Алматы, 2022ж Қашықтан оқыту әдістерінің даму кезеңдеріне тоқталып және жеке атап жаз



бет1/5
Дата03.11.2022
өлшемі75,27 Kb.
#156320
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ж.Алуа


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


СӨЖ

Орындаған: Жұмабай А.Б


Қабылдаған: Калдыбаева А. С


Алматы, 2022ж
1. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНЕ ТОҚТАЛЫП ЖӘНЕ ЖЕКЕ АТАП ЖАЗ
Қашықтан білім беру дамуының 1-кезеңі.XVIII ғасырдың басында Еуропада корреспонденттік оқыту пайда болды. Педагогтер пошта арқылы оқушыларға оқу материалдарын жіберіп, білім алушы берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін өз жұмыстарының нәтижелерін кері байланыс және түсініктемелер алу үшін мұғалімге қайта жіберетін болды.
Корреспонденттік оқуды дамытуға Ұлыбританиялық Айзек Питман елеулі үлес қосты. 1840-шы жылдары ол оқуға стенографиялық хат енгізуді ұсынды: британдық ғалым өз оқушыларына шифрланған мәтіндерді жіберді және оқу нәтижелерін тексеру үшін оқушылардан жұмыстарын қайтарып беруді талап етті. Бұған қоса емтихандар мен қорытынды аттестаттау да дәл сол пошта көмегімен хат алмасу арқылы жүзеге асырылды.
Исаак Питман демократиялық көзқарастарға ие болды, ол бүкіл адамдардың жоғары білім алуына құқылы екенін мәлімдей отырып, білімге қол жеткізу адамның нәсілі, діни-сенімі, ұлты немесе әл-ауқатына тәуелді болмауы керек деп ойлады.
1870 жылдары пошталық хат алмасу арқылы жұмыс істейтін бірінші сырттай мектептер ашылды. 1914 жылы мұндай мектептер Ұлыбританияда, көп ұзамай Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда да пайда болды.
Корреспонденттік оқыту білім беру тарихында елеулі өзгеріс болды, себебі оқытудың бұл түрі білім алуға ұмтылған, алайда алыс шалғайда өмір сүріп жатқан адамдар үшін керемет мүмкіндік туғызды. Әуел баста сапалы білім алуға тек қала тұрғындары ғана мүмкіндік алатын. Алайда корреспонденттік оқыту арқылы педагогтер пошта арқылы оқу материалдары мен тапсырмаларды қалада тұрмаған адамдарға жіберу арқылы білім бере бастады. Білім алушы тапсырманы орындап болғаннан соң, сын пікір мен кері байланыс алу үшін өз жұмысын педагогке қайта салып жіберетін болды. Сөйтіп, бұл арқылы қашықтан оқытудың негізгі ерекшелігі айқындала бастады, яғни оқытудың бұл түрі білім беруде тең құқықтылықты және инклюзияны қамтамасыз ететін болды. Қашықтан оқыту, соның ішінде корреспонденттік оқыту дәстүрлі білім беру мекемелерінде қандай да бір объективті себептерге байланысты оқи алмаған немесе мұғалімді жалдап, бетпе бет білім алуға ақы төлей алмаған адамдардардың білім алуы үшін тамаша мүмкіндік туғызды.
Қашықтан оқытудың қалыптасуы.1892 жылы Чикаго университеті алғашқы қашықтан оқыту бағдарламасын жасап, АҚШ-тың алғашқы қашықтан оқыту университетіне айналды. Канададағы Корольдік университет 1899 жылдан бастап студенттерді қашықтан оқыта бастады.1906 жылы Балтимордағы Калверт бастауыш мектептері де қашықтан оқыта бастады.XIX ғасырдың соңында қашықтан оқыту әдісі Ресей империясында қолданыла бастады.
КСРО-да қашықтан оқыту революциядан кейін 1917 жылы дами бастады. Кеңес Одағында кеңес беруге негізделген білім беру жүйесі пайда болды. Бұл модель оқытушы мен студент бір-бірін көрмеген кезде сырттай оқуды білдіреді. Бұл жүйе әртүрлі деңгейде курстар ұсынды. 60 жылдары КСРО-да 11 сырттай оқу университеті, сондай-ақ сырттай білім беру факультеттері ашылды. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай КСРО-ны сырттай оқыту жүйесінің тәжірибесі Орталық және Шығыс Еуропаның елдеріне таралып кетті.
Бастапқы кезеңде қашықтан білім беру келесі бағдарлама бойынша өтті. Курстың басында міндетті дәрістер өткізілді. Курстың сипаттамасы және қажетті материалдар берілді. Көрсетілген мерзім ішінде студент курс бойынша ақпаратты өз бетінше игерді. Бұл ретте оқытушымен телефон арқылы қоңырау шалуға немесе хат жазысуға мүмкіндік берілетін. Жыл немесе семестр қорытындысы бойынша студенттер оқу орнына келіп, сессия тапсыратын.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында жаңа технологиялардың пайда болуымен қашықтан білім беруді дамыту үрдісі қарқынды жүре бастады, ол әр түрлі форматтарда жүргізілді және білім алушылардың кең ауқымы үшін арналды.
Қашықтан оқыту бойынша бастапқы мақсатты топтар кәсіби, әлеуметтік және отбасылық міндеттемелері бар ересектер болды. Алайда 1920-шы жылдары қашықтан білім беру орта мектептің оқу бағдарламасын байыта бастады. Муди Библия институты 1901 жылы сырттай бөлім құрып, оған бүкіл әлемнен 1 миллионнан астам оқушы тіркелді, білім беру ұйымы бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келеді. Мичиган штатының Бентон-Харбордағы студенттерге 1923 жылы кәсіптік курстар ұсынылды, Небраска штатының университеті орта мектептерде сырттай курстармен тәжірибе жасай бастады.
Қашықтан білім беру дамуының 2-кезеңі.1894 жылыГульельмо Маркони электр импульстары мен сигналдарын таратуда және аппаратурада жетілдіруде қадам жасап, радиоқұрылғы үшін алғашқы патент алған кезде қашықтан оқыту жаңа серпін алды.Қашықтан оқыту барынша көп білім алушыларды қамту мақсатында жаңа коммуникациялық технологияларды зерттеуге бет бұрды.
1906 жылы Висконсин штатының Университетіқашықтан оқыту ұйымы ретінде құрылды. 1919 жылы Висконсин университетінің профессорлары әуесқой сымсыз станцияны құрды, кейінірек ол WHA – алғашқы федералды лицензияланған радиостанция ретінде белгілі болды.Сонымен, радио ойлап табумен қашықтан оқытуды дамыту үрдісі жеделдетілді, білім алушылармен жұмыстың жаңа формалары қол жетімді болды. Радиодәрістер кейбір кезде адиториялық дәрістерге қатысумен және баспасөзде оқу материалдарын жариялаумен толықтырылды. Демек радиодәрістермен қатар корреспонденттік оқыту жолдарын қолдану да өз жалғасын тапты.Аудиожазба соқырларға және барлық оқушыларға арналған нұсқауларда пайдаланылды. Зертханалық жинақтар электроника және радиотехника сияқты салаларда қолданылды. Қашықтан оқытудың барлық ірі масштабты ұйымдары жеке сырттай мектептер болды. АҚШ-та электрондық коммуникация технологиялары саласындағы жетістіктер қашықтан оқытудың басым ортасын анықтауға көмектесті.
1922 жылы радионы оқытуға енгізген алғашқы жоғары оқу орны Пенсильвания мемлекеттік университеті болды деп саналады. Осыдан кейін көп ұзамай, 1925 жылы Айова мемлекеттік университеті бес радиохабар курстарын оқыту үшін, білім беру кредиттерін ұсына бастады. Ал 1934 жылы осы университет әлемдегі алғашқы білім беру арнасын іске қосты, ол әлі күнге дейін қызмет көрсетіп келеді. (Петькова, 2015: 199-204).
1922 жылы жетпіс үш білім беру мекемесі хабар таратуға әдеттегі лицензия алды, бірақ лицензия алғандардың жартысында ғана эфирге шығатын станциялар болды (Television in the Schools: Instructional Television and Educational Media Resources at the National Public Broadcasting Archives, 2008: 59-65). 1920 жылдардың соңына қарай 176 оқу орнында радио хабар тарату үшін лицензиялары болды.
1920 жылдардың басы білім беру хабарын таратудың бастапқы кезеңі ретінде қарастырылады. Алайда колледждер мен университеттер оқу материалдарын беру шеңберінен тыс лезде шығып, ұйымдардағы спорттық іс-шаралар, концерттер, драмалар мен қонақ дәрістер туралы хабарлар тарата бастады (Buckland, Dye, 1991:11).
Радиохабар таратудың артуына қарамастан, жергілікті жерлердегі станциялардың қоғамдық хабар таратуын реттейтін ешқандай да реттеуші заң болған жоқ. 1912 радио туралы заң бұл мәселені шешуге ұмтылып, мемлекетаралық немесе шетелдік коммерция үшін станциялардың барлық операторларын және таратушы құрылғыларын лицензиялауды талап етті. (Radio Communication Laws of the United States, 1914). Дегенмен Радио туралы заң радиохабардың мүддесін тиісті деңгейде қорғай алмады, сөйтіп 1922 жылға қарай жаңа радиостанциялардың көптігі радиохабарлар үшін қол жетімді жиіліктердің шектеулі санын барлығын қамтып қойды.
1929 жылы Ұлы Депрессияның басындаға жағдаяттар білім беру мекемелері мен білім беру радиохабарларына айтарлықтай әсер етті. Сол кезде оқу орындарындағы 176 радиостанцияның ішінен тек отыз бесі ғана қызмет етуді жалғастырды (Buckland, Dye, 1991: 11). Өз қызметін одан әрі жалғастыру үшін кейбір мекемелер ғылым, әдебиет, тарих және музыка туралы күнделікті бағдарламаларды ұсынатын «Эфир мектебі» атты жобаны бастады.Радио кейбір елдерде тәрбие беру және ақпараттандырудың тамаша құралына айналды. Радио хабар тарату өте арзан болды және шапшаң ақпарат таратты, оның мазмұнын өзгерту, манипуляциялау мүмкін болды, сонымен қатар ол қоғамның басым бөлігін қамтуға жағдай туғызды.
1700-ші жылдары басталған қашықтықтан білім берудегі инновациялар жаңа технологиялардың пайда болуына қарай арта берді. Радиохабарлар енгізілгеннен кейін көп ұзамай, телевизиялық экранда теле жүргізушіні көру адамдар үшін технологиялық ілгерілеу қамтамасыз еткен феноменге айналды.
Қашықтан білім беру дамуының 3-кезеңі. Көп ұзамай бір технология тез екіншісін ауыстырды, және көп ұзамай спутниктік станциялар арқылы онлайн-курстар ұсынылды, сонда Интернеттің негізі қаланды.
1950-1960 жылдары Еуроп мен АҚШ-та бағдарламаланған оқыту идеяларының дамуымен атап өтілді. Сол уақыт кезеңінде көптеген жоғары білім беру ұйымдарында «оқу пакеттері» немесе «модуль» жүйесі арқылы оқыту кең қанат жайды, бұл қашықтан білім берудің дамуына айтарлықтай серпін берді.
60-шы жылдары IBM компаниясы Coursewriter қашықтан оқытудың бірегей бағдарламасын әзірледі. Оны әр түрлі сабақтарда қолдану үшін орнатуға болатын және ол Альберта университетінде 1968-1980 жылдар аралығында 17 түрлі курстарды оқытуда пайдаланылды (Петькова, 2015: 199-204).
Оқытуда компьютерлерді пайдалану 1980 жылдары корпоративтік аренада пайда болды, өйткені компаниялар жаңа қызметкерлерді оқыту үшін компьютерлік бағдарламаларды (Rudestam, Schoenholtz-Read, 2002: 3–28) пайдаланды. 1989 жылы Феникс университеті алғашқы бірі CompuServe тұтынушылардың онлайн-сервисін пайдалана бастап, бұл тарихта онлайн білім беру бағдарламаларын қолдана бастаудың алғашқы қадамы болды (Tikkanen, Amy, 2016).
Инернетті ойлап тапқан адамзат білім беру технологияларында тағы бір қадам алға басты. Осыдан кейін көп ұзамай 1991 жылы әлемдік Веб (Web) ашылды. 1990 жылдар бойы білім беру мекемелері қашықтан білім берудің синхронды, асинхронды және аралас оқыту режимдерін пайдаланды.
Феникс университеті интернет арқылы онлайн-білім беру бағдарламаларын ұсынушылардың біріне айналды. Дегенмен коммерциялық емес мекеме бола отырып Феникс университетінің онлайн-білім беру нарығына ұмтылуы көптеген беделді мекемелер, сондай-ақ коммерциялық емес колледждер мен университеттердің де соған ұмтылуға (Carlson, Carnevale, 2001: 7-8) түрткі болды.
«The Alfred P. Sloan Foundation», гранттарды ұсынатын беделді қайырымдылық, коммерциялық емес мекеме 1992 жылы асинхронды оқыту желісін (ALN) сыныпта дәстүрлі сабақтарға қатыса алмайтын адамдардың білім алуы үшін балама ретінде әзірледі (Alfred P. Sloan Foundation: 2012: 49).
Онлайн білім беру деген сұраныс өсе келе «The Alfred P. Sloan» қоры онлайн білім беру сапасын арттыру мақсатында онлайн-бағдарламаларды ұсынған мекемелерді қаржыландыруды бастады. Бұл жаңа қашықтан оқыту құралының жоспарлы болуы мен тиімділігі айқын көрінді, сондықтан да академияның нарыққа шығуы уақыт мәселесі ғана болды.
1992 жылы Мичиган университеті компьютер көмегімен онлайн-оқытудың жеке тұлғаға бағытталған түрін әзірледі. 1994 жылы университет кейбір студенттер-психологтарға виртуалды оқыту мектебін (VSS) ұсынды. Бұдан басқа, 1994 жылы қашықтан оқытумен айналысатын Нью-Гемпширдегі компания интернет арқылы оқу материалдарын жіберу, оқыту, білім беру үрдісін басқару мүмкіндігін беретін CALCampus бағдарламасын әзірледі. (Петькова, 2015: 199-204).
1990 жылдардың ортасынан бастап университеттер мен колледждер онлайн курстарды жүргізуде тәжірибе жасай бастады. 1997 жылы Blackboard компаниясы курстарды басқару және ұсыну үшін стандартты платформа әзірледі. Қазіргі уақытта компания қашықтан оқыту технологиялары саласында әлемдік көшбасшы болып табылады, оның өнімдерін бүкіл әлем бойынша 10000-нан астам ұйым пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет