Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Құқық қорғау қызметі және құқық қорғау органдары



бет16/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Құқық қорғау қызметі және құқық қорғау органдары

  1. Құқық қорғау қызметінің ұғымы және белгілері

  2. Құқық қорғау органдары: жалпы сипаттамасы және жүйесі



Мемлекет пен оның органдарының қызметінде басым бағыттардың бірі ретінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз етуге, қазакстандық коғам мен мемлекеттің тұрақты әрі дәйекті дамуын халықаралық аренада Қазақстанның қызметін Құқықтық қамтамасыз етуте бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыру орын алатыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп айқын жазылған. Бұл мемлекеттің мемлекеттік және өзге де органдар атынан өз қызметін құқықтық нормалар, Заңның үстемдігін қамтамасыз ету, жеке адамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекет пен азамат арасында өзара заң жауапкершілігін белгілеу негізінде жүзеге асыратынын айғақтайды.
Құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз етумен арнаулы органдар тобы айналысады. Оларды құқық тәртібін қорғау органдары, яғни ҚР Конституциясымен, баска да заңнамалық және құқықтық ұйғарымдармен жалпы мемлекеттің өмірі мен қызмет тәртібін күзетуге арналған органдар деп атайды.
Құқық тәртібін қорғау органдары ұғымына құқық қорғау органдары ұғымы өте жақын келеді. Бұл ұғымдар өте ұқсас, бірақ бірдей емес. Олар білдіретін органдар тобы сай келмейді. Құқық тәртібін қорғау органдарының барлығы бірдей құқық қорғау деп есептелмейді. Дәл осылайша Құқық қорғау қатарына кейбір құқық тәртібін қорғау органдарын жатқызуға болмайды.
Кейбір авторлар құқық қорғау қызметі ұғымын кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада - бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, олардың іске асырылуын, заңдылығы мен құқық тәртібін қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік органдардың қызметі. Тар мағынасында - бұл сол немесе өзге органның құзыретіне сәйкес заннамада белгіленген нысанда жүзеге асырылатын бұзушылықтардан құқықтық қорғау жөніндегі арнайы уәкілетті органның қызметі.
ҚР заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері бар:
- біріншіден, құқық қорғау қызметі әртүрлі қылмыстың түрлері бойынша мәжбүрлеу және өндіру сияқты заңдық ықпал ету шаралар қолдана отырып, тек заңның негізінде жүзеге асырылады.
Бұл жерде құқыққа карсы әрекеттердің алдын алу шаралары ерекше орын алады;

  • екіншіден, қолданылатын заңдық ыкпал ету шаралары заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге қатаң сәйкес келуге тиіс;

  • үшіншіден, құқық қорғау қызметі заңның негізінде белгілі бір рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады. Мысалы, қылмыс жасағаны үшін ешқандай жаза алдын ала қаралмастан қолданылмайды.

  • Төртіншіден, құқық қорғау қызметін іске асыру сауатты және дайындалған қызметкерлерден тұратын арнаулы және уәкілетті мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Айтылғандарды ескере отырып, құқық қорғау қызметі ұғымын айқындауға болады - бұл зандылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, коғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, занда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын (соның ішінде мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары) қолдану арқылы жүзеге асырылатын қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің оның арнаулы уәкілетті органы атынан жүзеге асырылатын қызметі.
Өз мазмұны бойынша құқық қорғау қызметі күрделі болып табылады. Оның көп жоспарлығы осы мемлекеттік қызмет түрінің негізгі бағыттарымен мазмұны айқындалатын әлеуметтік функциялардың әр түрлігіне қатысты айқындалады. Мұндай бағыттардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • конституциялық бақылау;

  • сот төрелігі;

  • соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;

  • прокурорлық қадағалау;

  • қылмыстарды анықтау және тергеу;

- заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау;
Осы бағыттардың әркайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған; ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтык, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою, қылмыс жасаған кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу, сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау, кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелерге кол жеткізу, ең аяғында, нақты функцияларды іске асыру процесінде пайдаланылатын әдістердің әртүрлігі мен өзгешелігіне қарамастан, құқық қорғау қызметінің жоғарыда аталған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.


Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарын (функцияларын) орындау үшін нақты құқық қорғау органдары жұмыс істейді. Заң ғылымында құқық қорғау органдарының тобы туралы бірдей пікір жоқ: біреулері олардың қатарын көбейтіп, ал екіншілері азайтып көрсетеді.
Құқық қорғау қызметінің анықтамасын, онын функцияларының (бағыттарының) сипаттамасын және калыптасқан тәжірибені ескере отырып, құқық қорғау органдарына мыналарды жатқызуға болады:

  • соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар (ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және оның облыстардағы, Астана мен Алматы калаларындағы әкімшілері);

  • прокуратура органдары;

  • қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар (ҚР ІІМ. ҰҚК, ӘдМ, Қаржы полициясы агенттігінің кейбір алдын ала тергеу және анықтау органдары);

  • құқықтык қөмек пен құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін органдар (адвокатура, нотариат).

Соттар (аудандық және оларға теңестірілгендер, облыстық және оларға теңестірілгендер, ҚР Жоғарғы Соты) бізше, құқық қорғау органдарына жатады.
ҚР Конституциясына, ҚР-сы Президентінің «ҚР-ның ішкі істер органдары туралы » 1995 ж 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығына және оларға қайшы келмейтін басқа да нормативтік актілерге сәйкес ішкі істер органдары «ҚР-ның заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады » («Ішкі істер органдары туралы» Жарлықтың 1-бабы)
Аталған Жарлықтың 2-бабына сәйкес ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
1.қоғамдық тәртіпті қорғау мен қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
2,қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру
3.заңдарда белгіленген өздерінің құзіреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;
4 ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды және әкімшілік өндіріп алуларды орындау;
5.Кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;
6.Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
7.Мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, терроризм актілерінің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
8.Паспорт және виза беру жұмыстарын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардң ҚР-ның аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;
9.Соғыс уақытында ҚР-ның аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттердә орындау;
10. Ішкі істер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
Өзге міндеттер ішкі істер органдарына тек заңмен ғана жүктелуі мүмкін. Көрсетілген міндеттерді ішкі істер органдары заңдылық, дара басшылық, ішкі істер органдары жүйесінің бірлігі, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттары негізінде шешеді,
Ішкі істер органдары жүйесін:
1.ҚР-ның Ішкі істер министрлігі
2.Оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер
3.Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының оған бағынатын ішкі істер басқармалары; қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік ішкі істер органдары;
4.Көліктегі, желілік ішкі істер органдары
5.Ішкі әскелер
6.Оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет