Міндеттемелік қатынастың ерекшеліктері: 1)міндеттеме мүліктік құқықтық қатынас болып табылады; 2)міндеттемеде материалды игіліктердің ауысуы болады, яғни оған жылжымалылық сипат тән; 3)міндеттемелік құқықтық қатынаста міндетті тұлғалардың белсенді мінез құлқы болады; 4)міндеттемеде құқылы адамға нақтыміндетті тұлға қарсы тұрады (салыстырмалы сипат); 5)міндеттемелік құқықтық қатынастар заттық құқықтық қатынастардың туындысы және міндеттеменің көмегімен меншік құқығының және басқа да заттық құқықтардың ауысуы болады.
Міндеттеменің тараптары: борышқор мен несие беруші болады. Міндеттеме әдетте екі жақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе несие беруші болса, ол міндеттемеде тұлғалардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап болады.
Міндеттеменің мазмұнын оның тараптарының құқықтары мен міндеттері құрайды. Құқылы тарапқа тиесілі субъективті құқық талап ету құқығы деп аталады, ал міндетті жақта жатқан міндетті – борыш деп атау қабылданған.
Міндеттемелердің түрлері:
1. Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша шарттық және шарттан тыс міндеттемелер деп топтастырылады.
2. Құқықтар мен міндеттердің арақатынасы бойынша: - біржақты, яғни міндеттеменің бір тарабында тек құқықтар болады, ал екінші тарабында тек міндеттер болады (мыс. заем, зиян келтіру);
міндеттемнің әрбір қатысушында құқық та, міндетт те бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де ролінде болады (АК 269-б. 3-т.).Мыс., сатып алу-сату, жалдау шарты.
3. Орындау нысанасының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер:
1) белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер;
2) балама міндеттемелер;
3) факультативтік міндеттемелер болып бөлінеді.
4. Бір бірінің өзара байланысның сипатына қарай міндеттемелер: басты және қосымша немесе акцессорлық болып бөлінеді.
5. Міндеттеме нысанасының сипатына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатын – заем, тауар жеткізілімі) және бөлінбейтін (бөліп орындауға болмайды , мыс., үй құрылысы, сурет салу т.б.) деп бөлінеді.
4. Борышқордың жеке басымен байланысы бойынша жеке сипаттағы міндеттеме ажыратылады, оның борышкердің жеке басымен байланыстылығы соншалықты тығыз, оны басқа тұлғаға тапсыруға тыйым салынған, борышкердің өзі ғана орындайды. Борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғаның таратылуына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы ғалымның ғылыми мақала жазу жөніндегі ғылыми журналындағы міндеттемесі. Қатынастардың жеке сенімгерлік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т.б. тән.
Достарыңызбен бөлісу: |