2. автономия/ autonomy



бет35/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

Ташкент. Қытайдан Еуропаға апаратын Ұлы Жібек Жолындағы ежелгі қалалардың бірі болған. Б. з. д. II ғасырда қалалық қоныс ретінде Ташкент туралы алғашқы мәліметтер шығыс дереккөздерде пайда болған. Қазақтар Ташкенті 1586 жылы жаулап алған, ал 1630 жылы осы қала Қазақ хандығының астанасы болып бекітілген. Шамамен жүз жыл бойы Қазақ хандығының ордасы болған. Есім хан Ташкент басшылығын жойып, Ферғана қаласын жаулап алғанда, бейбітшілік үшін Самарқанд, Бұқара қалаларынан бас тартады. Ташкент астана мәртибесіне ие болғанда, мұнда жыл сайынғы Мәслихат (заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі ) жиналысы өткен. Бірақ та Ақтабан шұбырынды жылдарында (1723-1727) жоңғарлар қытайлықтармен бірлесіп, қазақтарға қарсы соғысып жүрген, осы кезде қазақтар Ташкент қаласынан айырып қалған.
Семей. Семей қаласы — Алаш автономиясының астанасы (1917-1920 годы). Семей қаласының тарихы 1718 жылы басталған. Ол Петр I дәуірінде салынған. Осы кездегі шығыс жерлерді қорғау мен Иртыш маңындағы бекіністерді салу туралы Петр I Жарлығы шыққан. Одан кейін Семей бекінісі өзінің әскери-стратегиялық нысан ретіндегі қызметінен айырмай, сауда орталығына-да айналып кетті. Сауда орталығы ретінде ол Ресей мен Қазақстанды, Ресей мен Орта Азияны, Батыс Қытайды байланыстырды. XIX ғ. мен XX ғасырдың басында осы қалаға Ресейдің зиялы қауым өкілдері жер аударылып жіберілген. Сол себептен де, Алаш автономиясының Орынбордағы жалпықырғыздық съезінде Семей қаласы астана ретінде таңдалған
Орынбор. Орынбор қаласының негізі 1743 жылдың 19 сәуірінде қаланған. Алғашқы бекініс 1735 жылдың 31 тамызында қазіргі Орсктің орнында салынған, осылай, қаланың атауы да пайда болды — Орынбор (Орь өзенің бойында орналасқан бекініс). 1920 жылдың 26 тамызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) АССР-ін кұру туралы Декреті шықты. Орталығы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бірақ та 1925 жылы Қазақстан астанасы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Ақмешіт қаласына көшірілген. Сондықтан да оның атауы Қызылорда (Қызыл астана) деп өзгертілген. Орынбор мен Орынбор облысы дербес губерния ретінде РСФСР құрамына кірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет