Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері



бет21/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Жеке еңбек шарты.

  1. Еңбек шартының ұғымы және тараптары.

  2. Еңбек шартын жасасу тәртібі және қолданылу мерзімі .

Еңбек шарты- қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін орындай отырып, белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген өзге де ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемінде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Еңбек шартының тараптары жұмыс беруші және қызметкер болып табылады. Жұмыс беруші қызметкермен еңбек қатынасында тұратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметкер жұмыс берушімен еңбек қатынасында тұратын және еңбек шарты бойынша тікелей жұмысты атқаратын жеке тұлға.


Тараптарға қатысты заңнама жасқа шек қоюды бекітті, осыған сәйкес 16 жасқа жеткен тұлға тарап болуы мүмкін, ал белгілі оқиғаларда 14 жастан және 14 жасқа дейін. Жұмыс беруші жұмысқа жаңадан келген жас қызметкерді ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыруға, техника, өрт қауіпсіздігі жөнінде жан-жақты нұсқау беруге, жасөспірімдерді дербес жұмысқа олар жұмыстың қаупсіз тәсілдерін игергеннен және жеке басын қорғау құралдарымен қамтамасыз еткеннен кейін ғана жіберіледі. Еңбек жағдайы зиянды және қауіпті өндірістерде, кәсіптерде, мамандықтар мен жұмыстарда, сондай-ақ ауыр заттарды қолмен көтерумен және жылжытумен байланысты жұмыстарда заңдарға сәйкес 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегін пайдалануға жол берілмейді.
Жеке еңбек шартының тараптары оны жасасу кезінде тең құқылы болады, екі тарап та өздеріне еңбек шартының тарабын таңдауға құқылы, екі тарап та міндеттерге ие болады, екі жақ та ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті. Алайда жеке еңбек шартына қол қойған соң бір тарап бағынысты рольді иеленсе, екінші жақ орындауға міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі дана етіп жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. ҚР-ның Еңбек кодексінің 28 бабына сәйкес еңбек шартында мыналар көрсетілуі тиіс:
1. тараптардың деректемелері:
-жұмыс беруші - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- жұмыс беруші –заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші –заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды;
2. белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
3. жұмыстың атқарылатын орны;
4. еңбек шартының мерзімі;
5. жұмыстың басталу күні;
6. жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі;
7. еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары;
8. егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және зиянды немесе қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер мен жеңілдіктер;
9. қызметкердің құқықтары мен міндеттері;
10. жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11. еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12. кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, оларды төлеу тәртібі;
13. сақтандыру жөніндегі талаптар;
14. тараптардың жауапкершілігі;
15. жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
Тараптардың келісімімен еңбек шартына ҚР-ның заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін. ҚР-ның еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелері жарамсыз деп танылады.
Еңбек шартында көрсетілген жұмыстың басталу күні қызметкердің еңбек міндеттерін орындауының басталуы деп есептеледі. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс беруші үш күн мерзімде қызметкерді актімен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен куәландырылады. Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің тиісінше расталған көшірмесін беруге міндетті. Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, онымен қауіпсіздік техникасына, еңбек тазалығы мен өртке қарсы ережелер мен еңбекті қорғауға қатысты өзге де ережелерге қатысты алдын-ала нұсқаулық өткізуге міндетті. Кейбір азаматтар санаттары жұмысқа қабылданар алдында медициналық тексеруден өтуге міндетті. Бұл тұлғаларға мыналар жатады:

  • 18 жасқа толмаған жасөспірімдер;

  • Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарға қабылданатын тұлғалар;

  • Қызметкерден ерекше психо-физиологиялық қасиеттерді талап ететін жұмыстарға қабылданатындар (мысалы, ұшқыштар, жүргізушілер, машинистер);

  • Қоғамдық тамақтандыру орындарына, балаларды, науқастарды күту үшін жұмысқа қабылданатындар.

Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (16 жасқа толмағандар үшін тууы туралы куәлік);
2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
3) тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
5) әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін);
6) алдын-ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (ҚР заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін);
7) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктердің көшірмелері қажет.
Жұмыс беруші басқа құжаттарды талап етуге құқылы емес. Еңбек кітапшасы бар болған жағдайда жұмыс берушіде 5 күннен көп істеген қызметкерлердің
өтінішімен жүргізіледі. Еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады. Ол қызметкердің еңбек стажын, атқарған жұмысының сипаты мен мерзімдерін, қызметтен босатылуының себептерін көрсетеді және оның жасы, білімі, кәсібі туралы мәліметтерден тұрады. Еңбек кітапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептері туралы жазбалар Еңбек Кодексінің нормаларын көрсете отырып жүргізілуі тиіс. Еңбек кітапшасына ешбір түзетулер, сызулар енгізілмеуі тиіс.
ҚР заңнамасына сәйкес қызметкердің іскерлік қабілетімен байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға сәйкес жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тартуға тиым салынады. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына , тіліне, мүлік және қызмет жағдайына, дінге көзқарасына т.б. мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алға тиіс емес.
Еңбек шарты:
1. алдау, күш көрсету, қауіп төндіру арқылы ықпал етіп;
2. нақты немесе заңды салдар туғызу ниетінсіз (жалған еңбек шарты);
3. әрекетке қабілетсіз деп танылған адаммен;
4. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда 14 жасқа толмаған адаммен;
5. ата-анасының біреуінің , қамқоршысының, асырап алушысының келісімінсіз, 16 жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда сот оны жарамсыз деп таниды.
Жеке еңбек шарты келесі мерзімдерге жасалуы мүмкін:
1. Белгіленбеген мерзімге. Шарттың әрекет етуінің бастапқы мерзімі көрсетіледі, бірақ оның күші қашан аяқталатыны көрсетілмейді.
2. Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге. Белгіленген мерзімнің белгіленбеген мерзімнен басты айырмашылығы- жеке еңбек шартының аяқталу мерзімінің нақты көрсетілуінде. Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі.
3. Белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына. Мұндай шарттар жұмыстың аяқталу уақытын нақты анықтау мүмкін болмаған кезде (мысалы, құрылыстың аяқталатын күні) жасалады.
4. Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына. Жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасасқан жеке еңбек шарты аяқталу мерзімі көрсетіле отырып немесе мерзімі көрсетілмей де жасалуы мүмкін, алайда кез-келген жағдайда жеке еңбек шартында еңбек қатынастарының жұмыста уақытша болмаған қызметкердің жұмысқа шығуымен тоқтатылатыны көрсетіліп өтуі тиіс. Қызметкер ауруына, баланы күтумен байланысты еңбек демалысында болуына, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауына және т.б. байланысты жұмыста уақытша болмауы мүмкін. Уақытша болмаған қызметкер қайтып келген жағдайда қызметтен босатылған тұлғаға жұмыс беруші өзара келісімнің негізінде басқа жұмысты ұсынуы мүмкін.
5. Маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін. Маусымдық жұмыстарға қабылдау кезінде жеке еңбек шарты белгілі бір маусымға қатысты жасалады. Маусымдық жұмыстар ретінде табиғи және климаттық жағдайларға орай жылдың белгілі бір кезеңінде орындалатын, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын жұмыстар танылады. Маусымдық жұмысқа ағаш отырғызу, көпір жөндеу, қар жинау, көкөністер мен жемістер жинау, ағаш дайындау, балық аулау т.б. жұмыстар кіреді.
Маусымдық қызметкерлер- бұлар табиғат және климат жағдайларына байланысты бүкіл жыл бойына істеле бермейтін ұзақтығы алты айдан аспайтын белгілі бір кезең (маусым) ішінде жұмыс атқаратын қызметкерлер.
Үй қызметкерлері. Үй шаруашылығында жұмыс істеуге (қызмет көрсетуге) жеке еңбек шартын жасасқан қызметкерлер үй қызметкерлері деп танылады. Үй қызметкерлері бала бағушы, жүргізуші, мал бағушы, бағбан т.с.с жұмыстарды атқарады.
Үйінде жұмыс істейтін қызметкерлер. Олар орындайтын жұмысты, не атқаратын қызметті кәсіпорын, мекеме , ұйымның аумағында емес, өз үйлерінде орындайды. Бұл қызметкерлер жұмысты өз еңбегімен өзінің материалдарымен не жұмыс берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандарды, тетіктерді пайдалана отырып істейді.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегі. Қызметкерлердің тұрақты тұрғылықты жеріне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, олардың тұрақты тұрғылықты жерінен басқа жерде еңбек процесін ұйымдастырудың түрін вахталық әдіспен атқарылатын жұмыс дейді. Жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерге қажетті еңбек жағдайларын жасап, яғни жұмыс жүргізу объектісінде болған кезеңде оларды тұрғын үймен, жұмыс орнына апарып, алып қайтатын көлікпен және жұмыстарды орындау мен ауысым арасында демалу үшін жағдайлар жасауға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет