тәртіптері мен категориялары методология ғылыми шағын көлемінде гносеология бөлімі пайда болады;ал білдіреді өзімен ғылыми теориялық тану және жүйелі тәрбиелеу заң бойынша қате жобаны тану олардың жалпы(кесін, Мусін)және бір-біріне байланысты формасын және ғылыми жағына тиісті ”.

Әдіснама педагогика ұсынады өзімен жобаны білу ерекше және педагогикалық теориялық және педагогикалық жолдарын ,олардың алған білімін ,нақты шындықты қамтып көрсету әр қашанда алмастыру педагогикалық нақты жалпы(жетілдіру,дамыту).

Қазірге теңдікте даму педагогикалық ғылым керекті нәрсені шешу жеке әдіснамалық қажетті сұрақтар,және де әдіснаманы педагогикада мамандық бойынша жұмысын білу.Бұл жолы педагогикалық теориялық білім.Керісінше жоба жатқа тәжірибе әдіснаманы жеке ғылым қызмет ету дамыту жалпы ғылыми әдіснамасы.

7.Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Еmреіrіа — тәжірибе).

Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты белгіленген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың табиғи жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын белгілерін ашуға болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді «таза күйінде» зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтарды шығару және нақты білімге жету. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімнің көлемін ұлғайту, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу тұлғасын дамыту тәжірибесін жаңарту.

Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер шамалы, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін оңтайландыру әдісі де бола алады.



Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: табиғи, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің анықтаушы түрі бар, ол зерттеу объектісінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастырушы — зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған. Эксперимент жаңа зерттеу материалын танып білуді болжайды. Ол теориялық болжамдарды тәжірибелі тексеру, бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі — зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді сондықтан оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына құқығы жоқ, өйткені зерттеупгінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапа шегуі мүмкін.

Эксперименталды жұмыстың жоспары, мақсаты болуы, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет. Зерттеу құбылыстары мен оның қасиеттеріне ықпал ететін факторларды, сондай-ақ эксперименталды жұмыс кезінде бақылануы тиіс объектілерді бөліп алған жөн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу саймандарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болулары қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет