2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түсінігі, нысандары және түрлері



бет73/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

1. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түсінігі, нысандары және түрлері
2. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік шарттары
3. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершіліктен босату негіздері
4. Міндеттемені тоқтату түсінігі және негіздері
5. Міндеттемелерді тоқтатудың жекелеген әдістері


1. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік түсінігі және нысандары
Міндеттеменi бұзғандық үшін жауапкершілік азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің бip түрiне жатады, ол субъективтiк азаматтық құқық бұзушыға қосымша азаматық-құқықтық мiндеттердi немесе оған тиеслі азаматтық құқықтан айыру түрiнде мемлекеттiк мәжбүлеумен қамтамасыз етiлген қосымша мүлiктiк айыруды жүктеуге бағытталған, субъективтiк азаматтық құқықтық қорғаудың арнайы құқық қорғау шараларын қолдану деп анықталады.
АК 349-б. сәйкес жауапкершілік қолданудың негiзi болып оның бұзылуы саналады, және міндеттемені бұзғаны үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талабы бойынша жүзеге асырылады.
Міндеттеменің бұзылуы деп міндеттемені орындамау немесе тиісті түрде орындамау, яғни мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау түсініледі.
Міндеттемені бұзу, әдетте, екі түрге бөлінеді: 1)міндеттемені орындамау, яғни міндеттемені толықтай бұзу; 2)міндеттемені тиісінше орындамау, міндеттемені оның мазмұнында анықталған қандай да бір жеке жағдайларды бұзып орындау.
Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік нысандары ретінде құқық бұзушыға қолданылатын қолайсыз мүлiктiк салдарлар түсiнiледi. Міндеттеменi бұзғандығы үшін азаматтық-жауаптылық мынадай нысанда болады: шығынды өтеу; тұрақсыздық айыбын төлеу; кепіл-пұлды жоғалту не кепiлпұлдың қайтарылған сомасынан басқа қосымша сома төлеу; қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған мәмiле бойынша алынғанның бәрiн мемлекет пайдасына тәркiлеу; кепiлге салынған мүлiкке, сондай-ақ ұстап қалынған мүлiкке меншiк құқығын жоғалту; моральдық залалдың орнын толтыру және т.б. Шығынды өтеу мен тұрқсыздық айыбын төлеу, жауаптылықтың неғұрлым кең таралған түрлерi.
Шығынды өтеу азаматтық-құқықтық жауаптылықтың жалпы шарасы болып табылады, ол кез келген субъективтiк азаматтық құқықты (мiндеттемелiк, заттық, ерекше және т.б.) қорғауда қолданыла алады. АК 350-б. сәйкес, өз мiндеттемесiн орындамаған немесе тиісiнше орындамаған борышкер несие берушіге міндеттеменің бұзылуынан туындған шығындарды өтеуге мiндеттi(АК 9-б.. 4-т..). Бұл ретте, шығындарды толық көлемде өндіріп алу мүмкiндігін шектеу заң актiлерiнің нормаларында немесе шартта көзделедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет