2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі



бет57/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

1. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі. Мұның нормалары мыналарды реттейді: міндеттеме ұғымын және түрлерін; міндеттеменің туындау негіздерін; міндеттеменің орындалуын; міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді; міндеттеменің бұзылғаны үшін жауапкершілікті; міндеттемеде тұлғалардың ауысуын; міндеттемеде тұлғалардың ауысуын; міндеттеменің өзгеруі мен тоқтатылуын; шарттар туралы жалпы ережелерді.
2. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімі. Ол міндетемелердің жекелеген түрлерін реттейді. Бұл міндетемелердің барлығы екі топқа бөлінеді: а)шарттық міндеттемелер, б)шарттан тыс міндеттемелер.
Шарттық міндеттемелердің мынандай түрлерін ажыратуға болады:
1) мүлікті меншікке беру жөніндегі міндеттемелер: сатып алу-сату; сыйға тарту; айырбас; рента;
2) мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер: мүлікті жалдау, оның ішінде: лизинг, мүлікті ақысыз пайдалану; тұрғын үйді жалдау;
3) жұмыс орындау жөніндегі міндеттемелер: мердігерлік, оның ішінде: күрделі құрылысқа, жобалау-іздестіру жұмыстарын орындауға, күрделі жөндеуге, ғылыми-зеттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындауға мердігерлік;
4) қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелер: көлік міндеттемелері, оның ішінде: тасымалдау, көлік экспедициясы; банктік қызмет көрсету; тапсырма; комиссия; сақтау; сенімгерлікпен басқару; франчайзинг; факторинг.
Шарттан тыс міндеттемелер өз кезегінде мыналарға бөлінеді: а)конкурстық міндеттемелер-АК 46-тарау; б)зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер – АК 47-тарау; в)негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер – АК 48-тарау; г)тапсырмасыз басқаның мүддесі үшін қызметтен туындайтын міндеттемелер – АК 42-тарау.
2. Міндеттеме түсінігі және түрлері
Міндеттеме құқықтық қатынас, борыш, міндет, осы міндеттеме көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация) мағыналарында пайдаланылады.
АК 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынас мағынасында берілді: міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет