Экологиялық құқық ұғымы. Экологиялық мәселелер.
Экологиялық құқық: ұғымы, пәні, қағидаттары және жүйесі.
Экологиялық мәселелер: түрлері, шешу жолдары.
«Экология» терминін ғылымға 1866 ж неміс биологы Эрнст Геккель енгізген. Экология- тірі организмдер мен қоршаған ортаның тығыз байланыста, қарым-қатынаста тіршілік етуі жайындағы ілім. Қоршаған орта- табиғи объектілердің, өзара қарым- қатынастағы атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда жиынтығы. Экологиялық мәселелердің шиеленісуіне байланысты адамзат тарапынан қоршаған ортаны қорғауды, яғни экологиялық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның , қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. Ал қоршаған ортаны қорғау- табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс- қимылына , қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиға ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
Эколгиялық құқықтық нысаны (объектісі) қоғам мен табиғаттың өзара байланысы барысында туындайтын қоғамдық қатынастар. Экологиялық құқықтың оқытатын пәні:
қоршаған табиғи ортаны қорғау;
табиғат байлықтарын тиімді пайдалану;
жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүддделерін қорғау барысындағы туындайтын қатынастарды оқытады.
Қағидат- құқықтық- нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола отырып, құқықтық реттеудің әдістерінің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі таңдағы экологиялық заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қөатынастардың дамуының объективті заңдылықтарын көрсетеді. Экологиялық құқықтың мынадай қағидаттарын көрсетуге болады:
адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Табиға ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық , ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау.
Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялықжолмен қатысуы;
Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Экологиялық құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялық мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, ҚР-ның экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экологиялық құқықтың пәні, әдістері, қағидаттары, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен басқару, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және экологиялық сараптама, экологиялық мониторинг және табиғи- қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады.
Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, өсімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық бұзушылық және жауаптылықтың эколгиялық – құқықтық тәртіптерін оқытады.
Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде , ғылы мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті. Екінші жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы және қоршаған ортаның, табиғи жүйелердің тозу қаупі туындап отыр. Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық, ұлттық және жергілікті экомәселелер қалыптасты. Жаһандық эколгиялық мәселелер: климаттың өзгеруі; озон қабатының бұзылуы; биоәртүрлікті сақтау; жердің шөлейттенуі мен тозуы.
Ұлттық эколгиялық мәселелер: Семей, Арал; Каспий теңізінің қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; су ресурстарының сарқылуы және ластануы; байырғы ластанулар; трансшекаралық сипаттағы мәселелер, әскери- ғарыш және сынақ кешендері полигондарының әсері.
Жергілікті экологиялық мәселелер: әуе бассейінінің ластануы; радиоактивті ластану; бактериологиялық және химиялық ластану; өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.
Әлемдік тәжірибе көрсететіндей , экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесін экологияландыру болып табылатынын көрсетті. Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурс үнемдейтін технологияларды дамыту және экологиялық « лас » өндірістің үлесін азайту, табиғат пайдаланудың , мемлекетттік экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесіноңтайландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзірленетін мемлекеттік,өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.
Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |