Тақырыбы: Байқау практикасының мақсаты мен міндеттерін ұғады.
Байқау практикасының мақсаты:
- студенттердің жалпы және бейорганикалық химиядан теориялық білімдерін бекіту және химияның дамуы ағымдағы үрдістерге кәсіби қызығушылығын дамыту, оларды тәжірибелік машықтарға үйрету, болашақ мансаптық проблемаларды шешуді қамтамасыз етуге үйрету;
- ғылыми зерттеулерді қоюдың негіздерімен және химиялық өндірістермен, химия өнеркәсібі дамуы тарихымен, озық өндірістік әдістермен, химиялық технология процестерінің ғылыми принциптерімен танысу;
- зертханалардағы қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысу;
- химиялық зертханалардағы ыдыстармен, құралдармен, аспаптармен және олардың қолданылумен танысу (түрлері, қолданылуы);
- химиялық зертханаларда қолданылатын препараттар мен реактивтермен (жіктелуі, таңбалануы, сақталуы) танысу;
- химиялық зертханалар жағдайларындағы химиялық эксперименттер техникасының негізгі элементтерімен танысу.
Байқау практикасының міндеттері:
- қазіргі заманауй арнайы жабдықтарда жұмыстар орындау техникасын меңгеру;
- өз бетімен эксперименттік жұмыстарды орындағанда қажетті болатын химиялық әдістері мен тәсілдерді жүзеге асыруды меңгеру;
- химиялық эксперимент нәтижелеріне (сенімділігі, қайталанатыны) қойылатын талаптармен танысу;
- эксперименттік нәтижелерді статистикалық өңдеу, математикалық талдау және дағдыларын қалыптастырумен таныстыру;
- студенттердің шығармашылық ойлауын, активтілігі мен тәуелсіздігін дамыту, теория мен практика арасындағы байланысты нығайту;
- химиялық процестер мен оларға тиісті құрылғылардың, химиялық технологияның негізгі заңдылықтарын зерттеу, оқу;
- химия өнеркәсібі келешегінің даму құндылығы мен мәнін анықтау;
- химиялық - технологиялық процестер химия, физика, механика, экономика және т.б. заңдарының жиынтығына бағынатынын дәлелдей білу;
- химия өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсеріне назар аудару және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттарын анықтау;
- студенттің назарын химик мамандығының кең ауқымды екеніне аудару: химик - жұмысшыдан (аппаратшы, химиялық зертхананың лаборанты) бастап инженерлік, инженер-технолог мамандығына;
Байқау практикасына қатысты бұл мақсаттар студенттердің төмендегі мына кәсіби іс-қызметтерімен:
- білім беру (педагогикалық);
- эксперименттік – зерттеу;
- ғылыми-зерттеу
және міндеттер мына кәсіби-іс қызметтермен:
- кәсіби өзін-өзі оқыту және өздік өсуін жүзеге асыру, ары қарай білімін жетілдіру жолы мен мансабын жобалау;
- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеумен, ғылыми бағдарламаларды іске асырумен, эксперимент қоюмен сәйкестенеді.
Байқау практикасын өту нәтижесінде студент білуге міндетті:
- қазіргі заманғы химиялық зерттеулер әдістемеслерін;
- химиялық зерттеулер саласындағы соңғы жетістіктерді.
Байқау практикасын өту нәтижесінде студент орындай білуге міндетті:
- эксперименттік жұмыс жүргізу үшін қазіргі заманғы (заманауй) химиялық жабдықтарды пайдалану;
- теориялық білімді және эксперимент орындау дағдыларын тәуелсіз эксперименттер қоюға, жоспарлауға және алынған нәтижелерді хаттауға қолдану;
- химиялық реактивтермен, еріткіштермен және зертханалық химиялық құралдармен жұмыс орындау;
- концентрациясы белгілі ерітінділер дайындау үшін, сапалық және сандық құрамын анықтау үшін, тұнбалар түзілуінің жағдайларын анықтайтын қажетті есептеулер жүргізу;
- химиялық зертханаларда жұмыс орындағанда негізгі қауіпсіздік ережелерін қолдануға.
Байқау практикасын өту нәтижесінде студент машықтанауға міндетті:
- физика - химиялық өлшемдерді жүргізудің негізгі әдістеріне;
- химиялық эксперимент жүргізген кездегі қателерді бағалау әдістеріне;
- химиялық технологияның принциптеріне;
- эксперименттік және теориялық зерттеулер нәтижелері машықтарын хаттауға, қорытындыларды тұжырымдау дағдыларына.
Сұрақтар:
Байқау практикасының мақсаты?
Байқау практикасының міндеті?
Байқау практикасы бойынша қысқаша түсінік
Үй жұмысы: Байқау практикасы туралы түсінік
Достарыңызбен бөлісу: |