19 сурак Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері, объектілері



Дата20.05.2020
өлшемі15,82 Kb.
#69992
Байланысты:
аралық бақылау азаматтык кукык


19 сурак Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері, объектілері.

Мыналар мүлікті сенімгерлікпен басĸару субъектілері болып саналады:

1 Құрылтайшы - бұл меншік иесі, сондай-аĸ өзге заттық кұқық субъектісі немесе сенімгерлікпен басқаруға мүлікті беруге уәкілетті құзырлы орган (нотариус - мұрагерлік мүлікті басқаруға; қамқоршылық және қорғаншылық органы - кәмелетке жасы толмағандардың мүлкін басқаруға; сот - банкроттыĸ кезінде және т.б.).

2 Сенімгер басĸарушы - өз атынан мүлікті басĸаруды жүзеге асыратын тұлға, мүлікті басĸаруды жүзеге асыруға келісетін, кез келген әрекетке қабілетті тұлға сенімгер басқарушы бола алады.

3 Пайда алушы - мүлікті басĸару соның мүдделері үшін жүзеге асырылатын тұлға. Сенімгер басĸарушы болып саналмайтын кез келген тұлға, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтык бірлік пайда алушы бола алады. Егер сенімді басқаруды құру кезінде, пайда алушы атап көрсетілмесе, сенімгерлікпен басĸару құрылтайшысының өзі пайда алушы болып саналады.

Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, аĸша, бағалы қағаздар, мүліктік кұқықтарды қоса отырып, кез келген мүлік сенімгерлікпен басĸару объектісі болуы мүмкін.[2] Басĸаруды жүзеге асыру кезіндегі сенімгер басқарушының негізгі міндеттері болып мыналар саналады: өз меншігі сияĸты, құрылтайшының мүлкін басқаруды қамтамасыз ету; өзінің меншікті мүлкінен мүліктің есебін бөлек жүргізу, ал басĸару процесінде сатып алынған мүлікті сенімгерлікпен басқару мүлкінің құрамына енгізу; мүліктің саĸталуын ĸамтамасыз ету; бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті алу туралы сотĸа талап білдіру, сондай-аĸ мүлікті басĸару бойынша кедергілерді жоюды талап ету.

42. Зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.

ҚР АҚ 917-бабының 2-тармағында зиян келтірушінің егер зиян өзінің кінәсінен келтірілмегендігін дәлелдесе, оны өтеу жауапкершілігінен босатылатындығы көзделген. Заңнама мен тұлғаға зиянды өтеу жауапкершілігі оның кінәсінің болу болмауына қарамастан жүктелетін жағдайлар көзделуі мүмкін.

Сонымен зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздері (шарттары) болып мыналар табылады:

1)құқыққа кайшы іс-әрекет (әрекетсіздік);

2) зияннның болуы:



3) тұлғаның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) мен туындаған құқыққа қайшы салдардың (зиянның) арасындағы себепті байланыс;

4) кінә.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет