2. автономия/ autonomy


Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері



бет26/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері. Мәдени дамудың саяси үдерістер мен ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты үш негізгі кезеңін бөліп көрсетуге болады.Iс жүзінде өткен ғасырдың әрбір онжылдығына тән ерекшеліктер жинақтала келіп, мәдениеттің әртүрлі
формаларындағы орнықты үрдістермен көрінді. Мәдениетте, жүйедегі сияқты, бәрі бірімен бірі байланысты және бірін-бірі айқындайды.Бірінші кезең неғұрлым қарқынды және оқиғаларға толы болды. Ол ХIХ және ХХ ғасырлардың шегінде басталып, екі онжылдыққа (1918—1919 жылдарға дейін) дерлік созылды. Әлеуметтік-саяси процестердің (соғыстар,революциялар) шиеленісті дамуы аясында нақты ғылымдар саласында және техникада жаңалықтар ашылып, көптеген көркемдік формалар, стильдер, философиялық тұрғырнамалар пайда болды. Осының нәтижесінде әлем нің жаңа бейнесі өмірге келді. Әдебиетте, (әсіресе поэзияда), кескіндемеде, сәулет өнерінде модернизм дамыды, режиссерлік театр пайда болды.Екінші кезең (20-жылдар — 30-жылдардың соңы)әдебиетте
авангардизмнің, ұлттық реализм мен нату-рализмнің, кескіндемеде, музыкада авангард пен сюр-
реализмнің, сәулет өнерінде конструктивтілік пен интер националдық стильдің,
эксперименттік театрдың, кино өндірісінің, өнеркәсіптік дизайнның дамуымен сипатталды. Әлеуметтік катаклизмдер, жаңалықтарды, техникалық прогресті ой елегінен өткізуден мәдениет пен ғылымда негізгі бағыттар мен ағымдар бөлініп шықты. 
Мәдениеттің жаңа тоталитарлық формасы (социализм мен фашизм) пайда болды.
Үшінші кезең соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың бүкіл екінші жартысын қамтиды. Бұл ке зеңде ортақ үрдіс — адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім айқын көрінді. Десе де, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың бір-біріне қарсы тұру проблемасының 
өзара түсіністік табуы да назардан тыс қалмады. Әрбір 
келесі онжылдық мәдениетке қандай да бір ерекше жаңалық қосып отырды.60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) 
антимәдениетін жасауға әрекеттенген “алпысшылдардың” феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлық-зомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары “алпысшылдардың” өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшы-
лардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертті.70—80-жылдар — бұл ретро және әкелер мен балалардың қатар өмір сүруі. Жалпыға ортақ компьютерлену мен компьютерлік кескіндеудің, виртуалды шындықтың пайда болуы, сондай-ақ басталған урбансыздану процесі 
постиндустриялық қоғамның көркем мәдениетке өтуін білдірді.
29.Общественно-политическая жизнь в Казахстане (2 половина 40-х -50 е гг. XX в.). Дело «Бекмаханова». / Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір (ХХғ. 40-50 жж.). Бекмаханов ісі./Social and political life in Kazakhstan (2 half of the 40s-50s of the XX century). The Bekmakhanov case.
Бекмахановтың бастан кешкендері айтылғанда мәскеулік ғалым Анна Панкратованың есімі қатар аталады. 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған ғалымдармен бірге «Қазақ ССР-інің тарихын» жазу үшін Қазақстан КП(б) орталық комитетіне хат жолдаған ол болашақ кітаптың ғылыми және идеялық мазмұнына артылатын жауапкершілікті өз мойнына алды («Вопросы истории», 54-б. №11, 1988 ж. ). Бұл еңбек жарыққа шыққаннан кейін Сталиндік сыйлыққа ұсынылғанымен, бәйгеден келмеді. Кітаптың сыйлықтан қағылуын ол Сталиндік сыйлық бойынша комитет мүшесі, СССР ҒА мүше-корреспонденті Алексей Яковлевтен және өзімен бұрыннан қырбай академик Евгений Тарледен көрді. Панкратованың табандылығының арқасында бұл мәселе БКП(б) Орталық комитетіне дейін жетіп, «тарих ғылымындағы кейбір тенденцияларды қарастыру үшін» СССР ҒА тарих институтында 1944 жылғы мамырдың 29-ы орталық комитет хатшылары тікелей басқарған (оның ішінде Андрей Жданов пен Георгий Маленков болды) талқылау басталды.

«Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» деп аталатын тарауы тарихшы Бекмахановтың үлесіне тиген кітап осылайша алғаш рет талқыға түсті. Алайда бұл жиында жеңгендер де, жеңілгендер де болған жоқ. Тарле, Яковлев, Бушуев сынды ғалымдар «Қазақ ССР-інің тарихы» Ресейге қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптеген, орысқа қарсы жазылған кітап» (Панкратованың хаты//«Вопросы истории», 59-б. №11, 1988 ж.) деп бағаласа да, жалпы алғанда мүлде теріске шығарылмады, тіпті кей тұстарда жоғары бағаланды. Қалай болғанда да, институт бұл жөнінде қандай да бір баға беретін қаулы да қабылдамады. Алайда осы кезде айтылған ішінара сындарды қазақтың кей ғалымдары ұмытпай, кейін де ұрымтал тұста пайдаланып отырды.


Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды. Осы сәттен бастап «тұңғыш доктордың» жолына түрлі тосқауылдар қойылып, «кітапта идеялық қате кеткен», «басқа ғалымның еңбегінен көшірілген» деген қисынсыз айып тағыла бастады.


30.Освоение целинных и залежных земель в Казахстане: экономические, демографические и экологические проблемы (50-60-е гг. XX в.)./ Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру (ХХғ. 50-60 жж.): экономикалық, экологиялық проблемалар. /Development of virgin and fallow lands in Kazakhstan: economic, demographic and environmental problems (50-60-ies of the XX century.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет