Экологияның адам ағзасына әсері. Адам



Дата31.12.2019
өлшемі59 Kb.
#55049
ЭКОЛОГИЯНЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ. АДАМ.

Рамазанова Сағыныш

№1 орта мектебі

3 «В» сынып оқушысы

Сынып жетекшісі: Жакупова Марзия Саментовна

Мақсаты: Жер бетіндегі, жалпы өмірдегі қоғамның ең құнды, маңызды тіршілік иесі – адам екендігіне тоқталу. Адам денсаулығын қорғау мәселелері. Жергілікті жердегі ірі өндіріс орындарының адам денсаулығына тигізетін зияны және зиянды болдырмау жолдарын ұсыну.

Өзектілігі:
Өмірді жалғастырушы да, дамытушы да адам болғандықтан адамның өмірі мен денсаулығы қазіргі таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі.

Аннотация


Біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда саналылығымен ерекшеленіп, өмір сүру қабілеті арқылы дараланып, қоғамды алға қарай өркендетіп, ұрпақ жалғастығын дамытып отырған тіршілік иесі – адамның пайда болуы ең құдіретті және маңызды мәселенің бірі. Адамның ерекше қасиеттері арқылы оны танып білeге болады. Адам – еңбегі мен қызметі арқылы танылып, алдымен өзіне сонан соң қоғамға пайда әкеледі. Жоғарыда айтқандай қоғамды білімі мен шеберлігінің арқасында дамытып, ғылым мен техниканы, өндірісті алға өркендеткен сайын экологияның нашарлауы жаһандық проблема болып отыр. Адам мен табиғат өте тығыз байланыста болғандықтан экологияның адам ағзасына әсері күшті екендігі белгілі. Адамның басты байлығы – денсаулығы. Дені сау адамның қол жеткізер биіктері де көп болады. Әр өңірдің өндіріс көздері мен орналасу жеріне сай түрлі экологиялық мәселелер бар. «Жақсы ізгі қоғам құру үшін ең алдымен сол қоғам мүшелерінің денсаулығынан бастау керек» дейді ғалымдар. Сол себепті, Жезқазған аймағында ірі өндіріс орындарының халық денсаулығына әкелетін зияны жөнінде зерттеу жұмысын жүргіздім. Ең маңыздысы ауа мен судың біздің ағзамызға өндіріс арқылы тигізіп жатқан зияны негізге алынды.

Кіріспе
Адам жер жүзіндегі ең құнды, маңызды тіршілік иесі. Себебі, осы өмірді жалғастырушы, дамытушы және болашақтың иесі де адам болып табылады. Дегенмен, адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысын қанша зерттесе де таусылмайтын құпияға толы ғажап дүние. Жер бетіндегі өзге тіршілік иелерінен яғни, жан – жануарлардан айырмашылығы саналылығымен ерекшеленіп, сөйлеу және ойлау қабілеті арқылы қалаған ісімен айналыса алатындығында. Мен, өзімнің ғылыми зерттеуімді қоғамның ең құнды бөлігі адам туралы және қазіргі кездегі адам денсаулығын қорғау мәселелеріне тоқталғым келеді. Ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин «Адам маймылдан пайда болды» десе, кейбір елдердің көне жазбаларында адам ғарыштың бір бөлігі делінген. Қандай пікір айтылып зерттелсе де бір кездері адам пайда болып, даму мен жетілудің нәтижесінде қоғамның, табиғаттың ажырамас бір бөлігіне айналғаны рас болады. Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Адамды адам ететін – қоғам. Әр адамның өзінің айналысатын жұмысы, сенетін нәрселері, ұлтына сай тәрбиесі, мәдениеті, салт – дәстүрі секілді өзгеге ұқсамайтын айырмашылығы дүние жүзінде қанша адам болса, сонша тұлға, сонша өмір, сонша тағдыр бар. Қазақ тілінде тіршілік деген сөз бар. Яғни, барлық тіршілік иесі тіршілік етеді, демек өмір сүруді білдіреді. Бұл дегеніміз еңбек ету, бір пайдалы іспен шұғылдану, мағыналы өмір сүру және өзінен кейін ұрпақ қалдыру. Маған белгілі болғандай адамның өмірі тұтастай қызметпен өтеді. Ал адам қызмет ету үшін және жасаған еңбегінен нәтиже болсын десе, алдымен денсаулығы мықты болғаны жөн. Адам - қоғамның ең маңызды бөлігі болғандықтан, оның денсаулығын қорғау да қоғамдағы ең негізгі мәселелердің бірі болып танылады.



Зерттелу
Мен, өзім тұратын Жезқазған қаласы мен оның тұрғындары жайлы айтамын. Жезқазған өңірі кең-байтақ еліміздің дəл орталығында орналасқан жəне республикамыздың халықаралық маңызы бар түсті металлургия орталығы. Қазақстанның ірі мыс, полиметалл, марганец, сирек жəне шашыранды металдар өндіретін кен орындары осында. Халық жиі қоныстанған мəдени аймақтар кен өндірісі орталықтарының маңына шоғырланған. Жезқазған өңірі — ел ерте қоныстанған аймақ. Тарихи деректер ертедегі металлургия мен суғару жүйелерінің, кесене мен сарайлардың маңын мекендеген тайпалардың шаруашылығы мен мəдениетінің жоғары болғандығын көрсетеді. Жезқазған территориясының қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жер көлемінің үлкендігіне, жердің күрделі геологиялық құрлысына байланысты. Өлкенің шикізат қоры ертеден белгілі болған. Біздің жыл санауымыздан 40-10 мың жыл бұрын осы өңірде мыс кен орындары игеріле бастаған еді. Қола дəуірінде мыстан басқа қалайы, алтын, күміс балқытылып, өңделген. Оны жергілікті жердің жер, су аттарынан байқауға болады. Қазіргі кезде игеріліп отырған минералды шикізат көзі өте көп. Солардың ішіндегі ең маңыздылары мыс, темір, марганец, полиметалдар, вольфрам, молибден, ванадий жəне құрылыс материалдары. Бұл өңір мыс кенінің қоры жөнінен Қазақстан Республикасындағы ең маңызды аймақ. Өлкенің мыс кендері кембрийге дейігі заманнан бастап, кейінгі палеозойдың пермь дəуіріне дейін жиналған тау жыныстарымен байланысты. Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жəйттің бірі — қоршаған ортаны қорғау мəселесі. Адамдардың салғырттығы мен бейқамдығынан бастау алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде қалдыруға кері əсерін тигізуде. Өзіміздің мысты өлкеде осындай ойды онға, сананы санға бөлетін салмақты əрі түйінді шаруаларды оңтайлы шешуде жүзеге асырылып жатқан шаралардың бар екені де күмəнсіз. Жезқазған қаласының жер ауданы бүгінгі күнге 859872 гектарды құрайды, оның 683775 гектары қаладан тысқары аумақ. Жалпы жер көлемі ауылшаруашылығына арналғаны- 831701 гектар, өнеркəсіп, көлік жəне байланыс құрылымдарына қатыстысы- 14513 гектар, су қоры 8644 гектар болып бөлінеді. Тіршіліктің мәні — Табиғат Ананың тамылжыған тамаша қалпын сақтауға барша адамзат жан-тəнімен ықыласты екендігі күмəнсіз. Алайда, өндірістің өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа да себептер мен салдарлар қоршаған ортаның кескін-келбетіне елеулі зиянын тигізіп келеді. Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Ауаға зиянды зат тарататын 216 кəсіпорынның 91-інде ауаға тараған зиянды зат көлемі арта түскен. Мұның өзі “Қазақмыс” корпорациясы, “Жезқазғанцветмет” сияқты қаламыздағы ірі өнеркəсіп орындарында өндірістің жандануын да көрсетеді. Жезқазғандағы экологиялық жағдай да күрделі. Есепті мерзімде оның аумағына 74,1 мың тонна зиянды қалдық тараған, бұл алдыңғы жылдың 1 жарты жылдығына қарағанда 2,3%-ға артық. Бұған себеп “Қазақмыс Корпорациясы” ААҚ бөлімшелерінің кəсіпорындарында жанармайдың көп қолданылғаны болып отыр. Бұл кішкене қалашықтың тұрғындарының көпшілігі шахта, зауыттарда, фабрикаларында жұмыс жасайды. Маған белгілі болғандай қаланың тұсында зауыт, байыту фабрикасы бар. Байыту фабрикасы қалаға жақын орналасқан. Бұл дегеніміз өте қауіпті. Фабриканың қасында жеке үйлер салынып, халық өмір сүруде. Менің ойымша бұл фабрика, шахталар алдымен табиғатқа, сонан соң адам денсаулығына зиян әкелетіні сөзсіз. Толассыз шыққан түтін де ауаны ластап жатыр. Сонымен қатар, дүние жүзінде жалпы таза су дефицит болып отыр. Су – тіршілік көзі. Сусыз өмір жоқ. Бірақ, осы біздің ішіп, қолданып отырған суымыздың денсаулығымызға әкелетін зияны бар ма, осыны ойланып көрсек. Кейбір дамыған елдерде халық тұтынатын су арнайы тазартылып барып содан соң беріледі екен. Біздің ауданда кен байыту өндірісі болғандықтан міндетті түрде су тазалығы жөнінде үлкен мәселе бар. Хром алтыншы топтың элементі. Ол әртүрлі қасиет көрсетеді. Мысалы: судың ертіндісінде кездесетін алты валентті хромда қышқылдық жоғары дәрежеде. Ал бұл қышқылдық тістің табиғи эмалін бұзады. Бұл зерттеулер Санкт-Петербург қаласында орналасқан ғылыми зерттеулер институтында дәлелденген. Деректерге сүйенсек, адамдардың тістерінің ерте түрлі ауруларға шалдығуы, судың әсерінен бүйрек ауруларының жоғары көп екендігін айта кету керек. Жұмыс барысында маған белгілі болғандай бұл өте үлкен мәселе және осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыру керек.
Ұсыныстар
Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында төмендегідей ұсынысым бар:
Табиғатты қадірлеу, есепсіз жер байлығын шашпау керек, бәрінің белгілі бір өлшемі бар екендігін ұмытпау қажет. Адам жақсылыққа жаны жақын болып, денсаулығын сақтау мақсатында салауатты өмір сүруді міндет ету. Мінекей, ауа мен судың адам денсаулығына маңызы мен зияны төңірегінде осы жұмыс барысында таныстым.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз «Болашақ жастардың қолында...» дегендей, Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосатын жастардың дені сау, күш жігері мол болуы тиіс! Ал, ол үшін қазірден бастап ойланатын жағдайлар өте көп. Қазақстанда Менделеевтің 100 металы бар. Олардың көбін біз әлі білмейміз. Күндердің күнінде қазба байлық өндірісінен жеріміз шұрық тесік, денсаулығымыз нашар болса, Жер Ананың бізге есепсіз беретін сыйы таусылып, адам өмірінің мәні кетпей ме?

Жаңалықтарым
Бұл зерттеулер нәтижесінде мынадай жаңалығым бар:
Өндірістен қалдық заттардың ауаға таралмау үшін будақтаған түтін шығаратын пештерге тазартқыш фильтрлерді орналастыру.
Сонымен қатар, халық тұтынатын су да тазартылып фильтр арқылы берілсе. Ақпарат тарату көздері арқылы халық денсаулығына келетін зиянды шынайы біліп отыру. Таңғы ас алдында бір шай қасық табиғи бал, бір шай қасық қара зере майын араластырып пайдалану адам ағзасын жақсартуға септігін тигізеді. Су тазалығы — тəн мен жан тазалығы. Су – жердің нəрі. Ол болмаса барлық тіршілік атаулы жойылар еді. Таза сулы таулы аймақтарда өсімдіктердің мəңгі жасыл болып тұратындығы сондықтан. Суды таза сақтау — өмір нəрін таза сақтау, яғни бұл денсаулық кепілі деген сөз.

Қорытынды


Жұмыс барысында маған белгілі болғандай бұл өте үлкен мәселе және осындай маңызды мәселені шешу жолын қарастыруым қажет. Экологиялық ұйымдар мен қоғамдар негізінен туған өлке табиғатын, тарихын сүйіп өсуге, оны қорғауға, патриотизмді қалыптастыруға, адамдардың экологиялық білімі мен таным деңгейін көтеруге бағыт ұстануда. Сонымен бірге облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен бірлесе ағаш, бұта, гүл отырғызу яғни көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарымен шұғылданады. Жоғарыда айтылған дәлелдемелер негізінде табиғатты және адам денсаулығын сақтау, қорғау мақсатында ұсынысым бар. Зерттеулер орындалғаннан кейін, мен оқитын Жезқазған қаласының №1 орта мектебінің оқушылары тазартылған ауыз суымен қамтамасыз ету (фильтрлі) қолдау табады деген сенімдемін.

Ғылыми жобамды Шәкәрім Құдайбердіұлының мына даналық сөзімен түйіндеймін.

«Балам!
Сен бола көр аққа жақ.

Болам десең Адам.

Адал еңбек берер бақ

Бассаң соған қадам!!!»



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Айтуғанов Қ. Экология жəне бизнес// Орталық Қазақстан.- 2000.-26 қаңтар.



  1. Аққұлұлы // Қазақстан ZAMAN.- 2002.-8 ақпан (N6).-3 б.



  1. Ақпамбетова К. Гептилдiң зардабы зор: Ѓалым көзқарасы // Орталық Қазақстан.- 2002.- 12 қазан.-8 б.



  1. Ақылбаев Ж. // Орталық Қазақстан.- 2000.-9 желт.



  1. Ақылбаев М. Батырға лайық Бақия / М.Ақылбаев// Орталық Қазақстан.- 2002.- 16 қаңтар



  1. Əбеуов И. Экология — өзектi мəселе// Орталық Қазақстан.- 2000.-3 маусым


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет