2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың түсінігі



бет54/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

6. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтар әртүрлі құқық салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және басқа салалармен қорғалады. Азаматтық құқық та меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз — азаматтық заңнамада көрініс тапқан қорғаудың нақты ерекше шаралары.
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына қарай, заттық-құқықтың және міндеттемелік болып топтасады.
Қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттың немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген заттарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бip затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.
Меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бүлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктің құны төленеді немесе бүлінгені өтеледі, яғни келген зиян — шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.
Сонымен, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтіріледі, ал міндеттемелікте — ақшалай өтеледі.
Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады: меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықты тану; мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету (виндикациялық талап); бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен байланысты болмаса да меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бұзуды жою туралы талап (негаторлық талап).
Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік — құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады: 1) мемлекеттік басқару органының, жергілкті өкілдік органның меншік иесінің құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтық немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығындардың орнын толтыру; 2) мемлекеттік басқару органының, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актіні қолданбау туралы талап қою; 3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтағанда оны қорғау.
Әрине, меншік иесінің құқығын немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқығын қорғау басқа негіздерден де туындауы мүмкін, мысалы, шарттық қатынастардан, мүлікке зиян келтіруден, мұрагерлік туралы, авторлық туралы даудан, т.б. Бірак, бұрындары айтылып өткендей, меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың бұл тәсілдері құқықтың өзге институттарына жатады, атап айтқанда, міндеттеме бұзылғанда құқықты қорғауға, залал келгенде құқықты қорғауға, мұрагерлік құқықты қорғауға, авторлық құқықты қорғауға және т.б. жатады. Сондықтан, құқықтарды қорғаудың бұл тәсілдері азаматтық құқықтың тиісті тарауларында қаралады. Бұл тарауда құқықтарды қорғаудың шектеулі, азаматтық-құқықтық ұғымға жататын тәсілдері ғана қаралады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтары әртүрлі құқықтық салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және басқа салалармен қорғалады.
Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл саласының тікелей объектісі болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқықтың өзі меншік құқығы мен заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.
Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің, заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең мағынада алсақ, ол азаматтық құқықтардың барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырылады. Меншік құқығы мен өзге заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтық құқықтармен бірдей қорғалады, азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық принциптеріне, қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективтік азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады.
Азаматтық құқықтың тар мағынасында алсақ, меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз- азаматтық заңнамада бекітілген меншік құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет