2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Азаматтық-құқықтық қатынастардьң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi



бет13/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

3. Азаматтық-құқықтық қатынастардьң пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi
Құқықтық қатынастар пайда болуы үшiн нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен мiндеттер туғызатын нақты мән-жайлар – заңды фактілер қажет. Заңды фактi дегенiмiз заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруiн немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.
АК-ң 7-бабы зандық фактiлерге арналған. Заңды фактiлер iс-әрекет және оқиға болып бөлiнедi. Ерiктi мiнез-құлық актiлерiн ic-әрекеттер деп түсiнемiз. Олар заңды немесе заңсыз ic-әрекеттер болуы мүмкiн. Заңды iс-әрекеттер өзара құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Бұлар мәмiлелер (АК-нын, 147-бабы), оның iшiнде шарттар. Үшiншi тұлғалардың мақсатты iс-әрекеттерiнен де құқықтық қатынастар тууы мүмкiн. Әдетте бұған әкiмшiлiк акт, соттың құқық белгiлейтiн шешiмдерi жатады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарды туғызатын ic-әрекеттер заңсыз, яғни заңда тiкелей тыйым салынған ic-әрекеттер болуы мүмкiн. Мұндайда басқа тұлғаларға келтiрiлген залалды өтеу мiндетiн жүктейтiн құқықтық қатынастар пайда болады. Мысалы, бөтен мүлiктi бүлдiру не оны заңсыз ұстап қалу.
АК-ң 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркiнен тыс пайда болатын мән - жайларды да заңдық фактiлерге жатқызады. Мұнда, ең алдымен, табиғи фактiлердi атау керек (адам өлiмi, жанып кеткен сақтандырылған мүлiктiң құнын төлеу мiндетiн туғызатын найзағайдан өрт шығуы, табиғат апаттары және т.с.с.). Басқа адамдардың iс-әрекеттерi құқықтық қатынастарға қатысушылар үшiн объективтi оқиға болуы мүмкiн (мысалы, бөгде адамның үйдi қасақана өpтeyi өрт қоюшының жәбiрленушi үй иесiмен құқықтық қатынасы үшiн заңсыз әрекет және үй иесiнiң сақтандыру компаниясымен құқықтық қатынасы үшiн оқиға болып табылады).
Зандық фактiлердiң құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуiне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетiн фактiлерге бөлуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет