Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері



бет1/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы


Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері.


1.Құқық ұғымы, белгілері.


2.Құқықтың қайнар көздері.
3.Құқық жүйесі.
4.Құқықтық қатынастар, субъектілері және пайда болу негіздері.


Құқық-қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мемлекет белгілеген және қамтамасыз ететін жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережесі. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды роль атқарады. Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып бөлінеді. Құқықтың жалпы белгісіне оның әлеуметтік-тарихи табиғаты жатады, яғни құқық белгілі бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастың жемісі.
Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, жүйелілігі, жалпы міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, рәсімділігі, бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, мемлекетпен байланыстылығы.
Құқықтың нормативтілігі дегеніміз- рұқсат берудің, тиым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез-құлықтың жалпы көлемін бекіту.
Құқықтың жалпы міндеттілік сипаты-оның нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігі.
Құқық тек бір тұлғаға ғана емес, адамдардың үлкен топтарына , халықтардың, тұрғындардың ортақ мүддесін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталған.
Құқықтың бір әрекетті еместігі- құқық нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күші жойылғанша үнемі күшінде болады.
Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың қайнар көздері деп аталады. Құқықтың қайнар көздеріне:

  1. Құқықтық дәстүр-адамның үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.

  2. Құқықтық үлгі. Оның екі түрі бар:

А) соттық-төменгі деңгейдегі немесе сол дәрежедегі басқа соттарға осыған ұқсас істерді қарағанда өнеге болатын әкімшілік органның немесе әкімшілік соттың белгілі бір іс бойынша қабылдаған шешімі.
Б) әкімшілік- осыған ұқсас істерді қарағанда өнеге болатын әкімшілік органның немесе әкімшілік соттың белгілі бір іс бойынша қабылдаған шешімі.
3. Нормативтік актілер-мінез-құлықтың жалпы міндетті ережесі. Мемлекеттік органдар жасаған не бекіткен ресми іс-құжаттардың жиынтығы.
Н ормативтік құқықтық-актілер

негізгі туынды
Конституция Конституциялық регламент қағида ереже
заңдар
нұсқаулық
кодекстер заңдар

Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі. Нормативтік құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғары тұрған ҚР-сы Конституциясы. Қалған нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:


1.Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;
2.ҚР-ның Конституциялық заңдары мен ҚР-сы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары;
2-1) ҚР-ның Кодекстері;
3.ҚР-ның Заңдары және ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары
4.ҚР-сы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары
5.ҚР-сы Президентінің нормативтік жарлықтары
6.ҚР-сы Үкіметінің нормативтік қаулылары
7.ҚР-ның министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, ҚР-сы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары
8.Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілері
Төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуі тиіс.
Нормативтік құқықтық актілердің бірі-кодекс. Кодекс дегеніміз-біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.
Заңдар-белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.Заңдық күші бойынша заңдар конституциялық заңдар, органикалық заңдар және қатардағы (жай) заңдар болып бөлінеді.
Конституциялық заңдарға конституциялар және оған теңестірілген заңдар жатады. Конституциялық заңдар қоғамдық құрылыстың басты қағидаларын анықтайтындықтан олар қоғам мен мемлекет дамуының барынша маңызды мәселелерін қамтиды.
Органикалық заңдар құқықтың қайнар көздері ретінде батыс Еуропа елдерінде кең тараған. Бұндай заңдар негізінен мемлекет органдарының іс-әрекетін реттейді.
Қарапайым (жай) заңдар мемлекеттің заң шығарушы органдары немесе елдердің президенттері қабылдайды.
Нормативтік құқықтық актілер қатарын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер де жатады. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер заң актілері болып табылмайтын, ҚР-ның Конституциясы мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған өзге де нормативтік құқықтық актілер. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер заңға қайшы келмеуі қажет және олар заңдардың орындалуы үшін қабылданады.

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге:



  1. Республика Президентінің Заңдары, Жарлығы және өкімдері

  2. Күнделікті өмірдің өзекті мәселелері бойынша қабылданған Үкіметтің қаулысы мен өкімі

  3. Құқық нормалары көрсетілген министрліктердің , мекемелердің бұйрығы мен нұсқаулары

  4. Жергілікті әкімшілік басшыларының қаулысы, шешімдері, өкімдері жатады.

Барлық заңдық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, өзара негізделген және бірыңғай жүйе құрайды. Құқық жүйесі- нақтылы түрде қалыптасқан құқықтың ішкі құрылымы. Құқық жүйесі мынадай элементтерден тұрады: құқық институты; құқық саласы; құқық нормалары.


Құқық институты- құқықтың белгілі бір саласының шеңберіндегі нормалардың жиынтығы (сайлау институты, меншік институты)
Құқық саласы- бір-бірінен құқықтық реттеудің заты және әдісімен ерекшеленетін бірыңғай құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.(азаматтық, әкімшілік, конституциялық)
Құқық нормасы-мемлекетпен рұқсат етілген немесе белгіленген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережесі. Құқық нормалары талаптарының сипатына қарай заңға сәйкес мінез құлық тиым салу, міндеттейтін, құқық беретін болып үшке бөлінеді.
Құқық нормасының құрылымы: гипотеза-аталған норма әрекетке түсетін мән-жайлар; диспозиция-тікелей мінез-құлық ережелері; санкция- нақтылы диспозицияны орындамағаны не орындағаны үшін қолданылатын жазалау не көтермелеу шаралары.

Құқықтық қатынастар-құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Кез-келген құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастарға жатады, керісінше кез-келген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар бола алмайды. Құқықтық қатынастардың өзіндік бірнеше ерекшеліктері бар:



  1. Құқықтық қатынас құқықпен реттелген қатынас. Бұл қатынастар құқықтың негізінде пайда болады, тоқтатылады және өзгертіледі. Құқықтық нормалар құқықтық қатынасқа қатысушыларды , олардың әрбіреуінің құқықтары мен міндеттерінің көлемін, құқықтық қатынастың өзгеруінің салдарын, осы құқықтық қатынас саласындағы заңдардың бұзылғандығы үшін жауапкершілік шараларының түрлерін анықтайды.

  2. Құқықтық қатынас екі жақты сипатта болады. Мұндай екі жақты байланыс бір жақтың құқықтық өкілеттілік, екінші жақтың міндетті болуынан тұрады. Кейде екі жақта да құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін. Мысалы, сатып алу сату шарты

  3. Құқықтық қатынастың өзіндік идеологиялық және еріктік сипаты. Құқықтық қатынастың тууы және өзгеруі құқықтық сана арқылы іске асырылады. Құқықтық қатынастың тууына құқықтық нормалардың болуы жеткіліксіз, ол үшін жақтардың, тараптардың мінез-құлығынан көрінетін еркі қажет. Мысалы, бір тараптың затты сатып алу ниетінің болуы.

  4. Тараптардың құқықтың субъектісі бола алу қабілеті, яғни құқықтық субъектілігі болуы шарт.

  5. Құқықтық қатынастың тараптарының құқықтарының іске асырылуы, заңды міндеттерінің орындалуы, қажет болған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы қолданылады.

  6. Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың бір түрі. Сондықтан, оған қатысушылардың өзара құқықтар мен міндеттермен байланысы, ол нақты бір әлеуметтік ортаның жемісі. Мысалы, отбасындағы балаларға байланысты құқықтық қатынас сол балалардың тууы, дүнигег келуімен не болмаса баланы асырап алуымен байланысты пайда болады.

Құқықтық қатынастың субъектілеріне (қатысушылары): жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар, әкімшілік бөлімдер жатады. Құқықтық қатынастың субъектілері болу үшін олар құқықтық субъектілікке ие болуы қажет. Құқықтық субъектілік 3 элементтен тұрады:

Құқық қабілеттілігі дегеніміз- құқыққа және міндетке ие болу қабілеттілігі, ал әрекет қабілеттілік тұлғаның өзінің әрекетімен оларды жүзеге асыру, міндеттерді орындай алу қабілеттілігі. Жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туғанда пайда болады, ал толық әрекет қабілеттілік 18 жасқа толғанда пайда болады. Тұлғаның әрекет қабілеттігі әрекет қабілеттігі жоқ (6 жасқа дейін), жартылай (6-14 жас), толық емес (14-18 жас), толық, шектелген (соттың шешімімен ішімдікке, нашақорлыққа салынған адамдарға қолданылады) сияқты түрлері кездеседі.
Құқықтық қатынастардың тууының алғышарты болып заңды фактілер болып табылады. Заңды фактілер: заңды оқиға және заңды әрекет болып бөлінеді. Заңды оқиға адамдардың еркінен тыс қалыптасатын мән-жайлар мен құбылыстарды қамтитын заңды фактілер. Заңды әрекет- адамдардың еркімен қалыптасатын заңды фактілер.


Заңдық фактілер


Оқиғалар Іс-әрекеттер

Құқыққа Құқыққа қарсы:


негізделген - Жат қылықтар
- Қылмыстар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет