Эмоция жөніндегі түсінік Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағытипке оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда сезімдік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияға арналған тақырыптар , психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретіде сөз болмаған, таза натурализм үстемдігі туралы мәселеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияның енуімен , психологиядағы бихевеаризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядағы эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жғдайда бихевеаризммен типтес. Өйткені психологидағы бихевеаристік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытта баяндалып, өзге тақырыптармен салыстырғанда өз алдына ерекшеленіп, арпа дәнідегі бидай дәніндей болып көрінеді. Бұлай деп анықтаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасындағы қозғалғыштың пайда болуы деген» еңбегінде бұрынғы биология ғылымының дәстүрін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы Хайуаннаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффектік серпілістермен тығыз түрде дамып жетті дейді. Оның жақында орыс тілінде аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімнің пайда болуы адамның өзі сияқты, жануар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазды. Мәселен, шындығына үңілетін болсақ , Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Бір тарихшы ғылымның айтуына қарағанда ортағасырлық діни көзқарастарынан арыла қоймаған ағылымның бір психолог маманы Дарвиннің идеяларына аса сақтықпен қараған көзқарасын бетіне перде етіп тұтып , оған жанашырлық кейпін білдіріп былай депті: Дарвин адам тіршілігіне тән адам мақсат-мүддесін және оған құмарлығын жануарларға тән сезім күй мен эмоцияның пайда болуынан дәлелдеп отыр.
Егер біздер эмоцияны биологиялық жағынан іздестіріп, оның психикалық тіршіліктің тұтас бір сапасы ретінде жайылып бара жатқанына көз жіберетін болсақ, онда тікелей жүргізілген психологиялық тәжірибелер онан келетін тәжірбиелік зерттеулер, мұндай ойдың құрғақ сандырақ екенін әшекерлейді.
Қоршаға ортада кезікккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап қалса – қуантып , екіншісі – қапаландырып , жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан – алуан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады, мысалы түсі ұнамайды, даусы жағымсыз, дәмі татымсыз ж. т. с. өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделі сезімдерге себепші келеді . Сезім ауқалы өте кең өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш , таңдану мен жеркену – мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстар мен қатынас жасауынан туындаған әр қилы формада көрініс беретін толғаныс күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет . Жоғары деңгейдегі сезімдер. Адам жан дүниесінің қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпияларын танып білуге ұмтвлувнда. Мұндай әрекет адам сезімнің жоғары денгейдегі саналы әрекетін, эстетикалық талғамы мен адамгершілік – моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл – күйіне байланысты. Жоғары денгейдегі сезімдердің ақыл – ой, эстетикалық ж/е моральдық адамгершілік түрлері бар. Ақыл – ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Сезімнің бұл түрі – адамның сезімдік кейін оның әрекет, қылықтарының негізгі себепшісі ретінде қарастырады. Адам сезімнің көріністері әрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған , созылыңқы, бірақ әлсіз, күшті бірақ қысқа мерзімді болуы мүмкін. Сонымен бірге , сезімдер тереңдігі, саналылығы, тектілігі пайда болу және сөну шарттары, денеге әсері , даму желісі, бағыты көріну және т.б. жағынан әрқилы сипатты келді. Сезімің ішкі жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес. Субъектив талғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді: тіршілік қажеттіктерді қанағаттандырып, рахатқа бөлуші ұнамды сезімдер; тіршілік қажеттеліктердің орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсетін жағымсыз сезімдер. Тіршілік қажеттіліктердің орындалмауынан қанағатанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер. Орындалып жатқан адам қажеттіліктердің деңгейіне орай сезімдер қарапайым күрделі келеді. Қарапайымдары-моральдық , эстетикалық және отан сүйгіштік. Көріну әлпетіне орай барша эмоциялық қалыптар келесідей түрлерге жіктеледі: көңіл-күй, кейіп, эмоция, стресс, фрустрация, құмарлық , жо,ары сезімдер. Көңіл - субъектіге қандай да эмоциальды реңкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше сигналдық түрі: кейбір түр-түс, дыбыстар, иістер, өздерінің негізгі мәніне байланысты біздің есімізге түсуден жағымды не жағымсыз есімдер тудырады. Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін. Мұның бәрі біздің сол сәттегі көңілімізге байланысты. Егер көңіл тұрақты тітіркедіргішпен ұштасса, бұл идиосиенкрация сырқатының белгісі. Кейіп –біраз уақыт басты адамның көңілін билеп, мінез-құлыққа әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Өмір тіршілігінде адамның сезімі бір объектіге бағыталып, оған қуанады, не күйзеледі. , біреуді сүйеді, не бір нәрседен шошиды. Мысалы ұнамсыз хабар естіген адамның көңіл-күйі түсіңкі болып , оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып, ретеле басталса оның көңіл-күйі тасиды, шаттық езімі ұзаққа созылады. Адам кейпі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып отырады. Егер адам шаршап, шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпісолғын болады. Ал дені сау, ұйқысы қанық , көңілі көтеріңкі болса , адам мәз болып жадырай түседі. Рухани байлығы мол , мақсат –міндеті айқын ауыр жағдайларға да мойын ұсынбай , өмір сүріп, жұмыс істей алады., өз кейпін меңгеріп, оған иелік ете алады. Эмоция –сезімнің тікелей қатынастағы уақытша көрінісі. Мысалы, сахнадағы айтыскер ақындардың бір ауыз тапқыр сөзіне болса, көрермендердің бір мезет дүрілдете қол слғып, қошемет айқай салады. Іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық және астеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат юберіп , іс-әрекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам «тау қопаруға» дайын тұрады. Керісінше, кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады,енжарлық басады-бұл астеникалық эмоция көрінісі. Мысалы, қорқыныш сезімінің саналы болуынан адам өзіне жинақтап қтерге қарсы шабуылға шықты. Ал сол қорқыныш адамды итермелеп, тізесі қалтырайтын дәрежеге де келтіреді.
Қуаныш-орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоциялық күй.
Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан зейін толығымен таңдануға себеп болған, нысанаға ауыасды, кейін ол қызығушылық ниетке жол ашады.
Қасірет-алғашында азда болса сенім күттірген маңызды өмір қажетілігінің орындалмауы не орындалмайтыны жөнінде ақпарат алудан басталатын жағымсыз эмоциялық күй.
Қаһар-субъектісіне өте маңцызды қажеттіліктің күшті кедергіге ұшырап , орындалу мүмкіндіктерінің кенеттен жайылуына байланысты пайда болып, дүлей көрініс беретін ұнамсыз эмоциялық қабілет.
Жеркену-тікелейқатынаста болған объектілердің жеке адам идеологиясына адамгершіліктік эстетикалық толғанысына қарама-қарсылықты болуынан туындайтын ұнамсыз сезім түрі.
Жек көру-адам аралық қатынастарды субъектінің көзқарас салты мен сезім объекті қылықтарының бір-бірінен сәйкес келмеуінен жүз беретін ұнамсыз көңіл-күй.
Қорқыныш-субъектте өз тіршіліктеріне шын және болуы мүмкін қатер жөнінде ақпарат алуымен бірге пайда болатын сезімдік құбылыс.
Ұят-субъектің өз қылық әрекеттері, ниеттері және сырт келбетінің басқалар күткендей не өз принциптеріне арайлас күткендей не өз принциптеріне орайлас болмағынын түсінуден келіп шығатын ұнамсыз скезім түрі.
Эмоциялық толғаныстар бір текті болмайды. Бір объектінің өзі біріне-бірі қайшы келген әрқилы сезімдік күйді пайда етеді.
Өте күшті эмоциялық әрекет күші – аффект қысқа да қарқынды өтуімен ерекшеленеді. Бұл сезім құбылысы субъект үшін өте қажеті болған өмір ьжағдайларының кенкеттен өзгеріске түсуінен болады. Аффектте адамның қозғалыс әректтері ұстамсыз күйге келдіп ішкі ағзалар қызметі күйзеліске ұшырайды. Бұл қорыққаннан да , қатты қуанғаннан да болады.
Дені сау адам бойын аффект кернеген кезде ақыл-есінен танбайды. Адам бойындағы қаншалықты ашу-ыза болғанымен, аффектіні ауыздықтан , епік күйіне бағындыруына болады.
Адамның көңіл-күйінің кейпін білдіретін жәйттің бірі психологияда фрустрация деп аталады. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі себептер мен кедергілерге ұшырап, адам оған ренжиді, көңілі құлазып күйзеледі, ашуға булығады.
Эмоция-қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басына түскендей сезіну.
Құмарлық-құмарлық көрінісі анық , ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір затқа бағытталады. Құмарлық адамның белсенді іс-әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. Мысалы оқуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді., мәдениетін дамытып, өмірдің мақсат-мүддесін жеткізеді. Ал ұнамсыз құқмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей-берекетсіздікке ұшыратады.
Эстетикалық сезім – обьектив шындықты беткелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын , жарасымдымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл – күй. Әсемдікті қабылдап, оған сүйсіну, ләззаттанып, рухани күшін арттыру сезімі – адамның өмір тіршілігінде біртіндеп қалыптасатын жағдай. Әсемдікті қабылдау туа пайда болмайды. Әсемдік әлемі адамға өзінің сұлулығымен , табиғи жарасымдылығымен ж/ е шынайы көркемділігімен әсер етіп, адамның мақсаты – мүддесіне, рухани қажеттілігіне лайықты дамиды. Сезімдер организмде жүріп жататын ерекше процестерімен байланысты. Бұл процестердің көзі негізінен сыртқы дүние өзгерістеріне, олар бүктік дене әрекет-қимылына әсер етеді. Осыдан , мысалы , көңіл-күй қандай да күйзеліске келсе , қан айналымы өзгереді, жүрек соғуы шапшаңдайды, не бәсеңдейді, қан қысымы ауысады, қантамырларыныңм күш қуаты артады, не кемиді және т.б.
Алайда , адам организімінің құрылымы симпатикалық жүйке-жүйесінің қызметіне тәуелді. Осы жүйенің қозуынан бүйректен адреналин сұйықтығы бөлінеді.
Ағзалары әрекетіне өзгеріс ендіріп, оларды шектен тыс тән қуатын жұмсауға дайындайды : қауіп қатер төнгенде бұлшық еттерге қан жеткізу күшейеді, ас қорыту ағзаларының жұмысы бәсеңдейді, ішкі органдардан қан сыртқа тебеді. Бұлшық еттерге қароқынды әрекеттке келуі үшін көп мөлшерде қант жеткізіледі, себебі қант – бұлшық ет қуатының негізі .
Адамның эмоционалдың өрісіне қуат беруші жүйке – ретикулярлы формация деп аталады. Әртүрлі сезім ағзаларынан жүйке ықпалдарын ала отырып, ретикулярлы формация оларды өңдеп, бас миының үлкен жарым шараларына жеткізеді. Қуат жинақтағышы ретінде бұл жүйке ми белсенділігін көтереді не төмендетеді, сыртқы тітіркіндіргіштерге жауап әрекеттерді босаңтатады не іркіп барады.
Басқа тұлғалардың сезімдік кейін олардың мәнері қозғалыс – қимылдарынан, ым – ишарасынан мойын –бас буынынан ж.т.б. айқын тануға болады. Әрбір сезімнің өзіне сай әрекет түрі бар.
Сезім, әрине, біздің тек атымыз ғана емес, сол ойға болған қатынасымызды да білдіретін сөзіміз бен сөйлеу мәнерімізде анық көрінеді. Мұнда дауыс ырғағының да ролі үлкен. Осыдан біз тіпті де түсінбейтін тілде айтылып, жатқанды тыңдай отырып, айтушының қандай күйде екенін қалтқысыз тануымыз мүмкін. Толғаныстардың түрлі мазмұнына орай сөйлеу қарқыны өзгереді сөйлем құрылымы бұзылады.
Сезім әлпеті сол сезімдердің өздері сияқты қоғамдық сипатқа ие. Әрқандай қауымның өзі қабылдап, қалыпқа айналдырған әдептілік, кішпейілділік, тәрбиеләк шектері әртүрлі. Сезімдік әрекет қимылдардың шектен тыс болуын кей адамдар тобы тәрбие кемшіліктері деп біледі, ал екіншісінде – бұл жағдай жалғандықпен ұштастырылады. Адамдардың жиі араласып , қатысуынан сезімдік әреккеттер болды, бір түрлі бірігіп , сан – алуан эмоция рецептерін жеткізудің жалпыланған қорына айналды. Сонымен, сезім білдірудің формалары мен олардың қолданымы нақты қоғамдық қатынастармен анықталып, әлеуметтік бақылау обьектін құрайды.
Адам сезімі дара тұлғалық қасиет. Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп, белгілі бір, екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейіпке беріледі.