Құқық ұғымы, мәні және ерекшеліктері. Құқық ұғымы, белгілері


Қылмыстық құқық ұғымы, міндеттері мен қағидалары



бет13/29
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#89178
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Құқық ұғымы

Қылмыстық құқық ұғымы, міндеттері мен қағидалары.



  1. Қылмыстық құқықтың ұғымы

  2. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидалары.

  3. Қылмыстық-құқықтық норманың құрылымы

ҚР-ның қылмыстық құқығы-ҚР құқықтық жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаларын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады.


Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құұзыретті органдары жатады. Аталған субъектілердің өзара құқықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды.
Қылмыстық құқықтың жүйесі жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен қағидаларын, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ сотталғандарды түзеу ісіне қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Жалпы бөлімнің нормалары өзара да Ерекше бөлімнің нормаларымен де тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР-ның конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам , қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.


Сонымен, қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады:

  1. Қорғау- қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық әрекеттердің шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды.ъ

  2. Алдын-алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу , оны болдырмайдың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының алдын алу. Бұл мақсаттар әртүрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.

  3. Тәрбиелік. Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады.

Қылмыстық құқықтың қағидалары- қылмыстық құқық басшылыққа
алатын оның институттары мен нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастаулар.Қылмыстық құқықтың басты қағидалары мыналар:

  1. Заңдылық қағидасы. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Ешкім де соттың үкімінсіз , яғнм и әаңға қайшы жолмен кінәлі деп танылмайды. Қылмыстық заң нормасын ұқсастығы бойынша қолбдануға тиым салынады.

  2. Заң алдында азаматтардың теңдігі. Ол адамның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына , жынысына, нәсіліне . ұлтына , тіліне, дінге көзқарасына қарамай қылмыстық заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді. ҚР Конституциясының 14 бабында «заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»деп атнылған.

  3. Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауаптылыққа тарту қағидасы.

  4. Жеке жауапкершілік қағидасы . Қылмыс жасағаны үшін заңды тұлғалардың емес, тек қана жек тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын көрсетеді.

  5. Әділеттілік қағидасы. Объективті, жеткілікті, заңға сәйкес мәліметтерге сүйене отырып қана қылмыстық жауапқа тартуға болады.

  6. Демократизм қағидасы. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілды жүргізу, сотталушыларды егер қажет етсе аудармашының, қорғаушының көмегімен қамтамасыз ету демократизм қағидасының көрінісі болып табылады.

  7. Гуманизм қағидасы (Ізгілік ) адамды адам,кісі ретіндетану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидасына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.

  8. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қолдану. Мемлекет қылмыстық қудалауды қылмыс жасаушыны түзеудің басқа жолы қалмағанда қолдауға шарасыздан барады.

  9. Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы.

  10. Интернационализм қағидасы ұлттық теңдікті бұзғаны үшін басқа мемлекеттің мүддесіне , халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

Қылмыстық құқықтық норма үш элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция, санкция.
Диспозиция мінез-құлық ережелерін немесе соған байланысты белгіленген талаптарды бейнелейді.
Гипотеза-норманы іске асыру үшін қойылатын талап.
Санкция- дисрозицияда көрсетілген талаптарды орындамаудан туатын салдар. Гипотеза-«егер», диспозиция -«онда», санкция-«әйтпесе» дегенді білдіреді.
Диспозиция норманың қылмыстық іс-әрекет немесе әрекетсіздіктің анықтамасы немесе сипаттамасы берілетін бөлігі. Оның төрт түрі бар:

  1. Қарапайым түрінде қылмыс белгілері көрсетілмейді. Мысалы, адамды ұрлау

  2. Сипаттаушы диспозицияда қылмыстық әрекеттің белгілері көрініс табады. Мысалы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.

  3. Сілтемелі түрінде сол қылмыстың белгілерін сипаттаған бапқа не оның бір бөлігіне сілтеме жасайды. Мысалы, 106 бап ұрып-соғу

  4. Бланкетті түрі, яғни қылмыстық кодекстің құрамына кірмейтін басқа ереже, нұсқаулардың нормаларына сілтеме жасайтын диспозиция. Мысалы, 259 бап. Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу

Санкцияның да төрт түрі бар:

  1. Барынша айқын- тек айқын жазаны не нақты мөлшерді көрсетеді. Мысалы, ату жазасы, 15 жыл бас бостандығынан айыру

  2. Біршама айқын- жазаның төменгі және жоғарғы шегін көрсетеді. Мысалы, бас бостандығынан айыру 5 жылға дейін

  3. Альтернативті- бірнеше жаза түрлері мен мөлшері қатар тізбектеліп беріледі.

  4. Сілтемелі- Кодекстің басқа бабына жүгінуге шақырады.

Қылмыстық заң қабылданған соң, егер заңның өзінде күшіне енетін уақыты көрсетілмесе, баспасөз бетінде ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң заңды күшіне енеді. Қылмыстық заң жаңа заң қабылданып, ескі заңның күші жойылды деп танылғанда, не заңда жаңасының ескісінің орнына қабылданғаны жөнінде ескертпе болғанда немесе қолданылып жүрген заңның онда көрсетілген уақыты өтуіне байланысты заңдық күшін жояды.
Қабылданған жаңа заңның екі жағдайда:

  1. Егер әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын болса

  2. Егер жауаптылықты жеңілдететін болса, кері күші болады. Қылмыстық заңның кері күші жазасын өтеп жүргендерге де, соттылығы барларға да қолданылады.

ҚР Конституциясының 77- бабында «жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетеін, азаматтарға жаңа міндемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды »,-деп қадап көрсетілген. ҚР аумағында қылмыс жасаған адамдарға ҚР ҚК қолданылады. ҚР аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет ҚР аумағында жасалған деп танылады. Жасалған жеріне байланысты жауапқа тарту қылмыстық жауаптылықтың аумақтық принципі деп аталады. Мемлекеттік аумақ принципі халықаралық және мемлекеттік құқық нормаларымен бекітіледі.
Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасап, ҚР аумағында жүрген ҚР азаматы халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, басқа мемлекетке берілмеуі тиіс. ҚР аумағында жүрген басқа мемлекетте қылмыс жасаған шет елдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар сол мемлекетке ҚР халықаралық шарттарына сәйкес ұстап берілуі мүмкін.
ҚР заңы бойынша жауапқа тартылмайтын шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен иммунитетті пайдаланатын өзге азаматтардың ҚР аумағындағы қылмысы үшін жауаптылық халықаралық жолмен шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет