Байланысты: Саба та ырыбы М алім с зі о ыту мен т рбиелеу ралы
Кәсіби түрде өзін-өзі жетілдіру дегеніміз – ол қазіргі педагогикалық талаптарға сай келу үшін өзіңнің кәсіби және жеке қабілеттерін дамыту. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуінің қозғаушы күші өзін-өзі жетілдіруге, өзгертуге деген мұқтаждық. Бұл мұқтаждықтың басты себебіне мектеп әкімшілігінің, ата-аналардың тұғалімге деген талаптарын жатқызуға болады. Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруын талап етеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік тұлғаңды өзгертуге бағытталған жоспардан басталады. Бұл жоспардың негізінде өзіңді даму деңгейінде қойылатын талаптармен салыстыру жатады. Осыған негізделе отырып мұғалім өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған міндеттер жүйесін белгілейді. Осыдан кейін ғана өзін-өзі тәрбиелеу процесі басталады.
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілердің қалыптасуының бірнеше жолдары бар. Оның біріншісінде мұғалімнің өзін-өзі тәрбиеленуіне мектеп басшыларының талаптары, мектеп өмірінің стилі, яғни белгілі біреудің әсері итермелесе, екіншісінде мұғалімнің өзіндік қасиеттері, жауапкершілігі кәсіби мәртебесі итермелейді. Әрбір түрткінің жанында нақты мұқтаждық тұр. Мұқтаждық болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің түтркілеріне осы процеске деген мұғалімнің қызығушылығын жатқызуға болады. Бұл жағдайда жағымды эмоция үлкен роль атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеуде мұғалім үлкен жұмыс атқарады. Сол еңбектің жемісті нәтижесінен алған қуаныш сезімі мұғалімнің есінде мәңгілік қалады. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуі үшін мектеп әкімшілігі де көмек көрсетіп қолайлы жағдай тудыруы қажет. Мысалы: жас мамандар өздерінің тәжірибелі әріптестерінің көмегімен өзін-өзі тәрбиелеудің кейбір элементтерін үйреніп, өзінің еңбектерінде жақсы нәтижелер бере бастайды, өзінде сменімдігі артып тәжірибе жинақтай бастаған маман өзін одан әрі жетілдіруге ұмтылады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге деген тұрақты жағымды түрткілердің пайда болуына көмегін тигізеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің түрткілерінің дамуында ең басты рольді мұғалім қызмет атқаратын ұжым алады. Егер мұғалімді қоршаған адамдары өзін-өзі үнемі тәрбиелеп отырғанын байқаса, ол да өзір тәрбиелеуге ұмтылады. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеуге деген түрткілер өзін-өзі кәсіби түрде тәрбиелеуге бағытталған әрекет негізінде қалыптасады. Ғалым Рубинштейннің айтуынша өзін-өзі тәрбиелеуде жақсы нәтижеге жетудің басты белгісі: ол жақсы қасиеттерді жетілдіруге бағытталған әрекет емес, өзінің өмірлік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған әрекеттер жиынтығы. Мұғалімдер бір-бірінен кәсіби дайындығымен ғана емес, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен де ерекшеленеді. Әрбір мұғалімнің мінезінде оқушылармен қарым-қатынас, жұмыс стиілін анықтайтын кәсіби психологиялық ерекшеліктері болады. Оған әр жастағы оқушылармен жұмыстың жемісті болуы байланысты. Педагогикалық-психологиялық ерекшелік өзіндік жұмыстың даралық стилінің қалапытасуында үлкен роль атқарады. Сондықтан жұмыс істеу барысында мұғалім өзінің мықты және осал жақтарын білуі тиіс. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу тұтас түрде жүруі тиіс. Ең алдымен мұғалім өзінің танымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік біліктерін жетілдіріп отыруы керек. Танымдық біліктерді -жетілдіру ең алдымен ақыл-ойымен ойлауын жетілдіру болып табылады. Оның негізгі жолы ақыл-ой операцияларын: байқағыштықты, салыстыруды, талдауды, есте сақтауды, қиялды дамытатын жаттығулар. Коммуникативтік біліктілік – ол қарым-қатынас жасай білу үрдісі. Қарым-қатынастың негізгі тәсілдері: мимика, жест, сөз. Бұл біліктілікті жетілдіру үшін теориялық білім, одан кейін жеке дара практика және тәжірибе керек. Оған үйренуге болады. Ұйымдастырушылық білік – ол оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуы. Ғалым Л.И.Уманский бұл білікке төмендегі қасиеттерді жатқызады. 1. Жалпы психологиялық ерекшеліктері тұлғаның мақсаттылығы және ұйымдастыратын әрекетке дайындылығы; 2. Кейбір басқа да қасиеттері: белсенділігі, жұмыс қабілеттілігі, қарым-қатынасқа бейімділігі, 3. Тар мағынадағы ұйымдастырушылық қабілеттері; Ұйымдастырушылықты дамыту жолы осы компоненттердің даму деңгейін білу, кемшіліктерін байқау. Оның негізгі жолы практика және жаттығулар. Оған психологиялық әдебиеттерді оқып, басқа адамдардың тәжірибесін біліп үйрену арқылы жетуге болады.