Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


ҚР-ғы сот билігі және сот жүйесі



бет29/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

ҚР-ғы сот билігі және сот жүйесі

  1. Сот билігі ұғымы және белгілері

  2. Сот төрелігі –сот билігін іске асырудың жаңа нысаны ретінде

  3. ҚР-сы сот жүйесінің құқықтық негіздері

Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен


бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді.
«ҚР-ғы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 1-бабының 2-тармағына сәйкес сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің , халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Сот билігінің мәні соттың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде көрінеді. Алайда сот қызметін осы биліктің тек бір нысанын іске асыру болып табылатын бір сот төрелігін жүзеге асырумен ғана шектеуге болмайды. Сот төрелігі саласынан басқа сот билігі соттың басқа да функцияларды жүзеге асыруы кезінде іске асырылады, атап айтқанда:

  • Анықтау, алдын ала тергеу және прокурордың қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттерінде заңдылықты бақылау

  • Азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы өтініштерді, сондай-ақ бұзылған құқықтарға және бостандықтарын бұзған іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдарды қарау

  • Республика Жоғары сотының жалпы отырысында сот тәжірибесі мәселелері бойынша нормативтік қаулыларды қабылдау

  • Жоғары тұрған соттардың төменгі тұрған соттардың іс жүргізу әрекеттеріне сот қадағалауын жүзеге асыру т.б.

2000ж 25 желтоқсанда қабылданған «ҚР-ғы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 1-бабында «ҚР-да сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға тиесілі» деп айқындап көрсеткен.
Соттардың заң шығарушы билік органдарынан айырмашылығы заң шығармайды. Алайда олардың қызметі заңға тәуелді: сот Конституция мен заңның талаптарына бағынуы тиіс. Бұл ретте сот заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді дұрыс қолданумен қатар, олардың конституцияға , сондай-ақ жалпы танылған халықаралық қағидаттар мен нормаларға сәйкестігі тұрғысынан да баға беруге тиіс. Олардың ҚР Конституциясына сәйкессіздігі жағдайында сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға және Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен жүгінуге міндетті; осы арқылы соттар заң шығару процесіне белгілі бір әсерін тигізеді.
Соттар мемлекеттік биліктің атқарушы органдар тармағынан айырмашылығы ұйымдастырушылық және атқарушылық-өкімгерлік қызметпен айналыспайды. Сонымен бірге соттарға атқарушылық билік органдарын, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарын осы органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау арқылы бақылау құқығы берілген.
Осылайша, сот билігі ҚР Конституциясында соттарға берілген билік ету өкілеттіктеріне байланысты тепе-теңдік пен ара салмақтар жүйесі арқылы олармен өзара іс-қимыл жасай отырып, заң шығарушылық және атқарушы биліктің шешімдеріне әсерін тигізеді.
1995 жылғы ҚР-сы конституциясының ережелеріне сүйене отырып сот билігінің мынадай негізгі белгілерін бөліп көрсетуге болады:

  1. Бұл билік конституциялық бекітілген біртұтас мемлекеттік биліктің тармағы болып табылады.

  2. Сот билігінің тек арнайы мемлекеттік органдарға- Конституцияда белгіленген тәртіппен құрылған соттарға тиесілі

  3. Сот билігінің тәуелсіздігі

  4. Мемлекеттің атынан сот билігін жүзеге асыруы

  5. Сот төрелігін, яғни құқықтық даулар мен істерді қарауға байланысты жүзеге асыру

  6. Осы билікті Конституция , заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолдану. Сот мораль, діни, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға байланысты жанжалдарды қарамайды және шешпейді.

  7. Осы билікте оның қызметіне тән іс жүргізу (талап арыз ісін жүргізу, процеске айаптауға және қорғауға қатысу)

  8. Құқық қорғау сипаты

  9. Оның шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ету.

Жазылғандарды ескере отырып, сот билігін Қ.Ә.Мәми азаматтардың, мемлекет пен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында құқықтық даулар мен істерді шешу және оларға жүктелген басқа да міндеттерді орындау бойынша заңмен берілген өкілеттікпен Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын, ерекше іс жүргізу нысандарында жұмыс істейтін және мемлекеттің барлық аумағында міндетті сипаттағы шешімдерді шығару құқығы бар, оны мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік орган ретінде мемлекеттің атынан іске асыратын , Конституцияда белгіленген біртұтас мемлекеттік билітің тәуелсіз тармағы ретінде айқындайды.
Осылайша, тәуелсіз және кәсіпқой сот билігі қылмыстық, азаматтық және заңмен белгіленген барлық істер мен құқық және фактілер туралы дауларды қарауға және шешуге бағытталған сот ісін жүргізу нысандары саласында соттың биліктік өкілеттігі мен мүмкіндігін білдіреді.
Конституция мен соттар туралы Конституциялық заңда сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатыны айқындалған. Ғылыми әдебиетте сот төрелігі ұғымы оның түрлі қырларында ашылады. Авторлардың көпшілігі сот төрелігін сот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу жөніндегі қызметі ретінде айқындайды. ҚР-сы конституциясы және соттар туралы Заңның нормаларын талдау сот төрелігінің мәнін, мазмұнын және мағынасын ашатын негізгі белгілерін бөлуге мүмкіндік береді. Олардың қатарына мыналар жатады:

  1. Сот төрелігін мемлекеттің атынан арнайы мемлекетік орган- сот жүзеге асырады. Соттардың толық тізбесі ҚР Конституциясында және сот жүйесі туралы Конституциялық заңда айқындалған.

  2. Сот төрелігі іс жүргізу заңнамасында (ҚІЖК, АІЖК) белгіленген тәртіппен қылмыстық, азаматтық және өзге істерді қарау және шешу арқылы жүзеге асырылады.

  3. Істер айыптау және қорғау тараптарының, сондай-ақ дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысу құқығы берілген процестің басқа да қатысушыларының міндетті қатысуымен сот отырыстары нысанында қаралады. Бұл ретте сот айыптау немесе қорғау жағына шықпайды. Ол сот отырысында қаралған дәлелдемелерді зерттеуге және бағалауға әрі заңның талаптарына сай келетін шешім шығаруға тиіс.

  4. Сотттың үкімдері, қаулылары, ұйғарымдары және шешімдері олар заңды күшіне енген сәттен бастап заң күшіне ие болады, сондықтан да республиканың барлық аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

  5. Сот төрелігі Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген идеяларды басшылыққа алатын, сот төрелігін және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мәнін және мазмұнын айқындайтын негізгі ережелерден тұрады.

Сот төрелігі –адам мен азаматтың , мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы.
2000ж 25 желтоқсанда қабылданған «ҚР-ғы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 1-бабында «Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады деп айқындалған. Осы ереже сот төрелігінің –негізінен, екі санаттағы азаматтық және қылмыстық істерді қарауын білдіреді. Біріншісі, жеке адамдардың , кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мүліктік және кейбір мүліктік емес құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты ауқымды әрі көпқырлы даулар шеңбері мен құқық бұзушылықтарды қамтиды. Істердің екінші санаты құқық бұзушылықтардың шектелген тобына , атап айтқанда заң бойынша қылмыс деп есептелетіндерге, яғни «қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тиым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекетке » қатысты.
Істердің тағы бір санаты -әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер. Осы құқық бұзушылықтарға жауапкершілік әкімшілік заңнамамен белгіленеді.
Аталған белгілерді ескере отырып сот төрелігін соттың сот шешімдерінің заңдылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін қамтамасыз ететін заңның талаптары мен онымен белгіленген тәртібін бұлжытпай сақтау кезінде азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау қызметін жүзеге асыру ретінде айқындауға болады.

ҚР Конституциясының 75 бабына және 2000ж 25 желтоқсанда қабылданған «ҚР-ғы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 3-бабына сәйкес ҚР-ның сот жүйесін сот билігін жүзеге асыру бойынша өзара белгіленген заңдармен өзара қарым-қатынаста байланысты республиканың Жоғарғы Соты мен жергілікті соттары құрайды. Қандай да бір атаулармен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.


Сот жүйесі туралы Конституциялық заңмен республикада алқабилер институты белгіленді.
ҚР-ның соттары біртұтас жүйені құрайды. Сот жүйесінің бірлігі мынаны білдіреді:

  1. Сот жүйесі ҚР Конституциясында, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда белгіленген сот төрелігінің жалпы қағидаттарымен құрылып, әрі жұмыс істейді;

  2. Барлық соттар заңмен белгіленген барлық соттар үшін бірдей қылмыстық, азаматық және сот ісін жүргізудің өзге де нысандары арқылы қылмыстық, азаматтық және өзге де істерді қарайды және шешеді;

  3. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде тек Конституция мен Республиканың заңдары басшылыққа алынады;

  4. Заңнамада барлық соттарды қалыптастырудың бірыңғай тәртібі белгіленген;

  5. Заңды күшіне енген сот қаулылары, шешімдер, сондай-ақ заңды өкімдер , талаптар және соттың басқа да актілеріреспубликаның бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Оларды орындамау,, сақтамау, сондай-ақ сотты құрметтемеудің өзге көрінісі әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларында көзделген заң бойынша жауапкершілікке әкеп соқтырады;

  6. Барлық соттарды қаржыландыру тек республикалық бюджетің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

ҚР-ның сот жүйесін құрайтын соттар бір-бірінен өз құрылымы мен құзыретінің көлемі бойынша ажыратылады. Сот билігін жүзеге асыру бойынша бірдей құрылымы мен құзіреті бар соттар сот жүйесінің буынарын құрайды. Әдете, әрбір әкімшілік-аумақтық бірлікте тиісті буындар құрылады. Осыған сәйкес республиканың сот жүйесі үш буыннан тұрады:

  1. Жоғары буын- ҚР-ның Жоғарғы Соты

  2. Орта буын- облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-ҚР-сы әскерлерінің Әскери соты және басқалар )

  3. Негізгі буын- аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот- гарнизонның әскери соты және басқалары)

Негізгі және орта буындағы соттар жергілікті соттар немесе жалпы заң құзырындағы соттар деп аталады. Әрбір буын құзіретінің көлемі мен мазмұны әртүрлі. Әрбір сот ісі бір-бірінен көлемімен және істерді сотта қарау бойынша өкілеттіктерінің сипатымен, құзыретімен ажыратылатын бірнеше соттарда заңнамада көзделген кезекпен қаралуы мүмкін. Сондықтан барлық соттар: бірінші сатыдағы және аппеляциялық сатысындағы соттарға бөлінеді.
Сот істерін жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтау мақсатында
дәлелдемелерді зерттеу арқылы қарауға және оларды мәні бойынша азаматтық істер бойынша тиісті шешім, қылмыстық істер бойынша үкім, қаулы шығару арқылы шешуге өкілетті соттар бірінші сатыдағы соттар болып табылады. Істі мәні бойынша шешу мынаны білдіреді:
а) қылмыстық істер бойынша- адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және оған жаза тағайындау; заңда көзделген мән-жайлар мен негіздер болған кезде қылмыстық істі тоқтату; егер сотта адамның кінәсі дәлелденбесе , оны ақтау;
Б) азаматтық істер бойынша- мәлімделген азаматтық талап арызды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығару.
Соттардың заңды күшіне енбеген сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігіне шағымдар
мен наразылықтарды тексеруге өкілеттік берілген соттар аппеляциялық сатыдағы соттар деп аталады.Заңды күшіне енбеген сот актілеріне аппеляциялық тәртіппен шағым беру құқығы сотталғанға, ақталғанға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне жатады. Прокурор әрбір заңсыз және негізсіз сот актісіне наразылық білдіруге құқылы.
Осы сот сатылары жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізутәртібімен қылмыстық істер бойынша заңды күшіне енген сот үкімдерінің және өзге шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген шешімдерге келсек , олардың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша заңдылығы мен негізділігін тексерілетін шешімдерді шығарған сол соттар тексере алады. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгерілген немесе жаңа шешім шығарылған ұйғарымдарды, шешімдерді, қаулыларды қайта қарауды шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот жүргізеді. Сот билігінің жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша актілерді қайта қарауы-істі қарау сәтінде кездескен және оны шешу үшін елеулі маңызы бар жаңадан ашылған мән-жайлар аясында заңды күшіне енген сот қаулысының заңдылығы мен негізділігі тексерілетін сот процесінің айрықша сатысы. Сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қарай келіп , не арызды қанағаттандырады және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жояды, не қайта қараудан бас тартады. Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды қанағаттандыру туралы сот ұйғарымы шағым берілуге, наразылық келтіруге жатпайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет