2. автономия/ autonomy


Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы – қазақ халқы тарихындағы жаңа кезең



бет32/51
Дата29.05.2022
өлшемі277,12 Kb.
#145377
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
тарих гос сурак-отв дурысы (1)

39.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы – қазақ халқы тарихындағы жаңа кезең 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.

40.Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан Республикасының дамуы. Сыртқы және ішкі саясаттағы жетістіктер
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Ендігі жерде өз алдына дербес егеменді ел болып отырғаннан кейін, мемлекет болғандықтан ел ішінде және көршілес елдермен өз саясатын жүргізу қажет. Сол себепті Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап өзінің сыртқы шекаралары мен ішкі тұрақтылығын сақтау мақсатында ел ішінде ішкі саясатты және ел сыртында басқа елдермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзінің сыртқы саясатын жүргізе бастады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ел ішінде ішкі тұрақтылық пен ынтымақты берік ұстап отыру мақсатында сан түрлі бағыттарды қамтитын ішкі саясатын жемісті жүргізіп отыр. Сонымен қатар көршілес елдермен және басқа да шет елдермен өзінің барынша жақсы сыртқы саясатын жүргізіп отырған әлемнің белді державаларымен терезесін тең ұстап отырған мәртебесі биік елдердің қатарына еніп отыр.
Қазақстанның сыртқы саясаты 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Пекин, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. 
 Қазақстанның ішкі саясаты 

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, өзінің егемендігі бар, дербес және демократиялық мемлекет болып табылады. Өз тәуелсіздігінің 19 жылында Қазақстан ішкі саясатын да біршама өзгерістер енгізе отырып, белсенді түрде жемісті жүргізіп келеді. Ішкі саясаттың жүру қарқынын мыналардан көруге болады: 



1.Қазақстан тәуелсіздік алғандықтан, өзінің Конституциясын жариялады. Алғаш рет 1993 жылы Конституция қабылдап, кейін 1995 жылы бүгінгі күнге дейін жетіп отырған екінші жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияның маңызды ережелерін атап кетер болсақ, олар:
Халықтың билік етуі жарияланып, халыққа мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілді.
Қазақстан Республикасында өз аумағының, оның тұтастығының, өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік билік органдарының, өз заңдарының, басқа елдермен терезесі тең болуы Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін айқындайды.
Қазақстан Республикасының саясаты тікелей адам мен азамат құқықтарының артықшылығын, басымдылығын әр кез қолдап отырады.
Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналып отыр. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында ол ұлттардың өкілдері елімізде тату-тәтті тыныш өмір кешуде. Сол себепті Конституцияда адамдардың ұлтына, нәсіліне, жынысы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамай құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі атап көрсетілген
41. Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасындағы мәдени процестер
Қазақстандағы заманауи мәдени үрдістер көпқырлы және әр алуан. Оны қазіргі таңда дамып келе жатқан өнердің барлық түрлері мен жанрларын қоса, мәдениеттің, ғылымның, білім берудің әр түрлі салаларын қамтитын түбегейлі өзгерістерді, инновациялар мен өзгертулердің кең шеңбері ретінде түсінуге болады. Білім беру, мәдениет және ғылым идеологиялық догмалар мен стереотиптерден босап, өзін-өзі дамытуға кең кеңістікке ие болды. Мазмұнның жаңа тәсілдері рухани өмірдегі бір ізділік пен үлгіге салушылықты жоюға мүмкіндік береді. Тарихи жағдайлар кешеніне байланысты Қазақстан көп этносты қоғам болып табылады. Сол себепті мұндай мәдени үрдіс ұлттық мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалымен байланысты құбылыстарды таңдайды. Бұл жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың басқа ешқандай саласында көрініс таппаған ұлттық мәдениет дербес, «таза түрде» деуге боларлық түрде, басқа ұлттардың ең жақсысын сіңіре отырып көрінеді. Сонымен бір мезгілде қазақстандық қоғамдағы мәдени үрдістер елдің географиялық масштабының ұлттық мәдениетімен шектелмейді. Қазақстан аумағында орын алып отырған алуан түрлі саяси, тарихи, қоғамдық-экономикалық үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани мұрасының ең таңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай қалыптасты.
Қазақтардың дүниежүзілік Конгресі (1992) республиканың мәдени өміріндегі зор қоғамдық серпіліс туғызған ірі оқиғаға айналды, ғаламшардың барлық түкпірлерінен белгілі ақындар мен жазушыларды, суретшілер мен саясаттанушыларды, ғалымдар мен бизнесмендерді және басқа да отандастарымызды тұңғыш рет жинады.
Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа аяқ басуы Қазақстанда соңғы жылдардағы мәдени үрдістердің сипатына елеулі ықпал етті. Өткен ғасырдың мәдениетімен айқын жалғасып келе жатқан сабақтастық XX ғасырдың аяғындағы қазақстандық мәдениеттің ерекшелігі болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстандағы қазіргі заманғы мәдениеттің сипаты демократиялық реформалардың тереңдеуіне байланысты елде болып жатқан оң өзгерістерді паш етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет