2. автономия/ autonomy


«Хрущевская оттепель»./ «Хрущев жылымығы»./ "Khrushchev thaw"



бет28/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

33.«Хрущевская оттепель»./ «Хрущев жылымығы»./ "Khrushchev thaw"
Хрущев билікке келісімен ішкі және сыртқы саясатта “жылымық” басталды, партиялық — мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Осы мақсатта партиялық және мемлекеттік аппараттың айрықша құқықтарына шектеу жасап, біршама ашық қоғам орнады. Хрущев КОКП-ның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан соң іле-шала саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. 1954 — 64 ж. аралығында КСРО-да Тың игеру жүзеге асырылды. Қудалауға ұшыраған халықтардың саяси және Әлеуметтік құқықтары қалпына келтірілді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. 1954 ж. алғашқы атом электр станциялары салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, социализм толық және түпкілікті орнады деген үстірт қорытынды (21-съезд, 1959) шығарылды, ал КОКП-ның 22-съезінде (1961) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды. Елде тоталитарлық режим сақталды, басқаша ойлаушылық тұншықтырылды, интеллигенцияға қарсы қуғын-сүргін, жұмысшылар демонстрацияларын күшпен басу (Новочеркасск, 1962, т.б.), басқа елдердің ішкі ісіне араласу (1956 ж. Венгрияға әскер кіргізу), т.б. келеңсіздіктерге жол берілді. Батыспен арадағы әскери қақтығыстар (Берлин, 1961, Кариб дағдарысы, 1962, т.б.), “Американы қуып жету және басып озу” сияқты саяси жалаң ұрандар, 1980 жылға дейін коммунизм орнату уәдесі, осылардың барлығы оның саясатының тиянақсыздығын көрсетті. Сонымен қатар шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның облысы ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Саяси қайраткерлерге, әскери басшыларға сенімсіздік көрсетілді. 1957 ж. армия мен халықтың алдындағы беделінен қауіптеніп, қорғаныс министрі Г.К. Жуковты орнынан алды. Тың игеру барысында Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы Ж.Шаяхметов қызметінен негізсіз босатылып, орнына П.К. Пономаренко қойылды. 1956 ж. Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандары Өзбекстанға берілді.1958 ж. тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды. Осылардың барлығы халықтың және партия қайраткерлерінің наразылығын туғызды. 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, 1-хатшылыққа Л.И. Брежнев сайланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет