2. автономия/ autonomy



бет20/52
Дата30.05.2022
өлшемі288,78 Kb.
#145492
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

10.Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде
аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:

  • 1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі.

  • 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі.

  • 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі.

  • 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.

  • 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы.

  • 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.

  • Съезд қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді. ДелегаттарБүкілресейлік Құрылтай жиналысыныңболашақ депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, М.Дулатов,Х.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, С.Аманжолов, М.Шоқай,У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды

  • Бірінші жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет