46. Столицы Казахстана, значение и роль./ Қазақстан астаналары және оның рөлі./ Capitals of Kazakhstan, significance and role. Созақ. Ежелгі Созақ қаласы Қазақстан хандығының алғашқы астанасы болған (1465–1469). Ол Жәнібек пен Керей — Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың ордасы болып табылған. Бірақ та Әбілқайыр ханның өлімінен кейін даладағы билік үшін күрес қайта басталды. Астана осы қаладан көшірілген. Кейбір деректер бойынша, XVI ғасырда Шығай хан билегенде, Созақ қаласы Қазақ хандығының астанасы болып қайта аталған. Осы кездегі хандықтың ордасы ретінде Сығанақ қаласы болып саналған. Қазіргі кезде Созақ — Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын ауыл. Оның ортасында ортағасырлық бекіністердің қалдықтары сақталған.
Сығанақ. Сығанақ қаласының Қазақ хандығының астанасы қай кезде болғанын айту қиын болады, өйткені бұл туралы нақты деректер жоқ. Бәлкім, XV ғасырдың 70-ші жылдарынан XVII ғасырға дейін ол қала астана болған. Оның қалдықтары Сұнақата ауылынан солтүстікке қарай екі шақырым жерде орналасқан. Аталмыш ауыл Қызылорда — Шымкет тас жолында орналасқан. Қаланың атауы жазба деректерден және XIV ғасырда мұнда шығарылатын монеталардан белгілі болды. Сығанақ қаласы алғашқыда X ғасырдың деректерінде кездеседі, ал XI ғасырда Махмұд Қашқари оны оғыздардың қаласы деп атаған. Бір кезде ол керуендердің жолындағы сауда мен қолөнер орталығы болған. Қазіргі кезде шаһардың жанында құрғақ дала, мұнда сексеуіл, тікенекті бұталар өседі. Қыш тақталары мен күйдірілген кірпіштердің қалдықтары бар биік емес дөңдер ежелгі сәулеттік құрылыстардың дәлелі болып табылады. Сығанақ маңайында осындай құрылыстар аз емес болған деп көрінеді.
Түркістан. Түркістан қаласы (Яссы) түркі тілдес халықтардың рухани мен саяси орталығы ретінде белгілі болып, XVI ғасырдың аяғынан бастап XVII ғасырдың 30-ші жылдарына дейін Қазақ хандығының астанасы болған. Орта Сырдария Қазақстан хандығына кіргеннен кейін Яссы қаласы қазақ хандығының резиденциясына айналып кеткен, осы кезде ол ірі сауда мен қолөнер орталығы болып саналған. Қазақ хандары жас мемлекеттің құрамында болған көшпелі тайпаларды нығайту үшін осы қаланың геосаяси мен рухани маңыздылығын түсінген еді. Қазіргі таңда осы қалаға Қазақстанның, Орта Азия мен басқа елдердің мұсылмандары қажылық жасау үшін барады. Қажыға барушылардың сөзіне қарағанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жасаған үш сапар ұмраға — кіші қажылыққа теңестіріледі.