2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Меншiк құқығы және өзге де заттық құқық



бет4/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы заң нормалары келесi үлкен бөлiм болып табылады. Бұл бөлiм заттық құқықтар түсiнiгiн, заттық құқықтар субъектiлерiнiң өкiлеттiктерiн, олардың пайда болу және тоқтатылу негiздерi, заттық құқықтарды бұзушылықтан қорғаудың әдiстерiн қамтиды.
Нақты тұлғалар арасындағы құқықтық к,атынастарды реттейтiн мiндеттемелiк құқық азаматтық құқықтың ең үлкен бөлiмi болып табылады. Мiндеттемелiк құқық жалпы бөлiмге және жекелеген институттарға бөлiнедi. Жалпы бөлiмде мiндеттемелердiң барлық түрлерiн реттеу кезiнде қодданылуға тиiстi ережелер болса, жекелеген институттарда мiндеттемелердiң жекелеген түрлерi (сатып алу-сату, мердiгерлiк, тасымалдау және т.б.) қамтылған. Оған шарттан тыс мiндеттемелер де кiредi.
Одан кейiн интеллектуалдық (санаткерлiк) меншiк құқығы бөлiмi орналасады. Бұл бөлiм екi бөлiмшеге - авторлық құқыққа және патенттiк құқыққа бөлiнедi. Азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыру құралдары туралы нормалар да осыған косылады.
Азаматтың қайтыс болуына және қайтыс болған адам мүлкiнiң оның мұрагерлерiне өтуiне байланысты мұрагерлiк қатынастарды реттейтiн мұрагерлiк құқық азаматтық құқық жүйесiнiң қорытынды бөлiмi болады.
Шетелдiк элементтермен күрделенген халықаралық жеке құқық деп аталатын бөлiмдi арнайы бөлiп көрсету керек. Бұл бөлiм қазақстандық азаматтармен және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсетiн шетелдiк азаматтар мен шетелдiк занды тұлғалардың заң жүзiндегi мәртебесiн, сондай - ақ осы құқықтық қатынастарға таралатын және олардың ережелерi бойынша қатысушылардың арасындағы даулар шешiлуге тиiстi құқықты тандау өлшемiн анықтайды.
Азаматтық құқықтың барлық институттарын екi бөлімге: жалпы бөлiм және ерекше бөлiмге топтастырылады.


Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық құқықтың реттеу пәнінің ерекшеліктері
2.Азаматтық құқықтың принциптері және оның еркшеліктері
3.Азаматтық құқықтың сабақтас құқық салаларымен ара қатынасы және айырмашылықтары
4. Азаматтық құқықтың қайнар көздерiнiң ұғымы:
5. Қазақстан аумағында күшi бар азаматтық құқықтың негiзгi қайнар көздерi
6.Азаматтық құқықтық актiлерінің мен “азаматтық заңдардың жəне “азаматтық құқық нормалары бар актiлерінің ұғымдарының ара қатынасы
7. Азаматтық құқық қайнар көзiнiң жүйесi
8. Азаматтық құқықтың қайнар көздерiнiң қолданылуы
9. Азаматтық-құқықтық нормаларға түсiнiк
10. Заң аналогиясы мен құқық аналогиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет