2. автономия/ autonomy



бет3/52
Дата30.05.2022
өлшемі288,78 Kb.
#145492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

19.Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.
20.Геноцид - (грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру) - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі:осындай топ мүшелерін өлтіру;оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы;оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу;осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар;
21.Азаматтық қоғам- саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар жиынтығы. Дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы.. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.
22.Азамат соғыс - мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар немесе діни арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
23.Демилитаризация - қарусыздану, халықаралық келісіммен бекітілген белгілі бір мемлекетке қарулы күштерді ұстауға, әскери өндірістің болуына тиым салу.
24.Демократия -  (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) яғни “халық билігі деген мағынаны білдіреді.  демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.[1]
25.Депортация - мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару.
26.Қозғалыс ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемдікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес.. Бұл қозғалыстар орта ғасырлардан бастау алады. Орта ғасырларда халықтар мен ұлттық топтар жат жерлік езгіге қарсы күресіп, өздерінің өмір сүріп, даму құқықтарын қорғады (мысалы, оңтүстік славяндардың түрік үстемдігіне, чех халқының неміс отаршыларына қарсы күресі, т.б.).
27)Құнсыздану- айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан бағасыздануы.


28)Демогогия- өзінің пайдакүнемдік мақсатына жету үшін құрғақ уәделер беру, фактілерді бұрмалау, жалған жарамсақтық, жағымпаздық арқылы халыққа әсер ету.


29)Демография- белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.


30)Дискриминация- нәсілдік, этникалық, жыныстық және жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі.


31)Диаспора- әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі.


32)Денационализация- ұлт меншігінен айыру.


33)Диктатура- бір адамның немесе адамдар тобының билікке толық ие бола отырып, елді басқаруы.


34)Диссидент-мемлекеттік идеологиямен келіспей, ресми билікке қарсы шыққан адам.


35)Жыр- поэзиялық шығармалардың жалпы атауы.


36)Ереуіл-қандай да бір әлеуметтік топтың немесе таптың саяси билікке қарсы ашық наразылық білдіруі немесе қарулы көтеріліске шығуы жолы.


37)Импичмент- парламент тарапынан жүргізілетін жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерді қызметінен тайдыру рәсімі.


38)Индустриализация- экономикада өнеркәсіп өндірісінің басымдылығымен дамудың дәстүрлі кезеңінен индустриалды кезеңге жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық өту процесі.


39)Зиялы қауым- білгір түсіне алатын, ой еңбегімен айналысатын кәсіби мамандар, қоғамның әлеуметтік қабаты.
40. Инаугурация – мемлекет басшысының мәртебелі лауазымды атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсімі. Ежелгі Рим империясында қайсыбір лауазым алған адамның қызметке кірісуі салтанатпен атап өтіліп тұрған. Монархтардың тәж кию сәттері де арнайы салтанатпен рәсімделген.
41. Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
42. Империя (латынша іmperіum – билік, үстемдік) – 1) император басқарған монархиялық мемлекет құрылымының түрі; 2) жер жүзінің әр түрлі бөліктерінде кең-байтақ аумақтарды басып алған ірі отаршыл мемлекет.
43. Инновация (жаңалық жарату) - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.
44. Интеграция (лат. іntegratіo – қалпына келтіру, толықтыру, іnteger – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді бөлу, олардың арасындағы байланыстарды бұзып, өзара ынтымақты іс-қимылын жою.
45. Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы. БҰҰ жарғысына сәйкес интервенция халықаралық құқық бұзушылық болып саналады.
46. Ипотека (грек. hypotheke — кепіл‚ кепілзат) —. ұзақ мерзімге несие алу үшін жылжымайтын мүлікті кепілге салу. ипотекалық қарыз ақша (ипотекалық несие) қозғалмайтын мүліктің кепілдігіне банк беретін қарыз ақша. сенім қозғалмайтын мүліктің кепілдігі туралы банк қарыз алушыға беретін куәлік.
47. Историогра́фия — в узком смысле слова совокупность исследований в области истории, посвящённых определённой теме либо исторической эпохе (например, историография эпохи Крестовых походов), или же совокупность исторических работ, обладающих внутренним единством в идеологическом, языковом или национальном отношении (например, марксистская, англоязычная или французская историография).
В более широком смысле историография — специальная историческая дисциплина, изучающая историю исторических наук.
48. Капитуляция (лат. capіtulatіo, лат. capіtulo – «келісім жасаймын», «тарауларға бөлемін», лат. capіtulum – «тарау», «бөлім», «баб») — құқық теңсіздігімен сипатталатын келісімшарттардың ерекше түрі. Онда жеңілген мемлекет азаматтарына қарағанда шетелдіктер үшін артықшылығы бар режим шарттары тіркеледі. Капитуляция мазмұны келісуші жақтардың күштерінің арасалмағымен анықталады.
49. Конфессия (лат. confessio — ғибадат) или дінге сену — белгілі бір діни ілімінің шегіндегі дінге сенушілік ерекшеліктері, сонымен қатар осы дінді ұстанатын ізбасарлардың бірлесуі.
50. Капитализм – жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты. Марксизм теориясы бойынша, Капитализм өндірістің негізгі құрал-жабдығы жалдамалы жұмысшы табын (пролетариатты) қанайтын капиталистер табының (буржуазияның) меншігі болып табылатын, өндірістік игіліктер, негізінен, рынок арқылы бөлінетін қоғами құрылыс.
51. Дағдырыс [кризис] - мәселенің асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының орнын толтыру оңайға түспейді. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық және т.б. дағдарыстар.
52. коллективиза́ция — политика объединения единоличных крестьянских хозяйств в коллективные (колхозы и совхозы), проводившаяся в СССР в период с 1928 по 1937 год (в западной части страны — до 1950 года) с целью преобразования частных индивидуальных хозяйств в общественные для обеспечения наибольшего контроля со стороны государства над сельским хозяйством страны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет