2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет5/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#179044
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

2. Тақырып. АЗАМАТТЫҚ ЗАҢДАР

  1. Азаматтык заңдар ұғымы

  2. Азаматтық заңдардын құрамы

  3. Азаматтық заңдардың уақытына қарай және кеңістікте қолданылуы

  4. Азаматтық заңдардың қолданылуы



1. Азаматтық заңдар ұғымы
Азаматтық құқық нормалары ерекше жазбаша мәтіндермен бейнеленуі тиіс, құзыретті органдар қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер осындай мәтіндер болып табылады. Белгілі шектерде құқық нормалары өзге (тіпті ауызша) нысанда да бейнеленуі мүмкін. Бірақ бұл - айтарлықтай сирек кездесетін жағдай. Азаматтық-құқықтық нормалардың негізгі бөлігі жазбаша түрде нормативтік құжаттарда жазылады - зандар, Президенттің жарлықтары. ҚР Үкіметінің қаулылары және т.с.с. шығарылады. Жазбаша мәтін құқықтық норманың мазмұнын нақ, анық әрі бір мағыналы етіп баяндауға мүмкіндік береді. Жазбаша мәтін кез келген мүдделі адамды норманың дәл мазмұнымен таныстыруды оңайлатады, оңай түрліше түсінуін және қарама-қайшылықтарын жою мақсатында түрлі нормаларды асқан дәлдікпен салыстыруға мүмкіндік береді.
Құқық пен заңдардың айырмашылығы мынада: құқық дегеніміз - бұл заңдық нормалардың жиынтығы, ал заңдар дегеніміз - осы нормаларды біріктіретін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Құқық пен заңдардың құрылымында өзара айырмашылықтар бар. Құқықтық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң - Азаматтық кодекске сүйенетіндіктен және барлық нормалар үшін біріңғай объективтік белгі - реттеу нысанасы мен әдісі бойынша құрылатындықтан, құқықтың бір саласы - азаматтық құқық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды ғана қамтиды.
Заңдар болса, заң актілерін қабылдау мақсаттарын, оларды қолдану міндеттері мен жағдайларын ескере отырып субъективтік жолмен қалыптастырылады. Сондыкқан нақты заң шығару актісі немесе өзгеше нормативтік құқықтық акт азаматтық, әкімшілік іс жүргізу және құқықтың өзге де салаларының нормаларын қамтуы, яғни кешенді сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Кеден кодексі осыған мысал бола алады.
Заң актілерін оларды неғұрлым тиімді зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейтін кешенді тобы да болуы мүмкін. Заңдардың кешенді салалары (сала тармақтары) - құрылыс заңдары, көлік заңдары, кооперативтік заңдар және т.б. субъективті қалыптастырылады.
Сондықтан заңдардың белгілі бір актілерін пайдалануда белгілі бір заң құжаттарындағы нормалардың құқықтың қай саласына жататынын дұрыс анықтау қажет. ҚР Конституциясының 2 - бабына сәйкес Қазақстан біртұтас мемлекет болып табылады, сондықтан азаматтық заңдары да бүкіл республика үшін бірыңғай деп танылады.
Заң актілерінің бірлігін мынадан да көруге болады: ең жоғары деңгейдегі ведомстволық органдардың нормативтік актілері субъектінің азаматтық-құқықтық жағдайын оңай заң актілерінде белгіленген шегінде ғана айқындай алады.
Ұлттык банк немесе бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия шетелдік валютамен немесе бағалы қағаздармен мәміле жасайтын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын анықтайтын көптеген ережелер. кағидалар немесе өзге де осыларға ұқсас нормативтік актілер шығарады, бірақ олардың әрекеттері мынадай Заңдардың тікелей нұсқауларына сүйенеді: "Валюталық реттеу туралы" 1996 ж. 24 желтоқсандағы (7-бап), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 ж. 5 наурыздағы (11-бап), "Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы" 1997 ж. 5 наурыздағы (1-бап) және басқа Заңдар. Өзінің кызметін аткару үшін азаматтық заңдар актілері тиісті заң күшіне ие болуы тиіс, оларды тиісті органдар тиісті тәртіппен шығаруы тиіс және талап етілетін барлық міндетті мағлұматтары болуы тиіс. Азаматтық заңдар актілерін дайындау, қабылдау, жариялау және күшіне енгізу тәртібі 1998 ж. 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңда көзделген жалпы ережелерге бағынады.
Заңдардың әрекет етуінің барынша маңызды мәселелерін ҚР Конституциясы шешім берген. Меселен. Конституцияныц 4-бабының 4-тармағы азаматтардың құқыктарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықттық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады деп белгілеген. Өмірде осынау маңызды талаптар үнемі сақтала бермейді, мұның өзі құқық бұзушылық пен дау-жанжалдың тууына әкеп соқтырады. Мұндай дауларды сот шешуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет