2. автономия/ autonomy



бет2/52
Дата30.05.2022
өлшемі288,78 Kb.
#145492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

13. буржуазия/ буржуазия-елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ
14. Ваучер (ағылш. voucher – қолхат‚ растама құжат) – жазбаша кепілхат (куәлік‚ кепілдік‚ ұсынысхат); тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге ақы төленгенін куәландыратын растама құжат. Ол туристік топтың жетекшісіне берілетін қабылдаушы тараптың келісілген қызмет көрсетулер тізбесін алу құқығын куәландыратын құжат та болуы мүмкін.
15.Әске­ри ком­му­низм — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді.
16.Гегемония -  [грек, hegemonia - жетекшілік, басшылық, біріншілік] - басшылық, басымдылық, біріншілік; қандай да бір әлеуметтік субъектінің басқа субъектілерге қатысты жетекші рөлі. Гегемонияның қайнар көзі - фашистік, расистік, национал-шовинистік антидемократиялық көзқарастар. Оның 3 түрі бар:империялық, бір күш-қуаты мол мемлекет өзінен әлдеқайда әлсіз мемлекеттерді бақылауы;биполярлы 2 мемлекет өзара бөлісіп алған ықпал ету аумағында бақылау жүргізу; күштер тепе-теңдігі.
17.Геосаясат- мемлекеттің немесе мемлекеттер блоктарының аумақтық орналасу ерекшеліктерң негізінде локальды, аймақтық, құқылық және жаһандық халықаралық үдерістерге тарихи ықпал еру формасы.
18.Жариялылық - мемлекеттік және басқа да институттардың іс-әрекеттерінің ашықтығы, ақпараттың кең таралуы, ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың азаматтарға ашықтығы, қабылданған шешімдерді жариялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет