Қашықтықтан оқыту қалай тиімді жүзеге асады: Біріншіден. Теледидар арқылы сабақ өткізу. Бұл – тіптен жаңа формат. “Балапан” және “Ел Арна” телеарналары өздерінің эфирлік уақытын ұсынды.
Екіншіден. Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады.
Үй жағдайында тиімді жұмыс істеу қағидалары: қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар:
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар мұғалімнің жұмысы мен оның оқушылармен және әріптестерімен онлайн түріндегі қарым-қатынасын дұрыс құруға көмектеседі. Үйден тиімді жұмыс істеу уақыт пен міндеттерді дұрыс бөлген кезде мүмкін болмақ. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері қашықтықтан жұмыс істеуде уақытты дұрыс ұйымдастырудан бастап, жабдықты орнатуға дейінгі бірқатар қиындықтар болуы мүмкін. Егер IT-технологияларға және қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктеріне байланысты мәселелер дұрыс шешілсе, онда қашықтықтан жұмыс кедергілерсіз өтеді.
Ол үшін:
1. Ноутбукті үйдегі Wi-Fi желісіне қосу.
2. Бейне кездесулерге арналған бағдарламаларды жүктеу. Мысалы, Zoom немесе басқа осыған ұқсастар.
3. Карантин уақыты үшін әр мектепте мәселелерді шешуге арналған мессенджерлердегі чаттар ұйымдастырылуы керек – міндетті түрде топтарға қосылу керек.
4. Онлайн-күнтізбе бастау және онда онлайн кездесулерді жоспарлау. Бұл маңызды тармақтарды жіберіп алмауға көмектеседі.
Мұғалімдердің карантин кезіндегі жұмысы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шешуден тұрады – бөлімшенің чатын құрып, сол жерде шешу орынды болады. Қарым-қатынас қағидаларын сақтауда маңызды. Атап айтқанда: бейне және аудио қоңыраулар кезінде микрофонның дыбысын өшіру керек; дыбысты қосу немесе жазу арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру; қызметкерлермен тұрақты түрде жеке кездесулер ұйымдастыру; барлық сұрақтар мен оларды шешу жолдарын жазбаша түрде тіркеп, ақпараттың кімге арналғанына қарай қызметкерлердің, оқушылардың немесе ата-аналардың чатына не поштасына жіберу; мұғалім жұмыс күні ішінде әріптестерімен, оқушылармен және ата-аналармен байланыста болуы керек. Мұғалімдер өздерінің тиімді жұмысы күнделікті стандартты жұмыс форматында қолданатын құралдарына байланысты екенін есте ұстауы керек.