14. Алаш автономиясының жариялануы. Алашорда қызметі. Алаш автономиясы - қазақ халқының 1917-1920 жылдардағы өмір сүрген ұлттық мемлекеті.
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды.Құрамына Бөкей елі (Еділ мен Жайық аралығы), Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары кіретін болды. Оның басты мақсаты- жерді қазақтардың иелігінде қалдыру болды.
Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы Түркістан) автономиясына кіретіндігін мәлімдейді.
Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі. Оның қүрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды
Алаш партиясының сипаты – ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады.
15. Образование Казахской АССР. Завершение объединения казахских земель. ҚКАСР-нің құрылуы. Қазақ жерлерінің бірігуінің аяқталуы. ҚазақАвтономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы заңды түрде 1919-1936 жылдары өмір сүрген мемлекет болды.1919 жылдың10 шілдесінде ғана: Қазақ өлкесін басқаратын революциялық комитет қысқаша РЕВКОМ туралы уақытша ереже атты әскери әкімшілік орган құрылды.1920 жылы Мәскеу қаласында Қырғыз АКСР құру туралы бірнеше жиналыстар өтті. Соңғы мәжіліске Соцалистік революцияның көсемі Кеңес мемлекетін құрушы Ленин төрағалық етті. Нәтижесінде 1920 жылдың17 тамызында Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөңіндегі декреттің жобасын қарап қолдады. 1920жылдың 26 тамызында Ленин ме Коленин қол қойған Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасы құру туралы тарихи декрет жарияланды. Осы заң бойынша Қырғыз АКСР Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы мемлекеттің құрамында құрылатыны бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. 1925 жылы 1919 жылы 19 қыркүйекте Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды, 1919 жылы 7 шілдеде Орынбор республика құрамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік респ-сын құру туралы декрет шықты. Астанасы- Орынбор 1920-1924жж, содан кейін Қызылорда, 1929-1997жж Алматы қаласы болды. Аумағы Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Астрахань губ-ң бір бөлігі.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді