Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері



бет17/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

ҚР-ның прокуратурасы- Республика аумағында заңдардың, ҚР-сы Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР-сы Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган.
Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету, адамның және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында,ҚР-сы Конституциясының, заңдарының, ҚР-сы Президентінің Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:

  1. ҚР-сы Конституциясының, заңдарының, ҚР-сы Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады.

  2. жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.

  3. Сотта мемлекет мүддесін білдіреді

  4. ҚР-сы Конституциясына, заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды.

  5. Заңда белгіленген тәптіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

  6. Статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

ҚР-ның прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура,
облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық,қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
ҚР-сы қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементтерінің бірі ұлттық қауіпсіздік органдары болып табылады. «ҚР-ның Ұлттық Қауіпсіздік органдары туралы» ҚР-ның 21.12.1995 ж заңына сәйкес Ұлттық Қауіпсіздік органдары- Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған ҚР-ның Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар. Мемлекеттік органдар жүйесінде ҰҚО-ның дербес орны бар, тек ҚР-ның Президентіне тікелей бағынады.
ҰҚО-ның міндеттері:
1.Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруға қатысу
2.ҚР-ның мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу
3.Шетел мемлекеттері арнайы қызметтері мен ұйымдарының , сондай-ақ жекелеген адамдардың ҚР-ның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметін анықтау, алдын алу және тыю.
4.ҚР-ның конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметті анықтау, алдын алу және тыю.
5.Заңмен ҰҚК-ті органдарының жүргізуіне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу
6.ҚР-ның Президентін , ҚР-ның мемлекеттік органдарын , қарулы күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларын бейбіт кезде және соғыс уақытында үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету
7.ҚР-ның мемлекеттік органдарында, ұйымдарда, қарулы күштерде , басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру
8.ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзетуді және қорғауды ұйымдастыру.
ҚР-ның 21.12.1995 ж Заңының 7 бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

  1. Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  2. Оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер

  3. ҰҚК жанындағы үкіметтік байланыс органы

  4. ҰҚК «Барлау» қызметі

  5. ҰҚК-нің облыстар, республикалық маңызы бар қала мен ҚР астанасы бойынша аумақтық органдары және оларға бағынысты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер)

  6. Әскери қарсы барлау органы

  7. ҰҚК әскерлері

  8. Арнаулы мақсаттағы бөлімшелер

  9. Оқу орындары

  10. Ғылыми-зерттеу мекемелері

  11. Өзге де ұйымдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет